5 в 020500 «Филология: қазақ тілі», 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Жалпы тіл білімі»



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,5 Mb.
#30174
1   2   3

Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі.

2. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков).

Бақылау сұрақтары:

1.Тілдік одақ дегеніміз не?

2. Ностратикалық тілдер жайлы не білесің?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996

2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975



3 Тәжірибелік сабақтар
1 тақырыбы: Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны,мақсаты, міндеттері
Мақсаты: Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы жайлы түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

Тіл білімі салалары: Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.



Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?

2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001

2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974

3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


2 тақырыбы:.Қазіргі заман тіл біліміндегі салалар.
Мақсаты: Лингвистиканың объектісі мен салалары. Лингвистиканың объектісі – адамдардың дыбысты тілі жайлы айту.

Әдістемелік нұсқаулар:Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын да жан-жақты зерттейді. Дыбысты тіл – күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен, бір бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Лингвистикада тіл білімін жеке тіл білімі және жалпы тіл білімі деп екіге бөледі. Жеке тіл білімі сол тілдің немесе туыстас тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі немесе түркітану т.б.Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін саласы – жалпы тіл білімі деп аталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Лингвистиканың объектісі мен салаларына не жатады?

2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001

2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974

3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


3тақырыбы: Ежелгі Қытай лингвистикасы.
Мақсаты: Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Қытай – мәдениеті ғылыми ой – пікірі ерте дамыған, дүниежүзілік өркениетке зор үлесқосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескеркіштері біздің заманнан ХV ғасыр бұрын пайда болған.

Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі – қытайша « Эрья» деп аталатын сөздік.



Бақылау сұрақтары:

1. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата?

2. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?

3. «Эрья сөздігінің » ерекшелігі?



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Амирова, Ольховиков Б. А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики –М., 1975.

2.Березин М. История лингвистических учении. –М., 1975.

Методы лингвистических исследовании. –М., 1973.

3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. –А., 1985.
4 тақырыбы: Ежелгі Үнді тіл білімі.

Мақсаты: Студенттерге көне үнді тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру

Әдістемелік нұсқаулар: Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған « Веда » деп аталатын кітаптары болған.VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Көне үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер.

2. Яски мен Панини еңбектері.

3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М.,1975.

2. М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975

3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
5 тақырыбы: Ежелгі Грек тіл білімі.

Мақсаты: Лингвистика ғылымына Грек тіл білімінің әсері жайлы айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі дәуір лингвистиккасының тағы бір Отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой –пікір бүкіл Европа лингвистикасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді.

Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталады.

Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырушылық бар. Оның бірі- философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең деп аталады. Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема – грамматика мәселелері.

Бақылыу сұрақтары:

1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?

2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?

3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

  2. Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. -М.2001

3. Теоретическое проблемы языкознание. «Наука», Москва , 1970ж
6 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі.
Мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.

Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі – әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады.Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет – парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят – хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады.



Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?,

2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды?

3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік бағыттар?



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975.

2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975

Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі А 2001

3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.
7 тақырыбы: Араб тіл білімі.

Мақсаты: Араб тіл білімінің дамуын, оның жалпы тіл білімінде алатын орнын, грамматикалық жүйесінен мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?

2. Араб тіл білімінің өкілдері?

3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС, М. 2001

8 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.



Мақсаты: Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемаларын ашып көрсету

Әдістемелік нұсқаулар:Қайта өркендеу дәуірі ХV- XVI ғ арасын қамтиды. Бұл –қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезеңі. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой – пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды.

Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары – логик, философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ Колод Лансле екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен ағарту істерінің орталығы болған Пор – Рояль монастынрының ғалымдары болғандықтан және сол монастырда шыққандықтан, оны «Пор – Рояль грамматикасы » деп те, « Рационалды жалпы грамматика» деп атайды.

Тіл білімінің міндеті – барлық тілдерді бір ған грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі?

2 Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары

3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын?



Пайдаланған әдебиеттер

1.Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі А 2001

4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974.
Бақылау сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:
9 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.
Мақсаты: Мұның көздейтін мақсаты тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдарды студенттерге меңгерту. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңіне көңіл бөліп, көздеген мақсатқа жету.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.

1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі — неміс ғалымы Якоб Гримм, Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.

Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар.



Бақылау сұрақтары:

1.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз.

2. Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді?

3.Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дегеніміз не?



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975

  2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975

  3. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983

10 тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.



Мақсаты: ХІХ ғасыр лингвистикасындағы ағымдардың даму жолдары көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт – психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі

психолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті лингвистердің көбі осы бағытты жақтады.Жас грамматикалық бағыт 70 жылдарынан бастап қалыптасты. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұл Қазан қаласындағы университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, Қазан университетінің профессоры Иван Алексанрович Бодуэн де Куртенэ. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды.



Бақылаусұрақтары:

1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?

2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?

3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?

4. Мәскеу лингвистикалық мектебі?

Пайдаланған әдебиеттер

1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. «Ваклер», М 2001

4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.
11 тақырыбы: XX ғасыр тіл білімі

Мақсаты: XX ғасыр тіл білімі туралы толық мәліметтер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).

20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).

Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.

Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған.



Бақылау сұрақтары:

1.Сөздер мен заттар мектебінің ұстанымы қандай?

2. Эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?

3.Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы неден байқалады?

4. Социологиялық мектеп қалай пайда болды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Амирова, Б А Альхова, ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975

2. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

3. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.


12 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.

Мақсаты: Студенттерге кеңес тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазіргі қазақ тіл білімімен байланыстыру;

Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Кеңес тіл білімі дүние жүзілік лингвистикада бірінші болып ұлт тілі , ұлт тілдерінің болашағы , олардың өзара қарым –қатынасы , бір –біріне тигізетін әсері тәріздес күрделі проблемаларды зерттеуде де елеулі табыстарға жетті.

Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт кеңес тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді.



Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде?

4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар?

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. «Очерки по истории лингвистики» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж


13 тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.

Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.

Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі. Тіл білімі және психология. Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбытлыстар. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?

2. Тіл мен ойлаудың қатынасы неден көрінеді?

3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

2. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

14 тақырыбы: Тіл теориясы.

Мақсаты: Тіл теориясы жайлы жан-жақты мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден – бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі», «Табиғат диалектикасы» атты зерттеулерінен табуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің қызметіне не жатады?

2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?

3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.

5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974
15 тақырыбы: Тіл және қоғам.

Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.

Әдістемелік нұсқаулар: Қоғамдық құбылыстардың барлығы да қоғамға қызмет етеді, қоғамдық қажеттікті өтейді.Қоғамдық қызметтерінің сипатына қарай әр қоғамдық құбылыстың өзіне ғана тән өзгешелігі болады.Сондай өзгешелік тілде де бар.

Басқа қоғамдық құбылыстар қоғамға қызмет еткенде, тек белгілі бір салада, бір бағытта ғана қызмет етеді.Мысалы, базис қоғамға экономика тұрғысынан, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, ал, тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам мүшелерінің барлық ісімен де тікелей байланысты.Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Бұл – тілдің өзіндік мәні, басқа қоғамдық құбылыстардан елеулі өзгешелігі. Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі – қоғамдық сананы білдіретіндігі.Тіл қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгеріс- құбылыстар, белгілі мөлшерде тілде де әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады.Тіл



Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің қызметіне не жатады?

2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?

3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.



5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


СӨЖ

Тексеру формасы.

1. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.


Жаттығу жұмыстары

2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.

Конспект

3.Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.

Реферат

4. Грек тіл білімі.


Реферат

5. ХІ ғ. еңбек «Диуани лұғат-ат-түрік» -арабша сөздігінің маңызы.

Конспект

6. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.

Реферат

7. Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы.

Конспект

8. XIX ғ.ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Реферат

9. Типологиялық зерттеу.

Жаттығу жұмыстары, конспект

10.Москва және Қазан лингвистикалық мектебі

Реферат

11.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Неолингвизм.

Реферат

12. Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

Реферат

13. Тіл және сөйлеу.

Конспект

14. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы.Тілдік мағына.

Конспект

15. Тілдің таңбалық сипаты.

Конспект

16. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты.

Конспект

17. Тілдің даму заңдылығы.

Слайд

18. Тілдің әр саласының даму ерекшеліктері.

Реферат

19. Тіл білімінің зерттеу методтары.

Конспект

20. Тілдік одақ.

Конспект


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары


1.

Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.

2.

Ежелгі дәуір лингвистикасы.


3.

Үндістан тіл білімі туралы пікірлер.

4.

Рим тіл білімі.


5.

Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулері.

6.

Араб грамматикасы

7.

Универсал грамматика.

8.

Салыстырмалы –тарихи тіл білімінің бастауы

9.

Тіл философиясы.

10.

Жас грамматикалық бағыт.

11.

Социологиялық мектеп. Структуралық мектеп.

12.

Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.

13.

Билингвизм.

14.

Әлемдік тілдер.

15

Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл.


ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:

1 Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001

2 Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

3 Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. А., 2000

4 Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.А.1985

Қосымша әдебиеттер

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов.Общее языкознание. М.,1974



4. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975

5. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет