5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет3/13
Дата19.10.2019
өлшемі335,97 Kb.
#50266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
66a8ce0d-35a6-11e3-9d7d-f6d299da70eeПроблемы методики- метод. материалы№1


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

  2. Ахмет Байтұрсынұлының жазған «Тіл құралы» еңбегі


Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
5 Дәріс: Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері

Мақсаты: Жұмабаев Мағжанның әдістемелік еңбектері туралы мағлұмат беру

Жоспар:


  1. Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым.

  2. Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» атты ғылыми еңбегі жайлы.

3. М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық.

Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы , әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М.Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: «Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адсқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы » іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал».

Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт – бағдарын былайша аңғартады: « Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғылымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым » («Педагогика», Алматы, 1922 ). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегінтолық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу – еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған , елең еткізер туынды екені анық.

Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: «дене тәрбиесі, жан тәрбиесі , ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі». Расында да, адам баласыныңкемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының жақсы болуы шарт. Олүшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. «Жан тәрбиесі» деген атаудың өзінің мән мағынасы терең. Адам жанының тереңде таза болуы – болашағының жарқын болуынын кепілі. Жан адалдығына аса мән берген ақын оның отбасындағы, мектеп қабырғасындағы тәрбиелену жолдарына да ерекше дн қояды. Психологиядағы жан көріністері – ақыл, ішкі сезім дүниесі, қайрат туралы М.Жұмабаев толғана баяндайды.

Баланың әсерленуі, ойлануы, эмоциялық толғаныстарының өзіндік ерекшелігін, ересек адамның ойлануымен салыстыраотырып зерделейді. «Баланың жаністері бір-бірімен берік байланған болады,бір-бірімен берікжүреді. Баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі. Сезімі мен қайраты ббәрі бір іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін бірі тізгіндей білмейді», - деген байлам жасайды автор. Жас сәбидің бір нәрсеге ұмтылуы оның ақылының, сезімінің, жанының, денесінің, қайратының бірдей күш жұмсауы арқылы болатынын айта келіп, бала шақта алынған әсердің өмір бойы естен шықпауының мәнісін ғылыми тұрғыда ашып береді.

Осылайша сәби жанының ерекше белгілері мен қасиеттерін анықтай отырып, тәрбиенің негізгі сипаттары мен мазмұнының қалай жүзеге асуы керек екенінің нақты жолдарынбелгілейді. « Жас бала- жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қайтып алмақ» - деп түйін жасайды ақын – ғалым.

Мағжан жұмабаев тәрбие түрлерінің осындай басты – басты маңызды сипаттарына тоқталып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын, жақындығын түсіндіреді. Егер адам баласына аталған тәрбие түрлерінің барлығы түгел бірлесе , оның жалпы білімі мен тәрбиесі жақсы болатынын тәптіштей айтады. «Егер де ол ыстық, суық, аштық, жаңалаштық сияқты тұрмыста жиі ұшырайтын күштері елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз , сиқырлы әуен,әдемі түрденләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын »- деп тілек етеді.

Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшаң-теңіз. «Ұлт тәрбиесі – бяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуғв тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» -деп жазады ақын.

Мағжан Жұмабаев қазақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі ұлттық менталитетке сай қалыптасқан тәрбие желісін қастерлей отырып, оны да замманның талабына сәйкес електен өткізуге, сөйтіп барып қабылдауға болатынын ескертеді. Қазақ ауылында талай зиянды әдеттер барында жасырмайды. Оқыған зиялы азамат ретінде бүгінгі бала тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, оның ғылыми тұрғыда зерделеніп, педагогикалық шеберліктің ұшталу мәселелерінде ден қояды.

Тәрбиеші, тәрбие, тәлім – кең ұғым ретінде қарастырылады. Адам баласы жер бетінде өмір сүретіндіктен тәрбиенің негізгі мақсатыжеке адамды ғана тәрбиелеп қою емес, сол арқылы ұлттың бақыты одан әрі адамзат бақытымен байланыстырылады. Адам баласының тәрбиеге мұқтаждығы көрсетіледі. Ғылыми – педагогика негіздеріне сүйене отырып, бала тәрбиелеудің өзінің бір өнер екенін, оның қыры мен сырының мол екенін тұжырымдайды.

М.Жұмабаев педагогика ғылымы негіздеріне талдау жасап, оны адамның өз тәжірибесі, халық педагогикасы және бүкіл адамзат қауымы топтаған ғылыми тексерілген заңдылықтар құрайды дей отырып, педагогика ғылымының салаларын, оның өзге салалармен байланысын анықтайды.

Кітаптың «Жалпы педагогика» деп аталатын бөлімінде: тәрбие, дене тәрбиесә және жан тәрбиесінен құралады дей келіп, баланың туған күнінен бастап тәрбиеленудегі маңызды мәселелерге тоқталады. Оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселелерге мән береді. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы кейбір ата аналардың бала тәрбиесіндегі іс-шараларын жөнінде олардың дұрыс орындалуына маңызды кеңестер береді. Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше назар аударады. Көрсетілген еңбегінде автор мектеп жасына дейінгі баланың өсу жолдарында жасалатын тәрбиелік шараларға мән береді.

М.Жұмабаев аталған бөлімде «психология» деген сөзді «жан тілі » деп аударып, психологияны «жан туралы пән» деп айтады. «Баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай ақ, оның істегі көріністерін жақсы тексеру жетеді» деп есептейді.

Жан көріністерін ақыл және ішкі сезім деп бөледі, жан тұрмысының бірлігін дәріптейді. Адамның бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауды іскерлік, суреттеу, тұқымдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ойдан шығару, тіл т.б туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, өзіндік тұжырымдар береді.

Ұлы ақынның әдістемелік еңбектеріпсихологиялық жағынанерекше көңіл аудартады. Мәселен, оның қазақ мектептерінде оқу құралдарын қалай жазу керектігі туралы жазған «Жазалмақ оқу құралдарыһәм мектебіміз» атты мақаласы 1921 жылы «Бостандық туы» атты газетінде басылып шығады. Жарияланған мақаладаоқу құралының зәрулігі, мектептердің қажеттілігі жөнінде сөз қозғалады.

1923 жылы М.Жұмабаевтың «Бастауыш мектепте ана тілі» еңбегі жарияланды. Оның бұл еңбегі жан – жақты ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерді қарастырады.

1. Бастауыш мектептің міндеті.

2. Еңбек мектебінің міндеті;

3. Төрт жылдық бастауыш мектеп міндеттері анықталады.

Ақын зерттеуші ана тілінің мектпете оқытылуына көңіл бөліп, ана тілі сабағының мақсата мен міндеттерін көрсетіп береді. Сондай ақ, оқытудың сабақтан басқа түрлерін де тоқталады.

Мағжан Жұмабаев ескі мектеп сипаты мен жаңа мектепті салыстырып, оның ерекшеліктерін сөз етеді.Ескі мектептің жағдайын сынай отырып, жаңа мектептің берерін де терең талдайды. Халық ағарту ісінің озық ойдың жемісі екенін әңгімеге өзек етеді.

Өзінің педагогикалық еңбегінде ақын оқушы жүрегіне, ең алдымен, нақты бейне, сурет сала білу керек деп кеңес береді.

Қазақ тіліндегі педагогикалық терминдердің жасалуы ақын М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Оның «педагогика» еңбегіне енген «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны», «Баланың тілі» атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны сөзсіз. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшін әртүрлі салада зерттеулер азуы осының айғағы.

М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің де астары терең. Сондықтан оны оқып – білудің жастар үшін, ұстаздар үшін мәні ерекше.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Мағжан Жұабаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

  2. Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» атты ғылыми еңбегі жайлы не білесің?

  3. М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындығы қандай?


Әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші

  2. Жұмабаев М. Педагогика

3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.

6 Дәріс: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері.

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Аймауытов Жүсіпбек – көркем сөз шебері, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым.

  2. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әдет заңы » атты мақаласы

Қазақ ойының биігін танытатын замана суреткері Жүсіпбек Аймауытов тек көркем сөз шебері ғана емес, қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың жай жапсырын айтқан, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым да. Халық ағарту жүйесінде ұзақ уақыт еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытов жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. Автордың 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арнап жазған «Тәрбиеге жетекші», 1926 жылы Орынборда жарық көрген өнер таңдау ,1929 жылы Қызылордада басылып шыққан « Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» атты кітаптары кезінде педагогикалық оқу орындарында оқулық қызметінде қолданылған. Ал педагогика мен психологияғылымдары терминологиясының ұлттық сипатта қалыптасуының бірден бір негізгі, тұғыры болды десек қателеспейміз.

Жүсіпбек Аймаутов өзінің алғашқы қызметтік қадамын оқу-ағарту ісінен бастаған. Кейінгі шығармашылық, қоғамдық көзқарасында да халыққа білім - өнер дарыту ісі оның негізгі кредосына айналғаны байқалады. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының негізгі бағдарламалық тұғыры – қазақ қауымына қажетті ең негізгі нәрсе – білім екенін халыққа дарыту етеді. Осы бағытта қызмет еткен Ж.Аймауытов та өзінің саналы ғұмырын ұлі іс жолында қызмет теуге арнады. Оның бала кезінен ақ бір жағы оқи жүріп, жазғы демалыс айларында ауылға барып бала оқытуы тек тұрмыс алға тартқан тауқымет не қажеттілік қана емес, халықтық мақсаттан, ұлт болашағының жарқын болуын көздеген асыл мұраттардан туған ой болуы керек.

1911 жылы Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебіне түсіп, одан 1914-1949 жылдар арасында Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, қоғамдық қызметтергеараласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметкеараласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен дене тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап бері болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды шұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс - тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті.

Автордың 1918 жылы «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласынан бастап, баланың тәрбиесіне үлкен мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды желі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге де тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы-жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескірмесі анық.

Білікті ағылшын философы, әрі педагогы Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтайдай болып туады. Таза тақтайға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарасқа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын, адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындалуы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.

Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігі қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл-ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске лаып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды рөлін көрсетеді.

«Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады, өйткені ақылды адам көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны» деген ойды оқу арқылы да Ж.Аймауытұлының озық ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемелекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсетінінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.

Ж.Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы » атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. « Әдет – бір сақтаулы қазына » дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер таңдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдетті қалыптастырудағы психологияның маңзын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі » пәнінің негізін қалап оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздер) қалыптастырған.

Жүсіпбек Аймауытов қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жол ретінде ғылым - жазушы буын әдісін қолдайды. Балаға әуелі 2-3 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оған дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздыру, оқыту әдісін ұстану қажеттігін дәлелдейді.

1925 жлы жазылған «Ана тілін қалай оқыту керек» атты көлемді мақаласы әдістемелік жағынан құнды. Мұнда зерттеуші ұлт мектептеріндегі ана тілін оқытудың жүйеленген әдісі жоғын тілге тиек ете отырып, әркім өз білгенімен тіл үйретіп, сабақ беріп жүгенін әділ сынға алады. Орыс мектептерінде қолданылып жүрген әділ сынға алады.Орыс мектептерінде қолданылып жүреген оқыту әдістері жайында мәлімет бере отырып, солардың қазақ мектептеріне қазақ психологиясына қолайлы келетін әдістерін жүйелі қолдану қажеттігін айтады.

Балаларды қысқа әңгімелер оқытуға төселдірудің жолдарын талдап баяндайды. «Ертегі, әуездің пернелі ,кестелі сөзін тастап, баланың өз сөзімен қайта айтқызуға болмайды. Олардың маңызы – қиялға әсер беріп, шарықтауында. Сезімге әсер беріп, көңілді ұйытқытуында», - деп жазды автор. Жас балаға газет оқыту мен көркем сөз оқытудың бір емес екеніне назар аудара отырып, сөздің мәнін өзгерпей, маңызын, көркемдігін жоғалтпай айтуға тәрбиелеу қажеттігін шегелей айтады.

Жүсіпбев Аймауытов қазақ тілін оқыту әдістемесінің көптеген теориялық мәселелерін, адам жанының тәрбиесінің басты құралы ретіндегі ана тілін оқытудың маңызын көрсеткен. Ғалым педагогтың жазған әдістемелік ғылыми еңбектерінің қазіргі таңда да маңызы мол.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнаған мақалалары қандай?

  2. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әдет заңы » атты мақаласында не жазылған?


Әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші

  2. Жұмабаев М. Педагогика

3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.

7 Дәріс: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері  Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. 
Шамғали Сарыбаев- әдіскер

Мақсаты: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты және Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі туралы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Сейіл Жиенбаев – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым.

  2. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері

  3.  Шамғали Сарыбаев - қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.

  4. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері

Ахмет Байтұрсынұлы салған ізбен қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздерін зерделеу саласында Т.Шонанов,Ш.Х сарыбаев,Ғ.Бегалиев сынды ғылымдар еңбек етті. Бұлар А.Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы шоғыры еді. «Әдістеме» деп аталатын ғылымның бастауында тұрған бұл ғалымдардың еңбектері кеңінен зерделеулі, уақыт пен заман ұстанған саясат арасындағы қиын кездің өзінде тіл туралы толғамды ой айта алғандығын байыптап салмақтауды қажет етеді. Бұл кезең сондай-ақ, жазу таңбаларының үздіксіз ауысып жатуымен де ерекшеленеді.

Тіл білімінің көптеген теориялық мәселелерінің басы ашық болмай тұрған, ғылымның жас кезінің өзінде қазақ тілінің мектепте дұрыс бағытта оқытылуына барынша күш-қайрат жұмсап, оның әуелгі оқу құрладары мен оқулықтарын, бағдарламаларын жасап, кейбір теориялық мәселелерде толғамды да салиқалы ой айта алған ғалымдардың еңбегін өз дәрежесінде бағалау орынды болмақ деп есептейміз.

Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнәнәң арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі - Сейіл Жиенбаев. Ол 1896 жылы Орынбор облысының Бөрте ауданында 1 – мамыр күні дүниеге келіп, 1945 жылы қайтыс болған. 1910-1912 жылдары екі жылдық Бөрте училищесін, 1928 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1916-1922 жылдары Орынборда, Шымкентте мұғалім болып қызмет істейді. 1931-1935, сондай-ақ , 1937-1939 жылдары Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтында оқытушы болады.

С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.

Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ойтолғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген « Қазақ тілі методикасы» атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты матриалдар негізінде түсіндіреді.

Сабақта мазмұндап шығу бар да, сол мазмұндаған нәрсені оқушы миына тоқытып, меңгерту бар екенін айта келіп, мынандай мысалдар арқылы ойын сабақтайды. Кезекті тақырыптардың бірі ретінде септік жалғауын алып, оның жеті түрлі септіктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын айтып өтумен іс бітпейді дейді ғалым-әдіскер. Сабақты бұлайша мазмұндау автордың пікірінше, тек догматикалық әдіс қолданғандық. Оқушы септік жалғаудың мәнін терең түсіну үшін, ең алдымен, оның қызметін дұрыс бағамдағаны дұрыс. Септік жалғауының негізгі атаратын қызметі – синтаксистік қызмет. Екі сөзді бір-бірімен жалғастырып айту кезінде ғана жалғау керек болады, ал сөздердің басын қосып, құрастыру сөйлем жасау болып табылады дей келіп, септік жалғауының осындай синтаксистік мәнін түсіндіру арқылы, мағынасын айқындауға болар еді деген елеле ой айтады.

Тек септік жалғауды оқытудың жайын баяндауының өзінде автор көптеген теориялық мәселелердің байыбына баланың ойын қалай жетелеу қажеттігін алға тартады. «Бұл мәселенің өзі (септеу жалғаулардың синтаксистік қызметі жөніндегі мәселе) соншалық жалаң мәселе емес. Алдымен морфология құбылысының синтаксистік мәні бар дегеннің өзін толық ұғу үшін адамның грамматикалық ой-өрісі белгілі бір дәрежеге жеткен болу керек. Сондықтан жалғаулардың мұндай қызметін мысалмен көрсетіп, тек қысқаша ұғым беріп алу керек» , - ойын түйіндейді (1946,9-бет) . Жалғаулардың да өзіндік мағынасы бар екені балаға түсіндіру үшін, оларды алып тастап немесе орнын өзге жалғаумен алмастырып қарауға болар еді. Онда мүлде сөйлем шықпайды, яки мағынасы өзгереді.

С.Жиенбаев еңбегінде кез келген тілдік деректі талдау барысында, оған қандай әдісті, қандай ұстанымды қолдану қажеттігін талдап көрсетеді. Жаңа сабақы өту барысында, оны бекіту үстінде байқау, тексеру тәсілін пайдалануды ұсынады. Тексеру жұмысын оқытушы бір өзі ғана жүргізбейді, оқушылар да белсене қатысып, олар да бірге ойланып отырады деп бағамдайды. Өздері бірге тексерісіп, бірге талдаған соң, сабақты ұғыну деңгейі де жоғары болатыны сөзсіз. Байқау әдісін қолданғанда негізгі басқарушы мұғалімнің өзі болуы шарт. Жаңа сабақтың басты ғылыми-теориялық мәселелерін баланың мойнына салуға болмайды. Тиісті тілдік деректерді талдау тек мұғалімнің басшылығымен орындалғаны дұрыс. Егер осы талдау барысында шағын қорытынды мұғалімнің өзі айтпай-ақ байқалып тұратын болса, онда сабақ өзінің мақсатына жеткені санадады.

Автор пәнді оқытудың әдістемелік ұстанымдары тек сабақ жүргізгенде ғана емес, грамматикалық оқулықтар мен оқу құралдарының да құрылысына әсерін, ықпалын тигізіп, оның жалпы барсында сақталып отырылуы қажет деген ой айтады.

«Грамматика кітабының құрылу принциптері» атты бөлімінде мектеп оқулықтарын жазуда бірыңғай ғылыми ұстанымдарды ғана сақтамай, әдістемелік ұстанымдарды да жүйелі түрде басшылыққа алып отыру қажеттігін анықтап айтады. Қазақ мектебінің тарихында ана тілінің әдістемесінен жаңадан жол алып, жүйе түзеген теорияшыл педагогтар бола қойған жоқ дей келіп, ғалым алғашқы грамматиканың өзі ХХ ғасырда шықты деп, «Тіл құралды» көрсетеді. Авторын атап айтпаса да, бұл Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі екенін көзі қарақты азамат танитыны түсінікті. Әңгіме – С.Жиенбаев 1946 жылдары, соғыстан соңғы қиын кезеңдерде, екінші зоболаңның ( репрессия) алдында, қорықпай Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне сілтеме жасай алу ерлігі. Зерттеу еңбегіне сілтеме жасамақ түгілі, атын атау мүмкін болмай қалған тұста,С.Жиенбаев былай деп жазады: «Тіл құрал » кітабының сол кездегі ойлау принципінің де, онымен қатар тұлғалық бағыттың да элементтері барлығын көреміз». Осылайша зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кей анықтамалар мен ұстанымдарға талдау жасайды. Оның негізгі сүйенгені логикалық принцип деген тоқтамаға келеді. Еңбектегі талдаулардан С.Жиенбаевтң Ахмет Байтұрсынұлы еңбегімен жақсы таныстығы, одан мүмкіндігінше мол мағлұмат бере кетуді мақсат еткені анық байқалады.

Грамматикалық категорияның жай - мәнісін түгел меңгеріп алу үшін дағды керек деп есептейді әдіскер-ғалым. Ал дағды алу үшін оған көп жаттығулар қажет, категорияның түрлі-түрлі тұлғаларын ажыратып көру керек.Бірақ терең білім құр жаттығумен де келмейді деген пайымдаулар жасап отырады.

С.Жиенбаев еңбегінде оқушыларға грамматикалық категорияны танытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әрине адам баласы өзінің ана тілін грамматиканы оқымаса да біледі, бірақ тілдердің құбылыстарын, оның ішкі даму заңдылықтарын терең түсіну үшін тілдегі негізгі категориялармен таныс болу қажеттігін жақсы атап өтеді. Еуропа оқымыстысы О.Еспересеннің зертеулеріне сүйене отырып, жасаған талдаулары терең де мазмұнды. Тіпті кейігі зерттеулерде кездесе бермейтін терең теориялық толғамдар бар. Айталық, сөздің мәнісін барлағанда, автор оны тек дыбыстан тұратын бірлік ретінде ғана қарастырмай, ұғымды таңбалаушы ретінде бағалайды. Балаларға анықтама үйретіп, жаттатып шаршаудың қажетсіздігін мұғалімдерге жете түсіндіру шарт деген тұжырым айтады.

«Тұлғашыл бағыттағы оқымыстылар категорияның сыртқы тұлға жағына айрықша көңіл бөліп, мағына мен мазмұн жағын көп елемеген. Шынында, грамматиканы оқытқанда сөздің сементикалық белгісі зор мән беруіміз керек. Әрі тұлғасын, әрі мазмұнын айырғанда ғана мәселе ұғымды болмақ» - деген көрген ойды С.Жиенбаев еңбегінен табамыз.

Тілдегі құбылыстың тұлғасын көрсетіп, мағынасын ұқтыру – үйретудің негізгі әдісі. Оқытушының айтып тұрғанының барлығын бірдей бала түсінбеуі мүмкін. Бұдан шығар жол - әртүрлі жеңіл мысалдар мен көрнкілікті дұрыс қолдана білу, - деп жазады ғалым әдіскер. Грамматикалық категорияны түсіндірудің қалыпты жолы – сұрақ қою арқылы ұғындыру екені де талданып жазылған.

Оқыту тәжірибесінде құбылыстарды өзара салыстырып, сол арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқынырақ көрсетуге болатыны белгілі. С.Жиенбаев салыстыру әдісін қазақ тілін зерттеуге, оқытуға қолдануға болатынын айтып нақты мысалдарментүсіндіре дәлелдейді. Бұл әдістің пайдасы белгілі бір деректерді салыстырып, оның айырмасын не ұқсастығынайыру баланы ынталандырады. Екіншіден, бала себеп пен тұлға, мағына дегендерді көп тексереді. Соның арқасында талданылып отырған екі категорияның өзін меңгеріп алады деп ойын түйіндейді ғалым.

С.Жиенбаев еңбегінің маңызды қыры сөздің ұғымдық, мағыналық жағынан тексерілуі болса керек. Өзінің көп замандастарынан ерекше, зерттеуші тілдің құрылысын ғана емес, оның мағыналық құрылымын, ұғымдық сипатын айқындауға талаптанған. Батыстық семантикалық үлгіде жазылған ғылыми зерттеулерді көп оқып, зерделегені байқалады. Автордың О.Есперсенге,Н.Я.маррға сілтеме жасауы – оның зерттеулерінің негізі бағыты мағыналық жүйе, функционалдық құрылым екенін аңғартады.

Қазақ тілінде сөз таптарын ажырату орыс тілінен анағұрлым қиын дейді ғалым. Олай болуының себебі қазақ тілінде тұлғасы бірдей, тек мағынасына қарап айырылатын сөздер бар. Шығу тегі жағынан тектес түбірлер болып саналатын есім-етістік жұптарының көп мағыналықтан жіктеліп шығатыны белгілі жағдай. Қазіргі тілдің синхрондық сипатында бұл сөздер әр түрлі мағыналарға ие. Сөздердің арнайы мағынасы мен олардың қай сөз табына жататындығын, қызметін айқындайтын – контекст, мәтін. Зерттеуші осындай мағынасы сөйлем ішінде айқындалатын лексикалық бірліктердің мағынасын салыстыру әдісі арқылыкөрсету дұрыс деп пайымдайды. Тек қана түбір сөздердің мағыналары емес, кейде негіздердің мағыналарын айқындауда да қиыншылық болатыны зерттеуде аталып өтіледі. Олардың ішкі семантикалық мәнінің тек контексте ашылатыны нақты мысалдар салыстырып беру арқылы олардың, мағыналық ерекшелігіне оқушының көзін жеткізу.

Қазақ тілі оқыту әдістемесінің негізгі көкейтесті мәселелеріне үн қосып, оның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым С.Жиенбаев еңбектері өзінің өзектілігін күні бүгін де жоғалтқан жоқ. Оның семантикалық бағыттағы ойлары мен тұжырымдары, оқушыны ойлантуға жетелейтін сабақ үлгілері, ұғымдық, мәндік талдаулары болашақ оқытушылар мен зерттеушілерге бағыт көрсете берері сөзсіз.

1936 жылы орта мектептің V – VI сыныптарына раналған С.Жиенбаевтің «Грамматика талдауыш», « Қазақ тілі әдістемесі», « Грамматикалық таблицалар » тағы басқа еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, «мұғалім сабақты беруді » көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба» , - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталады, ол қазір де мәнін жойған жоқ .

С.Жиенбаев туралы, оның әдістеме ғылымын дамытудағы орны мен өзіндік қолтаңбасы туралы кезінде И.Қ.Ұйқбаев «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты шағын жұмысында көптеген құнды мәліметтер келтірген. Осы жұмыста С.Жиенбаевтың қаламынан шыққан 95 еңбектің аты аталады. Мұның ішінде таза педагогика мен әдістемеге арналған еңбегінің саны – 29. Бұлардың ішінде «Лекции по педагогике для заочников вуза и педучилища»(1930), «Методика родного языка в НШ»(1934), «Методические материалы для учителей НШ»(1935), Грамматика талдауы «Ауыл мұғалімі»(1939), Грамматикалық атегорияларды таныту «Халық мұғалімі» ( 1950,№5 ), «Үлкендерге хат таныту методикасы »(1936), «Қазақ тілі методикасы»(1941) сияқты еңбектерінің мәні үлкен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет