5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет41/75
Дата06.02.2022
өлшемі335,97 Kb.
#54202
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Дамыта оқыту технологиясы
Білім берудегі дамыта оқыту технологиясы оқушылардың потенциалды мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған үрдіс.
Дамыта оқыту идеясы Пестолаци еңбектерінен бастау алып, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.П.Эльконин сияқты Ресей ғалымдарының зерттеулерінде жалғасын тапты. Дамыта оқытудың негізін ХХ ғасырдың 30 жылдары Л.С.Выготский салды.
Дамыта оқыту теориясының қалыптасуы оқыту мен дамыту арасындағы байланыс мәселесінің зерттелуімен тығыз байланысты болды. Оқыту мен дамыту арасындағы байланыс мәселесін Ф.Фребель, А.Дистерверг, Н.Д.Ушинский әр қырынан қарастыруға тырысты.
ХХ ғасырдың 30 жылдары неміс психологі О.Зельц оқыту үрдісінің баланың ақыл-ой дамуына тигізетін әсерін анықтау мақсатында эксперимент жүргізді. Ол кезеңде аталған мәселе бойынша үш түрлі көзқарас қалыптасқан болатын. Бірінші көзқарасты жақтаушылар А.Гезелла, З.Фрейда, Ж.Пиаже адам дамуының оқытумен еш байланысы жоқ деп есептесе, екінші көзқарас бойынша оқыту мен дамыту тең дәрежеде қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес кез келген оқыту үрдісі арқылы даму үрдісін іске асыруға болады. Үшінші теорияда (К.Коффка) даму үрдісі оқытудың қатысынсыз жүретін үрдіс ретінде қарастырылғанымен, оқыту мен даму арасында бірін-бірі толықтыратын теңдік бар деп есептейді.
Л.С.Выготский көрсетілген үш теорияның ешқайсымен де келіспей, оқыту мен дамытудың байланысы туралы өз ғылыми болжамын жасады. Л.С.Выготский болжамы бойынша, оқыту үрдісі мен дамыту үрдісі арасында міндетті түрде байланыс бар, бірақ оларды ешқашан тең дәрежеде қарастыруға болмайды. «...Хотя обучение и связано непосредственно с детским развитием, тем не менее они никогда не идут равномерно и параллельно друг другу... Между процессами развития и обучением устанавливаются сложнейшие динамические зависимости, которые нельзя охватить единой, наперед данной, априорной умозрительной формулой» ???№№
Осы болжамды ғылыми негіздеу арқылы Л.С.Выготский адамның психикалық қызметі дамуының негізгі генетикалық заңының маңызын ашып берді. Аталған заң ғалым ұсынған тұжырымның негізі болды. Л.С.Выготский бойынша, кез келген жоғары психикалық қызмет бала дамуында екі рет пайда болады – алғашқыда ұжымдық, әлеуметтік іс әрекетте, екінші рет жеке іс әрекетте. Ол бойынша ғалым былай деп тұжырым жасайды: «Этот закон, думается нам, всецело приложим и к процессу детского обучения... Существенным признаком обучения является то, что оно создает зону ближайшего развития, т.е. вызывает у ребенка к жизни, пробуждает и приводит в движение ряд внутренних процессов развития... С этой точки зрения обучение не есть развитие. Но, правильно организованное, оно ведет за собой детское умственное развитие, вызывает к жизни ряд таких процессов, которые вне обучения вообще сделались бы невозможным. Обучение есть, таким образом, внутренне необходимый и всеобщий момент в процессе развития у ребенка не природных, но исторических особенностей человека» №№№№
Л.С.Выготский идеясын ізбасарлары (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин) әрі қарай дамытуға тырысқанымен, көптеген жылдар бойы идея тек болжам күйінде қалды. Тек 1930-50 жылдары А.Н.Леонтьев, А.З.Запорожец, С.Л.Рубинштейн сияқты психолог ғалымдар дамыта оқыту мәселесін шешудің маңызды әдісі ретінде қалыптастыру экспериментін жасады. Ал 1960-80 жылдары дамыта оқыту мәселесі мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш және орта білім беру саласында қарастырылады (З.И.Калмыкова, И.Я.Лернер). Алынған нәтижелер оқытудың бала дамуына тигізетін әсері туралы қағиданы негіздеуге, дамыта оқытудың нақты психология-педагогикалық шарттарын анықтауға негіз болды.
1950 жылдардың соңынан бастап Л.С.Выготский болжамын одан әрі жетілдіру мақсатында бір ұжымды Л.В.Занков, екінші ұжымды Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов басқарған зерттеу жұмысы жүргізілді. Эльконин-Давыдовтың ғылыми-практикалық ұжымының зерттеулері нәтижесінде Л.С.Выготский болжамы дамыта оқыту теориясына айналды.
В.В.Давыдовтың «Проблемы развивающего обучения» атты еңбегінде дамыта оқыту мәселесі жан-жақты қарастырылады. Аталған еңбекте дамыта оқыту мен тәрбиеге қатысты оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуы, оқыту мәселелерін дұрыс шешу, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін оқу іс-әрекеті сияқты мәселелер қарастырылады. Ғалым дамыта оқыту қағидасын бүтін бір жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Ғалымның пайымдауынша, оқу қызметі оқу мақсаты мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне білік, дағды жатады. Сондай-ақ, ғалым сабақта берілетін білім мазмұнын қабылдау үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары да түсіндірілуі тиіс деп есептейді. Ғалымның пікірінше, дәстүрлі оқытудың мазмұны мен формасы қазіргі кезең талаптарын қанағаттандыра алмайды, теориялық ойлау ұстанымы негізінде құрылған оқыту ғана жас ұрпақтың қалыптасуына, тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуына мүмкіндік береді. Яғни В.В.Давыдов ақыл-ой әрекетін дамытуға негізделген оқыту технологиясының негізін қалыптастырды.
Орыс ғалымы Л.В.Занков дамыта оқыту технологиясын жеке тұлғаны тұтас дамытуға негізделген оқыту технологиясы деп есептеді. Л.В.Занковтың пікірінше, мектеп баланы психикалық тұрғыда дамыта алмай келеді. Сондықтан ол өз зерттеулерінде білім берудің жайы мен оны одан ары дамытудың жолдарын қарастырады. Л.В.Занков жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан-жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады. Оның пайымдауынша, дамыта оқыту технологиясы – белсенді іс-әрекетке негізделген, жеке тұлғаның ерекшелігі мен білім деңгейін ескеретін, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас дамытуға негізделген оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту технологиясының оқытуда қолданылатын негізгі ұстанымы: білімді күрделіден жеңілге қарай меңгерту, яғни қиын тапсырмалар беру арқылы меңгерту болып табылады. Бұл жердегі «қиын» ұғымы жолда кездескен бөгеттерді жеңіп шығумен байланысты берілген. Ғалым Л.В.Занковтың пікірінше, жеңілден күрделіге қарай берілетін білім баланың дамуын тежейді. Өйткені біртіндеп берілетін білім баланы еш ойландырмайды. Ал оқу үрдісін қиын деңгейде ұйымдастыру арқылы баланың дамуына жол ашылады. Оқушы алдына саналы түрде белгілі бір мақсат қойылып, кездескен қиыншылықтарды жеңуге тырысады, ізденеді, ойланады, өзіндік жұмыс атқарады. Осыларға орай Л.В.Занков дамыта оқыту жүйесіне негіз болатын төмендегідей дидактикалық ұстанымдарды ұсынады:
1 Білім ерекше қиындықта берілуі тиіс;
2 Теориялық білімнің жетекші мәнге ие болуы;
3 Оқу материалын жылдам игерту;
4 Оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі;
5 Оқушылардың барлығының жалпы дамуына жүйелі, мақсатты жұмыс жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға да үлкен мән беріледі. Бұл дамыта оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі деп есептеді ғалым Л.В.Занков. Білім меңгертуде дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлауға, қиялдауға негізделген оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Дамыта оқыту жүйесінде сабақ білім беру үрдісінің негізгі элементі болып қала береді. Бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске ұшырайды:

  • сабақтың мақсаты тек жаңа материалдан хабардар ету мен білік, білім, дағдыны тексеруге ғана емес, жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне бағындырылады;

  • оқушылардың өз бетімен ойлануына негізделген әрекеттер жүзеге асады;

  • оқушы мен оқытушы арасындағы ынтымақтастық жүзеге асады.

Ғалым Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі бойынша, баланы күштеп дамытуға болмайды, бала өздігінен ізденіп, білім алуға икемделуі тиіс. Сондай-ақ, оқытушы мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнауы тиіс.
Жоғарыда қарасытырған дамыту, дамыта оқыту туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары қорытындыласақ, дамыта оқыту білім беру барысында бала психикасының жаңа деңгейге, жаңа сапалық деңгейге көтерілуі, баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оқушының еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру дегенге келіп саяды.
Дамыта оқыту технологиясы – оқыту мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы:

  • оқушыны жан-жақты дамытуға;

  • мәселелік жағдайларды шешуге;

  • оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға;

  • танымдық қызығушылықтарын арттыруға;

  • өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет