5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет8/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дәрістің жоспары:

  1. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері.

  2. Тіл дамыту үшін ертегілердің маңызы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Бүгінгі бөбек-ертеңгі азаиат- қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші –тәрбиеші – ұстазы содан кейін бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бқбектерге білім мен тәрби есігін ашу тәрбиеші- ұстаз бен бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - мектепалды даярлық тобында бастау алып, бастауышта қолданады.

Қазірде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс – тіршілігімен танысады. Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың қиын дыбыстарды дұрыс айтуын нақтылауға бейімдеу. Балаларды ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға жеткізу; сөйлеу мақамын жетілдіру, дауыс аспаптарын , сөзді есту қабілетін, фонетикалық қабылдауын, сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.

«Сөз», «дыбыс» ұғымдарын тәжірибелік жолмен меңгерту және олардың сөздік ойларын ойнаған кезде пайдалануға дағдыландыру.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру. Әңгімелеу кедерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана білуге үйрету. Белсенді сөздік қорындағы әр түрлі грамматикалық формада септеп, жіктеп, жекеше, көпше түрлерін айта білуін жетілдіру. Сөйлеу кезінде грамматикалық кемшіліктерді байқап , сөзді дұрыс, таза мәнерлі етіп айтуға төселту.

Сөйлеуде бастауыш пен баяндауыштың орын тәртібін сақтап айтуға жаттықтыру. Балалар асықпай анық, айқын сөйлеуін үнемі бақылап отыру. Дыбысқа еліктеу жаттығуларын жасату сөздерді тез, ақырын, қатты айтуға, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ( м,н,л,б,т,д,п,ф,в) дұрыс дыбыстауға үйрету. Ауыз арқылы еркін дем алу мен дем шығаруға жаттықтыру. Балалардың қазір қабылдаған және бұрын көргендері жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін қалыптастыру.

Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі, онығ тілі болып табылады. Тіл-адам қарым-қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы. Қарым-қатынас майданына т.скен сайын құралдың икемділігі артып, шыңдала береді.

Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерінің, шәкірттерінің осы талапқа сай болуына мақсат етеді. Бүгінде жақа бөлім, жаңа ән ретінде тіл дамыту сағатын оқыту заман, уақыт талабы болып отыр. Тіл дамыту курсының міндеті- тіл заңдылықтарын үйрете отырып, ауызша және жазбаша түрде дұрыс әрі жақсы сөйлей білуге үйрену. Баланың тілін дамыту дегеніміз оның ойлауын дамыту екені белгілі. Бланың ойлау білу дағдыларын көрсететін белгіні-олардың ойлау операцияларын іске асыра білуі. Бұған теңеу, анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жинақтау әдістері, инструкция, дедукция әдістері жатады. Бұл операцияларды күрделілігі түрлі дәрежеде болып келетн аяқталған ойлар құрайды.



Дәрісті қорытындылау: Бес жастағы баланың тілін дамыту үшін ертегілердің маңызы.
Бақылау сұрақтары:

1.Бес жастағы баланың сөз қолдану ерекшелігі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

11 –дәріс

Тақырыбы: Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемді құрап айтуға үйрету. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

1.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету.

2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету.


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу, тәрбиешілерінің сұрақтарына толық жауап беруге, естіген ертегілерін мазмұндай алуға баулу көзделеді. Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сегіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді, өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский «... мүмкін егерде біз: бізде анық дауыстап, ырғағын келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейінінің қабілеті жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет»- дейді.

Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да өзінің балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педагог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан балабақшаның естиярлар топтары да, бастауыш сыныптарда оқуда да, түсіндіруде де, әңгімеде де тәрбиеші – мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бір қалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың ( оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру) т.б. жатады.

Оқытудың саналылығы мен балалардың белсенділігін арттыру принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрсерелер мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының өн бойынан орын алады.

Біз балаларға ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық, өйткені объективтік шындықты танудың диалектикалық жолы-тікелей сезуден абстрактілік ойлау одан практикаға көшу. Практика-ақиқаттың өлшемі, практика- таным процесінің шамшырағы « Әрекеттің нәтижесі дегеніміз-субективтік таным тексеру және ақиқат-бар объективтіліктің өлшеуі».



Дәрісті қорытындылау: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет