Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу. Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы. Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны. Өлшем – бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау. Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер. Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады. Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы. Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс. Субъект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Технология – қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы. Түйін – сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы. Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі. Эксперименттік алаң – жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы. Элиталық білім – дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.
2 ДӘРІСТЕР
1 модуль
Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі пәнінің мәселелері мен ұғымдары.
№ 1-дәріс
Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері, мақсаты мен міндеттері.(2сағат)
Дәрістің жоспары:
1.Тіл дамыту әдістемесі пәні туралы түсінік беру.
2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.
3.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: «Тіл дамыту әдістемесі» пәні – ғылыми теориялық білім беруді мақсат ете отырып оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.
1.Білім беру құралдары мен жолдарына:
2.Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал:
3.Оқу жұмысын ұйымдастыру;
Оны үйретудің әдістері жатады.
Тіл дамыту әдістемесі пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру. Болашақ тәрбиеші- мұғалімдерге бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету жолдарын яғни балалардың (дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру; балалардың ой – өрісін кеңейту өшін сөздердің мағыналарын салыстыру; бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру; балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу; балалардың сөздік қорын молайту, т.б. меңгерту.мектепке дейінгі балаларды ана тілінің жоғарғы сөйлеу мәдениетін игеруге (орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, нормаларын) тәрбиелеу. Сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар жүргізу барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз тұрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді тұзеп грамматикалық мағыналарын түсіндіру. Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету,сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонациясының жекелеген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру. Студенттерге төрт-бес жастағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету.
Пәннің негізгі міндеті:
Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру;
Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту;
Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелеріндегі белгіленген кестелеріндегі белгіленген мерзімде өткізу.
Пәннің мазмұны:
Студент курс аяқталған соң бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету әдістемесі жайында түбегейлі біліммен қарулануы қажет.
Осы пәнді игеру үшін аудиториялық сабақтарға толық қатысуы, берілетін білімді, ақпаратты меңгеруі, байқау, салыстыру, ойлау процестерін жүзеге асыруы,ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын мұқият орындап, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуі қажет.
Дәрісті қорытындылау: Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру; Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту; Осы пәнмен байланысты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен мектептерде, жоғары оқу орындарында алынған білім осы курсты дұрыс меңгеруге септігін тигізеді. Бұл курстан алынған білім қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін өткенде және жоғарыдағы пәндердің тәжірибелік бөлімдерінде қажет болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің маңызы неде?
2. Тіл дамыту әдістемесін түсіндір
3. Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений-
Семипалатинск, 2006
2 . Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997
5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992
6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984
8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985
9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959
10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991
11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004
12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б
№ 2-дәріс
Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері. (2сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |