5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет3/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәрістің жоспары:

1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.

2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.



Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектепалды тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістердің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі.

Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.




Бірінші заңдылық

Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді,. Балалар тілдің фонологиялық мағынынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру.

Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді.



  1. Балаларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;

  2. Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету;

  3. Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру;

Екінші заңдылық

Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтауды талап етеді.

  1. Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру.

  2. Балалар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен салыстыра алатындай материалдар іріктеу.

  3. Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.

Үшінші заңдылық

Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. Мұндағы әдістемелік принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару.

Төртіші заңдылық

Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мыныдай әдістемелік принципке негізделеді:

  1. Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;

  2. Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;

  3. Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.

Бесінші заңдылық

Фонетикалық грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы және тиісті жазбаша таңңбалар ұғыну барысында меңгеріледі.

Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:



  1. Көрнекілікті пайдалану;

  2. Есту құралдарын пайдалану;

  3. Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар;

  4. Балалардың басқа пәндерді өту барысындағы сөйлеу практикасы пайдаланылады.

Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.

Алтыншы заңдылық

Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. Мұғалімнің айтқанын айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып жазып сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, мөзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.


Жетінші заңдылық

Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғынады. Сондықтан балалар үйренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет:

Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс.



Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепалды оқытудың негізі болып табылады:ол әдітемелік принцрптер осы заңдылықтардан туындайды.

Дәрісті қорытындылау: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары мен заңдылықтарын таныстыру.

Бақылау сұрақтары:

1 Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылықтары.

2. Ана тілін меңгеру заңдылықтарын оқытудың маңыдылығы.

3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


3- дәріс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер. (2сағат)
Дәрістің жоспары:

1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер:

2.Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер:


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Тәрбиеші бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады.мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм,диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.

Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.

Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.

Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.

Сондай пәндердің бірі бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.

Дәрісті қорытындылау:

Тіл дамыту әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс- тәсілдермен таныстыру.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет