Бақылау сұрақтары:
1 Бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету тәсілдері.
2 Баланың алғашқы ұстазы
3 Бес жастағы балаларды грамматикаға үйретуде қолданылатын әдіс тәсілдер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997
4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992
5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
2.2 ІІ модуль.
Мектепке дейінгі балалар тілін дамытуда фонетиканыжоқытудың ерекшеліктері.
№14-дәріс
Тақырыбы: Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры туралы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.
Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету. Ал, тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтен жас ерекшеліктеріне қарай жұпталғае әр топта өтілген сабақтардыцң алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиіс. Бұл жөнінде бағдарламада: тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, бейнелілігін қамтамасыз етуі керек делінген.
Тәрбиеші балалардың жан жақты дамуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын байыту, дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын арны ерекше.
Ертегі, шағын әңгіме , өлең, мақал мәтел жұмбақ, сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасыеа жетпеген балалар ата аналарынан, әже аталарынан естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынн нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.мысалы: «торғай», «Бақа бақа, балпақ», «Санамақ», т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне брулиды.
Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасында 5 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы білім берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен ақ құмартып қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе тез жаттап алады. Жаттау аоқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді. Жаманнан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал, тілінің дамуы баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте бірте қалыптасуына негіз болады.
Дәрісті қорытындылау: Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. Бақылау сұрақтары:
1.Мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры туралы не білесі?
2.Сөздік қорларын дамыту үшін қолданылатын жұмыс түрлері.
3.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997
4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992
5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
№5-дәріс
Тақырыбы: Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Тіл ой өсіреді» деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи кезеңдердің көркем шығармалардағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс-тәжірибелік білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін, әлеуметтік өмірі тәжірибесін қалыпастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.
Сондай пәндердің бірі тіл дамыту пәні мектепалды даярлық кезеңінде жүргізіледі. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау-жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиетерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып табылады.
Балабақшалардың ересектер тобында балаларға оқып беретін мәтіндердің мағынасы ауқымда, тілі жеңіл, көркем, ойы орамды, тәрбиелік маңызы зор, балаларға айтары да, үйретеді де көп болары сөзсіз. Ана-тілі шексіз бай, теңгеуріні мықты тіл. Еңжақсысы бала –ана тілін құрметтегенде ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгеу болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-сол ана тілің.
Ана тілін бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай біл-саналы адамзат болғысы келтін жас адамның бірінші парызы. Ол туған жерді, елді, Отанды атамекенді сүйе білу деген сөз.
Кім ана тілін айырықша бағғаламады дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін безіп, асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Анатілі-ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау.
Қазақ тілін нәтежелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсу-бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек –талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге оның өмір мұқтажына сай дамытып, оқытуды жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі-бала тілін дамыту процесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойынның дәлді, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтиежелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан, оқу-тәрбие процесі нәтиежелі болу үшін балаларға ана тіліміздің қыр –сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетінде де ұғындыратын, шығармашылық қабілетінің дамуына, коммуникативтік кәсіби біліктілігін, іс-қағаздары сауаты толтыру, жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі тіл дамыту бағдарламалары енгізілуді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер туындайды.
Баланың жан-жақты, жүйелі кешенді дүниеге өзіндік көзқарасын зерделету.
Баланың тілі деген қызығушылығын оятып, білім сапасын көтеру;
Өзгелендіру тұрғысында жеке тұлғаны жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;
Болашақ кәсіби мамандығын табуға байланысты әлеуметтік сұранысты қамтамасыз етуге ұмтылдыру.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында бала бойына төмендегідей дағдылар қалыптасады.
Өз ойын, пікірін еркін жеткізе алу;
Байқампаздығының дамуы;
Құбылыстарды шынайы бағалай білуі;
Ой өрісінің, ұғымының кеңеюі;
Ізденгіштікке ұмтылуы;
«өз сөзін айту» мүмкіндігінің қалыптасуы;
Функционалдық сауаттылық пен коммуникативтік біліктілігінің артуы;
Жергілікті, аймақтық деректерді жинақтап, жүйелеу дағдыларының қалыптасуы.
Авторлық бағдарламаның ерекшелігі:
Қолданбалығында, өйткені бұл курста баланың қабілетін ескере отырып, тапсырмалардың деңгейлік негізде құралуы;
Баланың коммуникативтік біліктілігін арттырунда.
Аймақтық, ол жергілікті аймақтық ауына сөз шеберлігі олардың сөз саптау ерекшеліктері, ақын-жазушыларының еңбектері негізінде құралады.
Тіл дамыту пәнін меңгерту барысында оқу-әдістемелік кешені құрастырылды. Оқу-әдістемелік кешені оқу материалының мазмұны, тарауларының көлемі, балаың теорилық білімін нығайтып, танымдық ізденпаздыққа, шыармашылыққа жетелецтін, өз бетімен анализ,синтез бағалауға бұл лаын деңгейлік тапсырмалар бар жұмыс дәптерме, тест жинақтарының, сараланған сұрақ тапсырмалардан, логикалық, дидактикалық ойындардан, жергілікті жерден шыққан тума сөз шеберлері, батырлары, ақындары жайлы деректері бар оқу хретоматиясынан тұрады. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында бала білімін жәй деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеуде Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін, Ж. Қараевтың «деңгейлеп оқыту» технологиясын, проблемалық әдіс-тәсілдерін қолдану үлкен нәтиежеге жеткізді. Деңгейлеп оытудың әдіс-тәсілдері арқылы балалар:
- төменгі деңгейлік тапсырмалар ойынша, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделіп, берілген тілдік материалды дұрыс түсініп, ойын қорытындылайды.
- ортаңғы деңгейлік тапсырмаға бойынша бала теориялық негізде алған білімін практикалық үзінде ісе асырады, тақырып бойынша өз ойын айтады.
Дәрісті қорытындылау: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар және тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
Бақылау сұрақтары:
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады.
Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі қандай?
Оқу тәрбие процесін нәтиежелі болуы үшін қандай бағадарламалар енгізілуде.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997
4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992
5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
№6 -дәріс
Тақырыбы: Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу. (2сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |