5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу


Дәрістің жоспары: Фонетиканы оқыту әдістемесі



бет5/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәрістің жоспары:
  1. Фонетиканы оқыту әдістемесі.

  2. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Балалар тіліндегі бірнеше ерекшелік-сөздің дыбыстанужаын дұрыс айтуға қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл жағдайда жеке сөздердің дыбысық ағын дұрыс айтуына негіз болады.

Екінші ерекшелігі-олардың өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескермейді, артиуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктн, кейбір дыбыстарды қатк айтады. Сондықтан олады сөздің дыбысық жағынан дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы-тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол үшін тәрбиеші өз жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін, өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тисті. Бұл жұмыс бала-бақшаға алғаш келген күннен басталады. Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеші түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы етістік кемшіліктерін анйқтайды. Балаланың толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмысары жүргізіледі. Балаларға қиян дыбыстар жиі қатысатын еке сөздер суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін әзірлейді.

Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін саақтар бір мазмұнды бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылаы. Тәрбиеші! Ф дыбысы дұрыс айтып үйренеміз-деп түсіндіреді. Сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді, балалар. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Тәрбиеші өзі бірнеше суретті (р не л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы затты айтады. Балаларға өз ойларын бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді.(шар, тор, кино т.б.) сабақ соңында сол дыбыстар жиі қаысатын өлең-тақпақ не жаңылтпаш оқылады.

Сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, инсцинеровка, драматизация жасатуға болады.

Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету сабағы айына бір-екі ре өтіледі. Түрлі жаттығу жұмыстарын бағдарлама талабын ескере отырып, басқа сабақтарға қосымша жоспарлауға болады. Күнделікті тәрбие жұмысы кезінде таңертең сабаққа дейін, түскі ұйқыдан соң әртүрлі жұмыспен байланыстыра өтізуге де болады. Мұндайда арнайы еңбекте көрсетілген жұмыс түрін кеңінен пайдалану қажет.

Бұл жастағы балаларды сөздің дыбыстық құрамына алдау жасай білуге үйрету үшн де жаттығу жұмыстары өтіледі.

Балаларды түрлі дыбыстарды айта блуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста бас материал сықақ, өлең, тақпақ, мақал-мәтел оқу, жаңылтпаш айттырып, жұмбақ шештіру, әңгімелеп айтқызу. Суреттерге сипаттама жасату,ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ дыбыстарына-шұлық, жәшік чемодан, щетка: р,л,с,з дыбыстарына-радио, лақ, стол т.б. Дауыс күшін, ү ырғағын дұрыс қолдануға үйрету. Ондайла: «жасырын сыр» «сөзді бірінен-біріне ақырын айту, жаңғырық (сөзді әр түрлі дауысты қатты, баяу, орташа қолдану) алыс-жақын (дуыс тонын көтере және төмендете оқу). Мұндай сөздер жақын және алыс, өте әріректе отырған балалар еститіндей дәрежеде айтылады. (ызың-ызың, сырт-сырт) Дыбыс сөз деген ұғымдарды меңгере оырып, сөздің дыбыстан құралатындығын түсініру қажет.

Дәрісті қорытындылау: Дыбыстарды дұрыс айтқыза білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге және тіл мүкістігін түзету үшін әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету.

Бақылау сұрақтары:

  1. Фонетика дегеніміз не?

  2. Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтардың құрылымы қалай болу керек?

  3. Тіл мүкістігін түзету жолдары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


7 -дәріс

Тақырыбы: Орфография мен орфоэпияны оқыту. (2сағат)
Дәрістің жоспары:

1.Орфография туралы түсінік.

2. Орфоэпия туралы түсінік.

3. Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Бала сөздің сыртқы формасын (затты референтімен тоғыстыру) бірінші меңгереді, ал кіші өрінісіне, мазмұнына, мағынасына өз тәжірибесі,тілдік ортасы арқылы келеді. Жарым жастағы сәбимен қарым қатынас жасай отырып, үлкен кісі оның езу тартып күлуін, талпынуын, алғашқы дыбыстық әсерін туғызады./ гуілдеу, ылдырлау/. Кейінірек жастың екінші жартысында қарым қатынас үлкен кісінің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сөйлеуімен қатынасқан эмоциялы-қимылды ойындар түрінде болады. (көбіне өлеңнің қысқа –қысқа жолдары айтылды) Сөйтіп бала алғаш рет көркем әдебиетпен ұшырасады. Екі жастағы кезеңде сабақтар шағын топтармен өткізіледі. Ұзақтығы балалардың белсенділігіне немесе керісінше, балалардың жалығу дәрежесіне қарай бірнеше минуттан он минутқа дейін құылып тұрады.Үш және төрт жастағы кезде балалардың тілінің жетілуі де шапшаң болады. Іл балалардың үлкендермен де, құрбыларымен де қарым –қатнасқа түсуінің негізгі құралына айналады.Үш-төрт жаста сөйлеу белсенділігі әлдеқайда күшйе түседі. Үш жаста балалардың сөз қоры бір жарым мыңға дейін көбеюі мүмкін. Төрт жастың аяғына таман бала өте қарапайым әңгіме құрасырып, бірнеше рет тыңдалған қысқа өлеңді еске сақтайды және қайталап айтады. Балалар бұл кезде шағын өлеңдерді, қысқа ертегілерді, әңгімелерді тыңдай алады және олардың мазмұны түінеді. Сондықтан да оларды тақпақты есте ақтауға, айтуға, таныс кіаптағы суреттерді қарайға, сол жайлы әңгімелеп беруге ықылаын тудырып, қызықтырып отырудың маңызыд зор. Ес –алты жатағы кезде балалар шығарманы ықыластана тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деге өз көзқарастарын тиянақтап айа білуді меңгереді. Оларда шығарманың мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түірне қызығу тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды. Балалардың өздері жұмбақ, өлең құрай бастайды.

Балалардың тілін дамыту негізінен ережелерді меңгерту барысында және жаттығулар мен тапсырмаларды орындатқызу түрінде жүргізіледі. Осыған орай ережелерді нақтылай түсу /әрбір тақырыпқа тән ерекшеліктерді толық көрсету, жаттығуларды түрлендіру жағына қатты өңіл бөлінеді. Балалардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдерде белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет; яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту, сөздерді үйрете отырып, сөздер жасайтын формаларды меңгерту және оларды байланыстырып сөйлем құрауға, ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйрету мақсат етілді. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөйлем құрау және ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлей білу) тіл дамыту жұмысының мазмұнын құрайды және олар күнделікті өтілетін грамматика, оқу сабақтарымен байланысты біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі түрде өткізіледі деуге болады. Сондықтан тіл дамытудың осы негізгі үш бағытын бөлшектеуге, даралауға болмайды. Бұлар қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады;ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес.

Дәрісті қорытындылау: Орфография мен орфоэпияның тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай оқыту.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет