5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет9/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бақылау сұрақтары:

1. Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету.

2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



4 модуль

Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдіс-тәсілдері

12 –дәріс

Тақырыбы: Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

  1. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.

  2. Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын сөйлеу тілін дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша белгіленген. Алайда әлі оқи,жаза білмейтін балалрға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса,тәрбишілер тіл дамыту сабағын жолдарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріледі.

Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау , экскурция, әңгімелету сабақтарын өткізген де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын ескертуім керек. Сөздік атауларды бала саналы түйсініп , дәл танып білсін. Мысалы, балабақша үйін бақылату, үйдің оң және сол жағында көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіру керек. Бала мұндай « оң жақ», «сол жақ», «қарсы алдында» деген сөздерді үйренеді.

Сонымен бірге қоғамдық өмір жайында да балаға білгілі дәрежеде мәлімет береді. Ол мәліметтер: халықтар достығы, президентіміз Н.Ә.Назарбаев, мемлекет қайраткерлері жөнінде балаға лайықты түрде түсіндіру. Отан, мемлекет, әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы мәлімет беру арқылы жаңа ұғымдармен таныстыру. Тәрбиеші балаларға сұрақ қоя отырып әңгімелесіп, түсіндіреді.

Тәрбиеші:

Балалар, біз қай мемлкетте тұрамыз?

Берікжан:

Қазақстанда тұрамыз.

Дұрыс, біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Қазақстан – біздің Отанымыз дейміз. Отан дегеніміз не, сендер «отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ақмарал:

Отан дегеніміз – біздің тұратын жеріміз. Қазақстан.

Тәрбиеші:

Иә, Отан – бұл сен туып – өскен жер. Адам үшін Отан – бұл тек елі ғана емес, бұл туған қаласы, ауылы, көшесі, үйі. Бұл оның өзі және достары, ата – анасы өмір сүретін өңір. Біздің Отанымыз – Қазақстан мемлекеті. Әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Олар халқымыздың дәстүрімен, мәдениетімен байланысты болады. Сендер қаламыздың қай жерлерінде туды кездестірдіңдер.

Нұржан:

Әр түрлі мейрамдар өтетін қаламыздың орталық алаңында және ғимараттарда ту кездеседі.



Тәрбиеші:

Еліміздегі ең басты ғимараттардың барлығын да Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көрік беріп тұрады. Оны жасаған суретші – Шәкен Ниязбеков деген аталарың. Ал, Елтаңба дөңгелек пішінді болып келген. Мемлекеттік елтаңбасының негізі – шаңырақ. Шаңырыақ –үйді, отбасын, ошақты, руды білдіретін киіз үйдің күмбезі. Әнұран – бұл салтанатты ән, ол халықтың тарихын білдіреді. Әнұран халықты бірлікке шақырады. Әнұранның мәтінін Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған. Әуенін жазған – Шәмші Қалдаяқов деген аталарың. Балалар, Нұрсұлтан Назарбаев деген кім?

Жансая:

Нұрсұлтан Назарбаев біздің президентіміз.



Тәрбиеші:

Дұрыс айтасың, Жансая. Мемлекет басшысы – президент. Оны халық сайлайды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент дегеніміз – бүкіл елімізді басқарып отыратын адам, ол елдегі тәртіпті сақтайды.

Сабақты түсіндіру барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің суреттерін және кішкене макеттерін көрсетеді. Материалдарды балаға лайықты түрде, оған түсінікті болатындай етіп түсіндіріледі. Айналадағы өмірді бақылату жұмысында екі түрлі әдіс қолданылады:

Біріншісі – баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының нәтижесінде түрлі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. Көріп, танығын заттардың атына, қажеттігіне, түр-түсіне, формасына байланысты сөздік қоры дамиды.

Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсіндіріп, бақылатып көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі- еңбек процесі, өлі және тірі табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп таныстырады. Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына қарай диафильм, ойыншық, суреттер көрсетіліп, әдеби шығармалар оқылады. Сабақты осылайша көрнекі құралдарды пайдалана отырып, өмірмен, іс- тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана баланың санасында айналадағ дүние жөніндн айқын елес қалады. Мысалы, балабақшада сәбилер зат есімдерді жекеше, көпше, септеп, жіктеп айта алады. Тәуелдік жалғаулары I – III жақта жекеше түрде қолданатыны байқалады. Бұл жағдайда балаларға таныс үй жануарлары не ойыншық пен сурет көрсетіп әңгімелескенде анықталады. 3 – 3,5 жасар балалар кейде суреттегі заттарды көргенде оны өзінше меншікті етіп қолданады. Мысалы, Бұл - менің суретім. Менің осындай бөлмем бар. т.б.

Сөздік қорды қалыптастыруда мынандай міндеттер көзделеді:

Сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу.

Өмірмен байланысты сөздерді үйрету.

Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету.

Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру.



Дәрісті қорытындылау: Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлерін таныстыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.

2.Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


13 –дәріс

Тақырыбы: Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар. (2сағат)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет