5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



бет29/44
Дата07.02.2022
өлшемі237,11 Kb.
#97155
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
22b79329-b2d4-11e4-bd4b-f6d299da70eeказ умм

3.2 Жай есептерді топтау
Есептерді шешу барысында қалыптасатын ұғымдарға байланысты оларды топтауға болады. Оспанов Т.К жай есептерді 6 топқа жіктеді.
I-топ: әр арифметикалық амалдың мән – мағынасын ашуға арналған есептер

    1. Қосындыны табуға арналған есептер

  1. Аулада екі қыз ойнап жүрген еді. Оларға тағы 4 қыз келіп қосылды. Аулада қанша қыз бала бар?



Болғаны – 2 қыз
Келді – 4 қыз 2 + 4 = 6 (қыз)
Барлығы - ? (қыз) Жауабы: Барлығы 6 қыз бала.



  1. Шебер бірінші күні 6, ал екінші күні 4 орындық жөндеді. Екі күнде шебер барлығы неше орындық жөндеді?

      6 + 4 = 10 (ор.)


Жауабы: Барлығы 10 орындық.
3) Бірінші ыдыста 8 апельсин, ал екіншісінде - 10 апельсин бар. Үшінші ыдыста алғашқы екеуінде қанша болса, сонша апельсин бар. Үшінші ыдыста қанша апельсин бар?»
8 + 10 = 18 (ап.)
Жауабы: Үшінші ыдыста 18 апельсин бар.

1.2. Қалдықты табуға арналған есептер
Ыдыста 5 алма болған еді. Оның 3-еуі желінді. Ыдыста неше алма қалды?


Болғаны – 5 а.
Желінді – 3 а. 5 - 3 = 2 (а.)
Қалды - ? (а.) Жауабы: 2 алма қалды.


1.3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер
12 балаға әрқайсысына 3-тен келетіндей кәмпит берілді. Балалар барлығы неше кәмпит алды?


1 б. – 3 к. 3 ∙ 12 = 36 (к.)
12 б. – ? (к). Жауабы: Барлығы 36 кәмпит.


1.4. Теңдей бөлуге арналған есептер
36 кәмпит 12 балаға тең бөлінді. Әр бала неше кәмпит алды?


12 б. – 36 (к). 36 : 12 = 3 (к.)
1 б. – ? (к). Жауабы: 3 кәмпит.

1.5. Тиісінше бөлу
36 кәмпит балалардың әрқайсысына үш-үштен бөлінді. Неше бала кәмпит алды?
1 б. – 3 к. 36 : 3 = 12 (б.)
? (б.) – 36 к. Жауабы: 12 бала.

-топ: амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тағайындайтын жай есептер белгісіз компонентті табуға арналған есептер


2.1. Белгісіз қосылғышты табу:
1) бірінші: «Қыз бала бірнеше үлкен және 5 кіші тәрелке жуды. Ол барлығы 12 тәрелке жуды. Қыз бала неше үлкен тәрелке жуды?»
Ү. - ? т.
К. - 5 т. 12 – 5 = 7 (т.)
Барлығы-12 (т) Жауабы: үлкен тәрелке 7


2) екінші: «Қыз бала 7 үлкен және бірнеше кіші тәрелке жуды. Ол барлығы 12 тәрелке жуды. Қыз бала неше кіші тәрелке жуды»


Ү. - 7 т.
К. - ? т. 12 - 7 = 5 (т.)
Барлығы – 12 (т) Жауабы: кіші тәрелке 5.


2.2. Белгісіз азайғышты табу:
«Ыдыста бірнеше кәмпит бар еді. Оның 12-сі желінгенде, 9 кәмпит қалды. Ыдыста барлығы қанша кәмпит бар еді?»


Болғаны - ? к.
Желінді - 12 к. 12 + 9 = 21 (к.)
Қалғаны - 9 к. Жауабы: барлығы 21 кәмпит.


3. Белгісіз азайтқышты табу:
«Сөреде 15 кітап болған еді. Оның бірнешеуін алғанда, 8 кітап қалды?»


Болғаны - 15 кт.
Алды - ? кт. 15 - 8 =7 (кт.)
Қалды - 8 кт. Жауабы: 7 кітап алынды.

-топ: қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер


3.1. Санды бірнеше бірлікке арттыру (тура түрі):
«Серік бірінші күні 2 кітап, ал екінші күні одан 3 кітап артық кітап түптеді. Серік екінші күні неше кітап түптеді?»

- 2 кт. 3 + 2 = 5 (кт.)


II - ?, 3-еуі артық Жауабы: екінші күні 5 кітап.


3.2. Санды бірнеше бірлікке кеміту (тура түрі):
«Бірінші үйде 8 тұрғын, ал екінші үйде 3 - еуі кем тұрғын бар. Екінші үйде неше тұрғын бар?»


I - 8 т. 8 - 3 = 5 (т.)
II — ?,3 - еуі кем Жауабы: екінші үйде 5 тұрғын бар.


3.3 Сандарды айырмалық салыстыру:
1) "нешеуі артық": «Бір бумада 10 дәптер, ал екіншісінде - 6 дәптер бар. Бірінші бумада екіншіге қарағанда неше дәптер артық?»

I -10 д. ↑ ? артық 10 - 6 = 4 (д.)
II – 6 д. Жауабы : 4 дәптер артық.


2) «нешеуі кем»: «Бір үйде 10 аптада, ал екіншісін 8 аптада салды. Екінші үйді салуға неше апта кем жұмсалды?»

I – 10 а. 10 - 8 = 2 (а.)
II – 8 а. ↓ ? кем Жауабы: 2 апта кем.


3.4 Санды бірнеше бірлікке арттыру (жанама түрі):
« Бір қорапта 10 қарындаш, екіншісіне қарағанда оның 3 - еуі кем. Екінші қорапта неше қарындаш бар?»


I - 10 қ., оның 3-еуі кем 10 + 3 = 13 (қ.)
II - ? қ. Жауабы: екінші қорапта 13 қарындаш бар.



    1. Санды бірнеше бірлікке кеміту (жанама түрі)

«Бірінші автотұрақта 7 машина бар, оның екіншідегіден 2-еуі артық. Екінші автотұрақта неше машина бар?»


I - 7 м., оның 2-еуі артық 7 - 2 = 5 (м.)
II - ?(м.) Жауабы: екінші автотұрақта 5 машина бар.



    1. Санды бірнеше есе арттыру (тура түрі):

« Омардың 4 қарындашы бар, ал Арманның қарындашы одан 2 есе артық. Арманның қарындашы нешеу?»


О. - 4 қ. 4∙2 = 8 (қ.)
А - ?, 2 есе артық Жауабы: 8 қарындаш



    1. Санды бірнеше есе кеміту (тура түрі.):

«Туристер бірінші күні 20км, ал екінші күні 2 есе кем жүрді. Туристер екінші күні неше км жол жүрді ?»


I - 20 км 20 : 2 = 10 (км)
II - ?, 2 есе кем Жауабы: 10 километр


3.8 Сандарды еселік салыстыру:
1) «Неше есе артық?»: Қыз балалар 15 жалауша, ал ұл балалар 5 жалауша жасады. Қыз балалар неше есе артық жалауша жасады?

Қ. - 15 ж. ↑ ? есе артық 15 : 5 = 3 (есе)


Ұ. - 5 ж. Жауабы: 3 есе артық

2) «неше есе кем?»: «Ағасы 20 жаста, ал қарындасы 10 жаста. Қарындасының жасы неше есе кем?»


А. — 20 ж. 20 : 10 = 2 (есе)
Қ. — 10 ж. ↓ ? есе кем Жауабы: 2 есе кем

3.9 Санды бірнеше есе арттыру (жанама түрі):


«Бір метр сәтен 90 тг, ол бір метр жібектен 3 есе арзан. бір метр жібек неше теңге тұрады ?»
С. - 90 тг , 3 есе арзан 90 ∙ 3 = 270 (тг)
Ж. - ? (тг) Жауабы: 270 теңге.

3.10 Санды бірнеше есе кеміту (жанама түрі):


«Альбом 96 теңге тұрады, ол дәптерден 8 есе артық. Дәптер неше теңге тұрады?»

А. - 96 тг , бұл 8 есе артық 96 : 8 = 12 (тг)


Д. - ? (тг) Жауабы: 12 теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет