1.3 Есеппенжәне оның құрамымен таныстыру «Есеп» ұғымымен танысу бірінші сыныпта басталады. «Есеп» термині
остенсивті (көрсету арқылы) түрде енгізіледі.
1.3.1. (М-1, 54-бет). Оқы:
«Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Қораптағы барлық шар нешеу?». Бұл - есеп.
Шарты: Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды.
Сұрағы: Қораптағы барлық шар нешеу?
Шешуі: 3+2=5
Жауабы: Барлығы 5 шар.
«Есеп» ұғымын және есептің құрамы жайындағы білімді бекіту үшін «есеп еместі» есепке айналдырумен байланысты жаттығулар орындаған пайдалы.
1.3.2. (М-1, 62-бет). Оқы:
«Қорапта 4 қарындаш бар, ал үстелдің үстінде 2 қарындаш жатыр. Барлығы неше қарындаш бар?»
«4 және 2 сандары қосындысының мәні нешеге тең?»
- Осылардың қайсысы есеп. Неліктен? (Біріншісі, өйткені мәтінімен берілген, нақты жағдаят сипатталған, сұрағы бар, амал орындалады).