Тақырып 22. Жеткіншектердің психикалық дамуы.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «ауысу жастары», «сыналатын» деп атайды. Балалаық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелішгі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.
Аффектілік-қажеттіліктер сферасының дамуы. Қарым-қатынастағы Жеткіншектің жеке басының қалыптасуы. Өнегелік сенімдер, олардың қалыптасуы. Сана сезімдердің дамуының басталуы, оның негізігі заңдылықтары. Талпыну деңгейі. Жеткіншек жасына өтудің алғы шарттары.
|