Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
Дәрісханадағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді.