5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет5/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,33 Mb.
#25909
1   2   3   4   5   6   7

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Әдеби редакциялау және компьютерлік технология.

  2. Микрография құралдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


11-дәріс

тақырыбы: Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері туралы студенттерге талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы.

  2. Автор ® редактор ® оқырман схемасындағы жүйе.

Әдеби жұмыс туралы ғылымда қалыптасқан психологиялық қызметі: әдеби жұмысты таңдауда негізінде психологияға жүгінеміз. Сараптамалық қызметте де біз адамның психологиясын бақылаймыз. Аристотельдің мәдениетінде әр түрлі сөйлеу тілі мен сөйлеу түрлерін қарастырады және тыңдаушы, сөйлеушіге тәжірибе береді. Мәселен, деректер қандай да бір күштерге бағынады. Екінші күш - әлсіз болса, ал үшінші әлдеқайда күшті балып келеді. Бұл бақылау шешендік өнер әдісі риторика кітабында айтылған. Одан әрі бір жүйеде және оның мағынасын күшейту тек лингвистикалық факторлар ғана емес, әдебиеттанулар және бағдарламалар, мағлұматтар береді. Дәл осы қалыптасқан нұсқасы оқуы үшін психология облысында мағлұмат мәтінмен жұмыстың тәжірибесі іске кірді және осының негізінде осы уақытқа дейін сезілуде.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында лингвистика мектебі және әдебиеттану психологиялық бағдарламаға сүйеніп, өздерінің теориялық құрылымын жаратылыстану ғылымында физиология әдісін қолданып, әдеби шығармаларды оқырман қабылдады. Осы психологиялық шығарманы тереңдетуге жаңа түсініктерді кіргізіп, автор мен оқырман арасындағы проблемаларды шешуде осы сұрақтарға жауап береді.

Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы:

Редактордың психологиялық еңбегі әлі міндетті ғылыми тәжірибе ретінде қаралған жоқ. Редакциялау психологиясына қарап, біз жалпы ережеге сүйенуге міндеттіміз. Редакциялау толық негізінде бір формаға жатады және редактордың жұмысы жалпы схемаға бөлінеді:


  1. Алынған ақпарат;

  1. Қойылған мақсат;

  1. Күткен нәтиже схемасы және өткізу моделін құру;

  2. Осы нәтижеге іс-әрекеттің сәйкес келуі.

Редактордың бірінші компоненті ол – автордың шығармасымен танысу, ал екінші қойған мақсаты - редакциялау. Алдын ала көлемі, жанры, оқырманмен қарым-қатынасы, түзету түрі белгіленеді. Содан кейін редактордың үшінші компоненті сызбасын шешеді.

Редактор сол материалды қайтарып беруі немесе автормен бір сол мәтінмен жұмыс істей ме, әлде жалғыз өзі басқа тиімді жолдарды таңдайды. Осы процестің соңы редактордың көзқарасына мәтінді түзеу ең соңғы кезең болып табылады.

Редактордың жұмысы психологиялық тұрғыдан өте ауыр болып келеді.

Мәтін объектінің қиындығында, адамның қиын іс-әрекетінің қорытындысы, автор арасындағы коммуникативтік байланысында оқырман мен редактордың еңбегінде көрінеді.

Әдеби шығарманың нормасын жасаудағы автордың ойын нақтылай түсуде редактор үшін қоғамдық функцияның рөлін атқарады.

Міне редакциялаудың тәжірибесі осыған сүйенеді. Қашанда редактор оқырман мен автор арасындағы «делдал». Бұл теория коммуникация жүйесінде редактордың функциясын айқындап көрсетеді.

Автор ® редактор ® оқырман схемасындағы жүйе әдеби шығарманың коммуникациясының бірлігі іспетті.

Бұл схема олардың арасындағы компоненттерін көрсетеді. Бұның келесі әдісі оның басқа жақ қырынан көрсетеді: яғни, автор Û редактор Û оқырман, схемасы редактордың көмегімен оқырман мен автор арасындағы байланысты айқындауда коммуникация әсер етуші медиатр сияқты болады. Дегенмен бұл схема да редакциялаудың коммуникативті ерекшелігін көрсетпейді. Журналист үшін оқырманмен байланыс өте қажет. Егер де ақпараттық жанрлар бәріне ортақ жеткілікті болса, талдамалы мақала арнайы оқырманға арналған болар еді.

Мәтіннің коммуникативті функциясы редактордан әлеуметтік қоғам жүйесіндегі философиялық білім негізінде редактордың рөлін мекен-жаймен байланыстырып мекен-жайдан талап етеді. Қанша дегенмен редактор мен автор арасындағы байланыс әрқашан қарапайым болмаған. Автор мәтініне редактор қатысы – тек филологиялық қана емес, этникалық мәселелер жағынан да қиын. Бұл мәселелер бүгінде өз күшін жойған емес. Редактор автор үшін жазбайды. Бұл баспа тәжірибесінің ережесінің бірі болып есептеледі. Редакторлық шығарманың шекарасы өте қатал қаланған, бірақ қанша дегенмен редактордың әдеби еңбегі – қашанда шығармашылық еңбек болып табылады. Редактор әрқашан өзінің жұмыс процесінде өзіндік әдістемесінің, жұмыс әдісінің болуы міндетті. Бірақ әрбір редактор бұл жағынан шебер бола бермейді. Ондай шебер редактор болу үшін білімді жан-жақты және оқырман және автормен тіл табыса білген дұрыс.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. Редакциялаудың коммуникативті ерекшелігі.

  2. Редактордың бірінші компоненті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.


12-дәріс

тақырыбы: Мәтін түрлері мен оны классификациялау
Дәріс мақсаты: Редактордың пікірінше, мәтін әдеби шығармада үнемі шектеулі, аяқталған, тұтас болып табылады. Сондықтан, журналист үшін мәтін түрлері мен оны классификациялауды меңгеру маңызды.

Дәрістің жоспары:

  1. «Мәтін» термині.

  2. Мәтін түрлері.

«Мәтін» термині көп мағыналы. Филология саласында мәтін тіл мен шығармашылық, сөз өнерінің жазбаша қайнар көзі ретінде тілдік шығарма ретінде түсініледі. Ғылыми зерттеулер тәжірибесінде автор шығармашылығының мәтіні ұзақ уақыт бойы тіл өнері процесінің ұйымдасқан нәтижесі болып саналады, ал мәтін лингвистиканың обьектісі ретінде сөйлеммен ғана шектеледі. Қазір әдебиеттанушылар нақты зерттеулер барысында лингвистикаға көп назар аударады, ал лингвистер сөйлемге емес, керісінше сөздік бірлікке-мәтінге баса назар аударады.

Ұзақ уақыт бойы «мәтін» термині редакциялау теориясында өз мағынасында қолданылмады. Ол тек «Авторлық қолжазба » немесе «мәтіндік түпнұсқа» деген терминмен тар ауқымда аударылып жүрді. Редакциялау процесі барысында мәтінді кез келген автордың кітап немесе мақала жариялау мақсатындағы қолжазба ретінде түсінді, ал бұл түсінік мәтінді толыққанды ғылыми тұрғыда зерттеуге жол ашпады.

Редактордың пікірінше, мәтін әдеби шығармада үнемі шектеулі, аяқталған, тұтас болып табылады. Әдебиетте «мәтін» түсінігі синонимдік тұрғыдан редакциялағанда авторлық шығарма мағынасында қолданылады. Бүгінгі күнгі мәтін теориясын танып білудің арнайы міндеттемелері бар;

а) мәтіннің тууы мен оны түсінудегі мәтіннің мағынасын толық зерттеп алу;

ә) бірегей коммуникация ретінде мәтінді бақылау;

б) мәтіннің бойындағы ақпараттану проблемасын зерттеу.

Мәтіннің түрлеріне тоқталмас бұрын оның қайнар көзін білудің де артықтығы жоқ. Біріншіден, қолтаңба, ашып айтқанда шығармашылық процесс барысында мәтіннің соңына автордың өз қолымен қойылған қолтаңбасы болуы тиіс. Екіншіден, өзге біреудің қолымен жазылса да, мәтін авторының өз қолымен грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан тексерілгендігін айқындайтын мәтіннің қосымша көшірмесі. Үшіншіден, Автордың басылған мәтіні немесе мерзімді басылымдарда жарық көрген мәтіннің түрі. Төртіншіден, көшіріп алынған немесе мәтіннің анық көшірмесі. Қайнар көзінің бұл түрі ХІХ ғасырда кең таралған болатын, яғни жоғары баға қойылған аз ғана данамен мерзімді басылым сияқты болып шыққан мәтіндер. Мәтіннің қайнар көздері мен оны теориялық тұрғыдан зерттеудің басты мәселелерін толық танып білу, текстология қызметін білдіреді. Текстология қызметінің соңғы қадамы мәтіннің жазылған уақыты мен қолжазбасын қайта қарау міндетімен шектеледі.

Мәтіннің әр жерде әр түрлі қосымша мағыналары да кездеседі. Атап айтқанда, «каноникалық мәтін», «дефинитті мәтін», «сыни тұрғыда қаралған мәтін» және аяқталмаған «аяқталмаған мәтін» т. с.с. Мәтіннің мұндай сипаты оның жазылу стилі мен мағыналық жағына байланысты туып отыр. Сондықтан әр автордың жазған шығармасына баға бере отырып редактор жоғарыда аталған мәтіннің сипатымен бағалай алады.

Мәтінді редакторлық тексерістен өткізуде бірінші кезекте толық немесе біркелікті, байланыстылық, нақты бір белгісі бар жүйеде бекітілгендігі сияқты қасиеттерді анықтап алу қажет. Мәтін тудырушы автор шығарма бойында грамматикалық немесе стилистикалық, морфологиялық қателерден басқа қандай да бір тілдік деректіліктің кетпеуін, газет журналдарда берілетін жаттанды тіркестердің орынсыз қолданылмауын жіті қадағалап отыру тиіс.

Жоғарыда аталған мәтіннің қасиеттеріне жеке-жеке тоқталар болсақ, мәтіннің біркелкілігі дегенді мәтіннің өн бойын тұтас байланыстырып тұрған мағыналық жіп деп түсінуге болады. Мәтіндегі бұл қасиеттің барына көз жеткізу үшін екі бағытта шығарманы тексеруіміз керек: 1. Органикалық бірлік ретінде оны сараптау. 2. Ондағы элементтердің толықтығы мен нақтылығын анықтау. Мәтіннің осы қасиеттерін толықтыру үшін ондағы кейбір сөйлемдерді тереңірек ұғымды білдіретін сөйлеммен алмастыруға болады. Бірақ, көптеген редакторлар мен шығарма авторлары мәтінді мәндендіре отырып, оның бойындағы артықшылық тудырып отырған элементтерін жойып алады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. Каноникалық мәтін деген не?

  2. Мәтін түрлері мен оны классификациялау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


13-дәріс

тақырыбы: Автордың мәтін жазудағы міндеті
Дәріс мақсаты: Мәтінді логикалық тұрғыдан дұрыс жазу үшін мынадай екі операцияны еске ұстау қажет: мәтінді бөлікке ойша бөлу және осы бөліктер арасындағы байланыс пен мәтіннің мағыналық бірліктері арасындағы байланысты анықтауды талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Мәтінді логикалық тұрғыдан сараптау.

  2. Мәтіннің мағынасы мен оның бойындағы кемшіліктер, қателіктерді табу.

Жалпы мәтіннің жетістіктері мен кемшіліктерін тек өзге көзбен ғана біле аламыз. Себебі, шығарма тудырушы автор өз еңбегіндегі кейбір жетіспеушіліктерді байқамауы мүмкін. Осыған байланысты орыстың ұлы жазушыларының бірі Гоголь өз кезінде мынадай кеңес айтқан: «Бір жазған қолжазбама сегіз рет ораламын. Тек содан кейін оны қайта көшіріп, толық аяқталған деп білемін. Ал одан кейінгі тексеру мен бақылауды шамадан тыс, артық деп санаймын. Ол мәтінді бұзып жібереді».

Мәтінді логикалық тұрғыдан сараптау да автор мен редакторға көп міндет жүктейді. Егер мәтін логикалық тұрғыдан дұрыс жазылса, оны бақылау да, тексеру де оңай. Ал логикалық тұрғыдан дұрыс тумаған мәтінмен жұмыс қиынға соғады. Мәтінді логикалық тұрғыдан дұрыс жазу үшін мынадай екі операцияны еске ұстау қажет: мәтінді бөлікке ойша бөлу және осы бөліктер арасындағы байланыс пен мәтіннің мағыналық бірліктері арасындағы байланысты анықтау.

Мұндай тәсілдерді меңгеру кез келген редактордың тәжірибесінде жоқ. Сол себепті мәтіннің мағынасы мен оның бойындағы кемшіліктер, қателіктерді табу үшін де ең бірінші мәтіннің түрлерін ажырата білу өте маңызды. Жоғарыда аталып кеткен мәтіннің бірнеше түрлерінен басқа да қызметтегі құжаттарға байланысты мәтіннің өзі әр түрге бөлінеді. Бірақ, ол мәтіннің ерекшелігі сонда, оның белгілі бір ережелері немесе тәртібі болады. Анығырақ айтсақ, құжаттың басты мазмұндық жағын көрсететін мәтіннің трафарет, анкета және таблица сияқты түрлерін атап өтуге болады. Трафарет дегеніміз - дәстүрлі сызықты жазба. Мысалы:



Анықтама № 1

Бұл анықтама азамат Шаханов Дидарға берілді. Ол Астана қаласы Кенесары көшесі, 25 үйде тұрады. Бір баласы бар.

Анықтама жұмыс орнынан берілді.

Трафарет мәтіннің формаланған түрін көрсетеді. Ал анкета өзімізге белгілі тігінен жазылған бірнеше сұрақтардан тұрады. Оқулықта анкетаны трафаретпен ұқсастырып қарастырған, бірақ анкетаның басты айырмашылығы оның сұрақтарының тігінен берілетіндігінде. Ал кестеге келетін болсақ, қандай да бір ақпараттың сандық көрсеткіштермен немесе анықтамалар арқылы әр бөлікке тігінен және көлденеңінен берілуі. Бұл аталғандардың барлығы қызметтік құжаттарға тән. Әр түрлі оқулықтарды аша отырып, мәтіннің өзге түрлерін кездестіруге болады. Олар жоғарыдағылардан басқа публицистикалық және авторлық мәтіндер. Бұлар әсіресе журналистік жазбаларға тән. Сонымен қатар журналистік тұрғыдан келгенде кез келген мәтіннің бойынан мағыналық жағынан ерекшелендіретін факт болуы шарт.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жатқан материалдардың көбі ақпарат жанрына негізделіп жатқандықтан ақпарат жанры фактіні көп қажет етеді. Және мәтіндегі сөйлемдердің жалғаулары мен жұрнақтарын орынды пайдалану оның мазмұндық құрылымына көп әсер етеді.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. Автордың мәтін жазудағы міндеті.

  2. Публицистикалық және авторлық мәтіндерді тексеру ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


14-дәріс

тақырыбы: Редакторлық талдаудың түрлері
Дәріс мақсаты: Редакторлық талдаудың түрлері туралы талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Редакторлық талдаудың объектісі.

  2. Редакторлық талдаудың түрлері.

Редакторлық талдау ең алдымен, мәтіннің баспаға жарамдылығын анықтау мақсатында жасалады. Сондықтан, қолжазбаны бағалай отыра, редакторлық талдаудың объектісі анықталады.

Әдеби шығарма редакторлық талдаудың объектісі бола тұра, көптеген басқа да мысалы, логика, психология, лингвистика, кітап типологиясы салалары тұрғысынан да зерттеу жұмыстардың объектісі болып табылады.

Осы ғылыми салалардың әрқайсысы тек өз тұрғысынан мәтіннің белгілі бір жағын ғана зерттеумен ерекшеленеді. Мысалы, кей жағдайларда редактор мәтіннің тек идеологиялық немесе логикалық жақтарын ғана зерттеумен айналысуы мүмкін. Сонымен ғана шектелу мүмкін.

Оқырман талғамына сәйкес келетін және қоғам игілігіне жарар дүниені редактор қашанда жоғары бағалайды. Мәтін қандай болып шығады, қоғамның сұранысына қарай қандай болу керек деген жайттар редакторлық талдаудың объектісін аңғартады.

Объект деп жеке бір мәтінді, айтуға болады, не болмаса мәтін ішіндегі белгілі бір фактор да зерттеу нысанына айналады.

Баға дегеніміз – қалыптасқан қағидаларға жауап беретін объектіні бағалаудың қосымша процесі. Сапасы деп те айта аламыз. Л.И.Беляев «К вопросу о типологии читателей» атты еңбегінде мәтінді бағалау процесі «қарама-қайшылықтар мен ұқсастықтарды анықтау бағытында жасалған ой жұмысын анықтайды» деп атап көрсеткен.

Демек, баға мәтінмен жұмыс жасалған процестің барысында, сондай-ақ, соңында жасалады, өйткені бағалау үшін зерттеу қажет. Зерттеу үшін басты объектіні таңдау қажет.

Редактор объектінің мазмұнындағы және жазылуындағы белгілерді салыстыра отыра, қолжазбаға баға береді. Сондай-ақ, қоғамда қалыптасқан қағидаларға қаншалықты сәйкес екендігін, жалпы қатысын зерттейді.

Алайда қоғамда қалыптасқан қағидалар жалпыға ортақ емес, бір ғана топ мүддесіне бағытталуы мүмкін. Бағалау көрсеткіштері оқырманға әсер ету сапасымен анықталады. Редакторлық талдаудың объектісі - әдеби шығарма болса, ол әдеби сын және кітаптану принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, редактор әлеуметтік қоғамдағы әдебиеттерді жалпы бағалау әдісіне сүйене отыра, қолжазбаға мінездеме береді, сол тұрғыдан, обьектіні анықтап, зерттеу жұмыстарын бағдарлайды.

Редакторлық талдауды тәжірибелі редакторлар жасайды. Редакторлық талдауда ең алдымен, практика, белді редакторлардың тәжірибелері үлкен басымдыққа ие. Маңдайалды редакторлардың тәжірибелері көрсеткендей, сын мен түзетудің негізі мәтіннің оқырманға қалай әсер ететінін алдын-ала болжай алу қабілеті болып саналады.

Редакторлық талдаудың екі міндеті бар. Біріншіден, мәтінді түбегейлі зерттеу ғылыми тұрғыдан сараптау, оқырманға әсерін алдын-ала талдау негізінде болжам жасау.

Бұл болжамның механизмі – оқылғаннан бұрын және кейінгі сәтте оқырманның санасын, сезімін және мүмкіндігін салыстыру.

Екіншіден, түпкілікті зерттеу негізінде мәтіннің бастапқы планға шығарылған қоғамдық міндеттемелерге деген оқырмандардың көзқарасын зерттеу. Мәтін өзгеріске ұшыраған бастапқы кезеңде оқырманның жай-күйін, мәтін бара-бара түзетілгеннен кейін оқырманды зерттеу қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде басты шарттар қою арқылы редакторлық талдаудың басты әдіс-тәсілдерін, бағытын анықтап алу керек. Мәтін толықтай түзетіле ме, әлде бір бөлігі ғана ма - бұл сұрақтарға нақты жауап алу қажет. Мәтінге енгізілген өзгерістердің жоспарлы түрде алғышарттарын айқындап алу шарт.

Бұл мәселелер оңайлықпен шешілмесі анық. Өйткені редактордың қолында тек «дайындалмаған» материал ғана болады. Ал оған қажетті деректер мәтіннен тыс жерде жатқанын редактор тез түсінеді. Ал оған редактор қалай қол жеткізеді?

Әрине, редактор мәтінді ең алдымен зерттеу нысаны ретінде қарастыруы заңды. Алайда, редактор мәтіннің оқырмандарға әсер ету жағын да басты нысан ретінде қарастырса, онда редакторлық талдау жұмысын ұйымдастыруында айтарлықтай мін болмайды. Демек, жұмыс барысында тығырыққа тірелу деген нәрселер кезікпейді.

Ол тек редактордың ұйымдастырушылық қабілетіне ғана тірелетін, сол қасиет түйсігімен жүзеге асатын шаруалар. Әр мәтін дайын болғаннан кейін өз оқырмандарына жол тартады. Біршама қоғамдық санаға әсер етеді. Ал одан бұрын редактор оқырмандардың санасына қалай әсер ететінін тек ойша болжалайды. Алайда, бұл құбылысты дөп басып айту қиын болғанмен де, редактор болжам жасауға қауқарлы болуы керек. Редактор мамандығының қиындығы да сол.

Сондықтан да редакторлық талдауды ойлау қызметі ретінде қарастыруға болады.

Бұл зерттеу түрін ой эксперименті деп атау да қисынды. Редактор оқырманға айналып, мәтін мен оқырман арасындағы байланысты ойша елестетеді. Сондай ойлау жұмысы негізінде мәтін бағаланады.

Алайда, редактор қолжазбамен жұмыс жасағанда, бір топ оқырмандармен бірге де оқып, ол жөнінде пікір бөлісе алады. Осындайда ортаға түскен пікірлер редакторға айтарлықтай көмектесе алады. Алайда, редакторлық талдаудың орнын пікірталастар әсте алмастыра алмайды.

Алайда редакторға бір бағыт сілтеп, ой салуы әбден ықтимал. Оқырмандардың жекелеген пікірлері тек толыққанды зертеу жұмысына қосымша ретінде пайдалана алады.

Редакторлық талдаудың механизмінің тұғыры – мәтін оқылғаннан кейінгі және дейінгі сәттегі оқырмандардың сезімдері, санасы мен мүмкіншіліктерін салыстыру негізінде жасалған болжамдар.

Осы орайда, біз редакциялауға осындай анықтама бере аламыз:

Редакциялау дегеніміз – баспаға арналған мәтіннің қоғамдық маңыздылығының алғышарттарын құру процесі. Яғни, болжам негізіндегі мазмұны мен құрылымындағы оқырмандарға әсер ету шарттарын талдау, сонымен қатар, авторға мәтіннің қоғамдық құндылығын анықтауға, түзету немесе байытуға көмектесу немесе мәтінді қоғамдық құндылық шарттарына біршама жақындатып сәйкестендіру.

Мәтінді қалайша бөліп зерттеуге болады? Бұл сұрақтың үнемі санамызда қылтиятыны да бар. Өйткені кез-келген адам мәтінді біртұтас дүние ретінде қабылдайды. Алайда, мәтінді бірден қабылдау мүмкін емес, өйткені адамның санасы мәтінді текстік элементтер, бөлімдер бойынша қабылдайды екен.

Редакторлық талдау - шығармашылық процесс, содан болар, оның құрылымы да өте күрделі. Ол үш әркелкі қабатта бір уақытта жүзеге асатын сияқты.

Біріншіден, ол бірнеше бөліктен тұрады, өйткені мәтіннің өзі көптеген бөлімдерден тұрады.

Екіншіден, текстегі әр бөлік зерттеуді талап етеді, бұл бөліктер бірнеше ойлау операцияларды бастан кешіреді, олар мыналар:



  • автордың айтар ойын жетік түсіну

  • мәтіннің мағынасын тағы бір мәрте сана сүзгісінен өткізу

  • мәтін бағытталған оқырманның ерекшелігін ескеру

  • оқырман мәтінді қалай қабылдайтынын ойша болжау

  • мәтін қандай мақсатты көздейтінін анықтау

  • мәтіннің жалпы, өзіндік ерекшеліктерін зерттеу

  • мәтіннің оқырманға әсерін елестету

Осыдан кейін ғана мәтін бағаланады. Егер де баға межеден төмен болса, онда талдау одан әрі жалғасады. Біріншіден, бағаның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін, екіншіден, авторға мәтінді жақсартатын тиімді тетіктерді табуға жәрдемдесу үшін.

Редакторлық талдау бірнеше түрге бөлінген. Бір тобы қолжазбаны бағалауына бағытталса, екіншісі оны жақсартуға бағытталған.

Үшіншіден, редакторлық талдау бірнеше бөлімнен тұрады, өйткені мәтіннің әр бірлігінің құрылымды және формальды қасиеттері болады. Талдау түрлерінің бірінші тобы құрылымды-логикалық бөлім, талдау түрлерінің екінші тобы оқырмандардың талғамын анықтауға бағытталған, ал үшіншісі мәтін ішіндегі бірліктердің қасиеттерін білуге бағытталған.

Яғни, біріншіден редакторлық талдау-мәтіндік бірліктер бойынша талдау, екіншіден ойлау процесіне бағытталған талдау, үшіншіден қасиеттерді талдауға бағытталған талдау деп қысқа ғана қайыруға болады.

Мәтін бір-бірімен сабақтасқан сөйлеу, логикалық, композициялық, айдарлық бірліктерден тұрады. Ал олар өз ішінде қасиеттер бойынша тағы бірнеше түрлерге бөлінген.

Мәтін құрылымының редакторлық талдауға түсетін үш басты элементі бар.

1) сөз (логикалық бірлік)

2) сөйлем (баяндау бірлігі)

3) жоғарыфразалық тұтастық (айдарлық бірлік)

Сеченовтың айтуынша, ойлау қабілетінде объектілер үш басты формада қойылған: туыстық топтар мүшелері ретінде, кеңістіктегі тіркестер мүшелері ретінде және уақыттағы топ мүшелері ретінде бір-бірімен байланысқан.

Мәтінді бөлшектеу – логикалық процесс. Мәтін былайша бөлінеді:


  1. негізделген

  1. адекватты

  1. қорытындыланған

  2. шексіз бөлшектер бойынша бөлінеді.

Редакторлық талдау қолжазбаны оқудан басталады.

Редакторлық оқудың ерекшелігі редактор мәтінді ақпарат ретінде қабылдамайды, оған жұмыс нысаны ретінде қарайды.

Екінші ерекшелігі редакторлық оқуда редактор мәтінді ойша бөлшектейді. Мәтінді тарауға, одан бөлімдерге, одан абзацтарға, одан кейін жеке фразаларға бөліп тастайды. Ал бұл фразалардың өзі өз ішінде қасиеттеріне сәйкес бірнеше бөліктерге бөлінеді.

Редакторлық талдау жасағанда кейбір редакторлар түзетулерді парақтың сызық жолындағы жерге белгілейді. Мысалы: «Возмутитель спокойствия» романының редакторы «Мәтіндегі түзетулерді үш түрге бөлген. Олар – нақты түзетілуі тиіс, түзетуді талап ететін және түзету енгізуді тағы бір мәрте қаралуды қажетсінетін түзетулер.

Редакторлардың көбі түзетулерді әркелкі түспен көрсеткен не болмаса арнайы белгі-шарттармен белгілеген. Яғни парақ сызығы жолындағы жерге белгіленген, я болмаса түрлі түстермен белгілеу редактордың жеке әдісі. Дегенмен де, бұл түзетулер нақтыланған болуы шарт. Редакторлық талдау үш элементтің бөлшектенуінен тұрады. Олар тақырып таңдауын бағалау, оның құрылымы, әдеби әрлеу.

Тақырып таңдауын бағалауда келесі тәсілдерді ескеру шарт: Тақырып өзектілігі не? Және бұл кітап, мәтінді басқа да тақырыптас дүниелермен салыстыру. Тақырып өзектілігі ашыла ма? Басқа шығармалармен салыстырғанда, бұл мәтін қандай деңгейде екенін білу керек. Тақырыптары ұқсас басқа да шығармалардың ішінен бұл шығарма қандай орын алатынын кеңінен зерттеу керек.

Тақырып құрылымын анықтау үшін автор тақырып ашуда қандай позицияларға сүйенгенін білу шарт. Бір ғана топтың мүддесі үшін жазылған дүние ме, әлде бүкіл халықтың мұң-мұқтажын суреттеу үшін жазылған ба? Бұл жерде бастысы автор қандай мақсатты көздегені, автордың пиғылы не екенін жете түсіну керек.

Яғни, тақырып құрылымын талдағанда, редактор оның идеологиялық, методологиялық және ғылыми жақтарын анықтайды. Идеологиялық жағы жөнінде жоғарыда айттық. Ғылыми жағы дегенде, редакторда мәтіндегі қандай да бір мәселе төңірегінен хабары болуы керек. Бұл дегеніміз редактордың ойлау қабілетіне, оның білімділігі мен парасаттылығына байланысты.

Методологиялық жағы дегенде, редактор белгілі бір тіл заңдылықтарын, оның нормаларын, әдіс-тәсілдерді бүге-шігесіне дейін меңгеруі шарт.

Материалдағы фактілер. «Factum» сөзі латын тілінен шынайы оқиға, құбылыс дегенді білдіреді. Факт дегеніміз - шындыққа жанасатын адам білімінің формасы.

Факт деп мәтіндегі сандарды, деректерді, біреудің сөзін айтамыз. Ол түзетуге келмейтін деректер. Осы орайда редактор автордың фактілерді дұрыс қолданылғанын, сондай-ақ, фактілердің шынайылығын тексереді. Фактілерге сүйене отырып, автор тақырыптан ауытқымай ма? Мәтінде фактілер қаншалықты орынды қолданылған? Факті деп отырған деректер шынымен-ақ, фактілер ме? Осындай сұрақтарға редактор жауап іздейді.

Басқа мәтіннен алынған бөлім, біреудің сөзі, яғни төл сөз. Олар барлық, дерлік, мәтіндерде кездеседі. Өйткені қандай да бір мәтін болмасын, ол нақты деректермен әрленуі керек. Және олар түзетуге жарамсыз келеді. Авторлар біреудің айтқан сөзін – төл сөзді мынадай жағдайдарда қолданылады. Біреудің айтқан сөзіне қарама-қайшы келетін өз ойын білдіру мақсатында, сонымен қоса айтқан өз ойын басқа біреудің – танымал ғұлама болуы мүмкін – сөзімен нақтылау, не болмаса өз мәтінін байыту үшін қолданады.

Төл сөзді қолдануға байланысты редакторлық талдауда екі тапсырманы шешу керек. Біріншіден, олар мәтінге қажет пе, қысқартуды талап ете ме – осыны шешіп алу керек. Көп жағдайда төл сөз көп қолданылады да, ал олардағы айтпақ ой бір арнаға тоғысады, сондықтан да оларды қысқарту, не болмаса мүлдем алып тастау редактор қателігі емес, керісінше редактор міндеті.

Екіншіден, төл сөз ақпарат көзінен алынғандығын анықтау шарт. Қателер жіберілмеген бе? Бұл міндет төл сөздер мен төлеу сөздерді автор дұрыс қолданылды ма, соған бағытталған.

Яғни автор біреудің айтқан сөзін бұрмаламай ма , соны анықтап алу керек. Өйткені ондай жағдайда автор басқа автордың құқықтарын бұзуы мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды, автор міндетті түрде сілтеме жасау қажет. Автордың назарынан тыс қалған осындай құқыққа тірелетін олқылықтар редактор назарынан тыс қалмау керек.

Мәтінді бір құрылыс нысанына теңесек, ал оның бөлшектері яғни кірпіштердің дұрыс қалануынан бұл құрылыстың тұғыры нық болмақ. Яғни бөлшектердің бір-бірімен мағыналық байланысы үзіліп қалмауы қажет. Әйтпесе, құрылыс процесі дұрыс жүрмей қалады.

Мәтін құрылымына келгенде, мәтін бірнеше бөлшектен тұратынын білеміз, ал осындай бөлшектердің қосындысын құрылым, композиция дейді

Әрбір бөлшегін атау да редакторлық талдауда орын алатын жайт. Бұл өз кезегінде мәтін бағытын анықтауда көрсеткіштік бағдарлар бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет