5В072600– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы


Лекция 5. Стандарттау әдістері (жалғасы)



бет8/80
Дата10.02.2022
өлшемі463 Kb.
#131329
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Байланысты:
гылыми техникалык кужаттар

Лекция 5. Стандарттау әдістері (жалғасы)


Унификация – (бірыңғайлау) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын тағайындау.
Бірыңғайлау – объектілерді бірыңғай жүйеге, нысанға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайлау - өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіру.
Бірыңғайлаудың мақсаты - өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлеріның болуына жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады.
Бірыңғайлау стандарттау объектілерін жүйелеу, типтендіру, селекция, симплификация және оңтаылауда негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:
- бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектерді параметрлік және өлшемдік қатарларға келтіру;
- біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру үшін типтік бұйымдарды зерттеп дайындау;
- бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат нұсқаларын және т.б. зерттеп дайындау;
- біртекті стандарттау объектілерінің номенклатурасын оңтайлы минимуммен шектеу.
Бірыңғайлау мына түрлерге бөлінеді:
- типтік-өлшемдік бірыңғайлау (функционалдық арналуы бойынша бірдей, бір-бірінен бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);
- тип шегінде бірыңғайлау (бас параметрі бойынша бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);
- тип алалық бірыңғайлу (типтері мен конструкциясы әртүрлі өнімдер).
Агрегаттау - бұйымдарды, машина, аспап және жабдықтарды жеке, бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптардың әртүрлі қосылысы конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын бұйымдардың кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндек береді. Мысалы, жиһаз өндірісінде қалқандардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі қосылысы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді.
Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігін жоғарылатуға болады.
Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшеу құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салалар бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз агрегаттарға бөледі. Әр агрегат машинада белгілі функция атқарады. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек тексеруге мүмкіндек берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет