5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған



бет11/24
Дата26.08.2017
өлшемі11,3 Mb.
#29677
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
4 жұмыс. АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуі үшін физиологиялық үрдістер жүргізу қажет.Бұл үрдістер тек бір оңтайлы температурада ғана жүреді.Ол үшін түрлі дақылдардың оптималды ,минималды,максималды температуралар болады және әр бір өсу фазасында ол температуралар әр түрлі болады. Өсімдік өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам көтерілсе соғұрлым өсу фазалары да жылдам өтеді. Ал көктемде салқын күндер көп болған сайын өсу фазалы кешігеді.Мысалы, дем алу үрдісі 0 градус температурада басталады да температиура өсе берген сайын күшейе түседі.Ал температура 35-40 гр. жетенде нашарлайды да,температура 50 градусқа жеткенде тоқтайды.

Температура жоғарылаған сайын суды,қоректік заттарды пайдалану нашарлайды,өйткені ауа ылғалдылығы төмендейді. Ауа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады.

Өсімдіктердің тозаңдануын жоғарғы температуралар нашарлатады.

Ауыл шаруашылық өндірісінде вегетациялық және аязсыз кезеңдердің мағынасы үлкен.



Вегетациялық кезеңге тұқымның өніп-өсе бастауынан жаңа тұқымдардың пісіп жетілуі арасындағы кезең жатады.Көп жылдық дақылдарда ол келесі жылдары жалғасады.Вегетациялық кезеңнің ұзақтылығына аяз қатты әсер етеді.Аязсыз кезең болып көктемнің соңғы үсі болған күні мен күзгі алғашқы үсікке дейінгі аралық саналады.Осы кезеңді дақылдарды аймақтарға аудандастыру кезінде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз кезеңнен қысқа болса онда аталған дақылдар піспей үсікке шалдығады.

Вегетациялық кезеңдегі орташа температура мен оның жиынтығы осы дақыл вегетациясы уақытының басталуы мен аяқталуына дейінгі орташа тәуліктік температураларды жинақтау арқылы шығарылады.

Қазақстан республикасында ауыл шаруашылық дақылдардың әр түрлі аймақьарда өсіреді.Қандай аймақта қай дақылды аудандастыру үшін осы дақылдың биологиялық ерекшелігін, әсіресе вегетациялық кезеңің білу, сонымен қатар аймақтың аязсыз кезеңін анықтауымыз қажет.Өйткені дақылдың вегетациялық кезеңі аязсыз кезеңнен кем болу керек.

Сондықтан бір дақылды белгілі аймақта өсіру үшін сол аймақты мынандай температуралық көрсеткішін анықтау қажет:



  1. Орташа температуралар (тәулік, онкүндік, айлық, вегетациялық кезең);

  2. Биологиялық, минималды, оптималды, максималды температуралар;

  3. Белсенді тиімді температуралар;

  4. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, температураның 0, 5, 10, 15 градустардан жоғарлайтын және төмендейтін мерзімдері;

  5. Аяқсы кезеңнің ұзақтығы.

Вегетациялық кезеңдегі жылдық ресурсына баға беру.

Ауылшаруашылық дақылдарын жылылықпен қамтамассыз ету жөнінде бүкіл ТМД территориясы 4 аймаққа бөлінеді.



  1. аймақ- бұл аймақта вегетация кезеңінде активтік

жиынтығы 1000-1400 С аспайды. Бұл жерлерде пісітін картоптың астықтың кейбір ерте пісетін сорттарын егуге болады.

  1. аймақ – Солтүстік астық аймағы деп аталады. Бұл жерде активтік

температура жиынтығы 1400-2200 С дейін болады.

Бұл аймаққа жақсы агротехникалық шараларды жүргізіп астық дақылдардан жоғары өнім алуға болады.



  1. аймақ- жүгері, майлы дақылдар және қант қызылшасы егіледі. Ал

бұл аймақтың оңтүстік жағында бақша дақылдары күріш, жүзім және бұршақ егіледі. Температураның жиынтығы 2200-3500 С жетеді.

  1. аймақ – бұл аймақ мақта, темекі, кенаф және сондай вегетациялық

кезеңі ұзаққа созылатын дақылдар егілетін аймақ, активтік температура 3500 С –тан көп болады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 4
Сабақтың мақсаты: Ауаның температурасын өлшейтін аспаптармен танысу, оларды орналастыру және өлшемдер жүргізу

1.Ауаның температурасына бақылау жүргізу

Ауаның температурасына бақылау жүргізу кезінде, әрбір белгіленген мезгілінде температура өлшенеді және өлшенетін уақыттардың арасындағы температураның орнаша, ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткіштері анықталады.

Қай ортаның болмасын, температурасы термометрлермен өлшенеді. Температураның өлшем бірлігі – градус. Халықаралық шкала бойынша градус дегеніміз – интервалдың 00 және 1000 арасындағы 1/100 бөлігі. 00- мұздың еритін температурасы, ал 1000-судың қайнайтын температурасы.

Аспаптар:

Ауаның температурасына бақылау жүргізу үшін термометр қолданылады. Олар төмендегілер: жедел, максималдық және минималдық термометрлер, термометрлер сынапты және спиртті болады. Сынаптың – 38,90-та қататынын еске алып, өте төменгі температураларды өлшеу үшін спирттік термометрлерді қолданады.



Термометрлерді сипаттау: Термометр сынаппен немесе спиртпен толтырылған резервуардан, капиллияр түтіктен және әр бөлігі 0,2 немесе 0,5 бөлікке бөлінген шкаладан, сондай-ақ шыны құтыдан тұрады.

Жедел термометр: Дәл мезгілдегі (уақыттағы) температураны анықтайды. Бұл сынаптық немесе спирттік болуы мүмкін. Өлшеу жүргізу үшін термометрді тік немесе көлбеу орналастырады. (10 сурет).


10-сурет. Термометрлердің құрылысы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет