5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған



бет2/10
Дата07.05.2017
өлшемі2,02 Mb.
#16054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оттегi атмосфераға фотосинтез үрдiсi арқылы бөлiнедi. Ол дем алу үшiн, топырақта органикалық заттардың шiруi және тағы басқа тiршiлiктерде қажет.

Топырақ ауасын құрайтын төрт газдың үшеуiнiң маңызы өте зор. Оттегi топырақта өсiмдiк тамырының, микрооргонизмдердiң дем алуына және химиялық процестердiң жүруiне бiрден-бiр керектi элемент. Оттегi жетiспегенде топырақты қалпына келтiру процестерiн күшейтiп, өсiмдiкке зиянды тотыққан қоспалар көбейедi мысалы, NH3H2S.

Топыраққа оттегi жетiспеген жағдайда өсiмдiктiң тамыры қысқа және жуан болады, тамыр түгi азаяды. Кейбiр зерттеушiлердiң айтуынша топырақтағы оттегiнiң концентрациясы 5-ға дейiн төмендегенде, өсiмдiк тамырының өсуi тоқтайды. Мұнымен қатар топырақтағы оттегiнiң мөлшерi азайғанда, өсiмдiктiң суды және қоректiк заттарды сiңiруi төмендеп, оның жер бетiндегi бөлiгiнiң өсуi де баяулайды. Аэрацияның азаюы өсiмдiктiң ауруын қоздыратын организмдердiң күшеюiне әкелiп соғады.

Көмiрқышқыл газы. Топырақтағы көмiрқышқыл газының мөлшерi жердiң және атмосфераның жылу балансына әсер ететiнiн айту керек. Бұл газдың қатысуымен фотосинтез процесi жүретiнiн бiлемiз. Көмiрқышқыл газы топырақтағы заттардың ерiтiлу қабiлетiн жоғарылатып, оның қоректiк жүргiсiн жақсартады. Сонымен қатар топырақ көмiртегiнiң өсiмдiк үшiн оның маңызды көзi болатынын айта кету керек.

Топырақ ауасы. Топырақ ауасының құрамына сол жоғарыда аталған газдар кiредi, бiрақ ондай тұрақтылық жоқ. Бұл жерде газдар мөлшерi ауысып, өзгерiп тұрады. Органикалық заттар неғұрлым көп, жылдам шiрiсе, солғұрлым топырақ құрамында көмiрқышқыл газы көбейедi. Топырақ құрамында бос азот пен оттегi аз болады, өйткенi оларды әр түрлi бактериялар пайдаланады. Топырақ құрамында жалпы азот мөлшерi 78-87%, оттегi 10-20%, ал көмiрқышқыл газы 1-2%, қарашiрiндiсi көп, батпақтанған топырақтарда 6% дейiн болады.

Газалмасу. Атмосфераның төменгi қабатымен топырақ арасында газалмасу үрдесi жүрiп тұрады. Осының нәтижесiнде топырақ құрамына азот (2) және оттегi (О2) сiңiп, топырақтан көмiрқышқыл (СО2) газы бөлiнiп шығып отырады. Бұл табиғат үрдiсi өсiмдiктердiң өнiп-өсуiне өте қолайлы жағдайлар туғызады. Егер, әр бiр сағат сайын 30 см топырақ құрылысында толық газ алмасу болып отырса, өсiмдiк үшiн оңтайлы жағдайлар туылады. Ал газалмасу нашар болса, ондай жағдайда өсiмдiк әр түрлi ауруларға шалдығады (тамыр шiруi, оттегiнiң аздығынан өсiмдiктiң өспеуi т.б.).

Газалмасудың қарқынды жүруiне мына факторлар әсерiн тигiзедi:

1. Атмосфераның төменгi қабатымен топырақ температурасының айырмашылығы. Бұл айырмашылық неғұрлым көп болса (∆t), солғұрлым атмосфералық қысымның айырмасы көбейедi (∆Р), соның арқасында, газдар атмосферлiк қысымы жоғары ауданнан қысымы төмен ауданға қарай жылжый бастайды.

2. Жел. Топырақ құрамынан бөлiнген (шыққан) газдар желмен басқа жерге жылжыйды да, оның орнына жаңа газдар шыға бастайды.

3. Жауын-шашын. Топырақ құрылысындағы бос газдар орналасқан жерлер жауын-шашын суымен толып, ол газдарды топырақ бетiне ығыстырып шығарады.

4. Топырақ құрылымы. Құрылымы бос, борпылдақ топырақтарда газалмасу қарқынды түрде жүредi.
3тмосфералық қысым, өлшеу әдiстерi

Ауаның салмағы болғандықтан, ол жер бетiне қысым көрсетедi.



Атмосфералық қысым – бiр өлшем жерге (см2, м2) ауаның түсiретiн күшi немесе қысымы. Метеорологиялық элементтердiң ең маңыздысы атмосфералық қысым болып табылады, өйткенi оның уақыт аралығында өзгеруi ауа-райын өзгертедi.

Атмосфералық қысым сынап бағанасының биiктiгiмен өлшенедi (мм), оның салмағы атмосфералық қысымды теңестiредi. Сынап бағанасы бойынша 760 мм тең қысым қалыпты атмосфералық қысым болып саналады (негiзi 1 см2) температура 00С тең, теңiз деңгейiнде, (негiзi Балтық теңiзi саналады).



Атмосфералық қысым мына факторларға байланысты:

1. Теңiз деңгейiнiң биiктiгiне байланысты. Температура бiр қалыпты болғанда, бiрақ жер бетi теңiз деңгейiнен жоғарылаған сайын, қысым төмендейдi, өйткенi белгiлi бiр нүктеге түсетiн атмосфераның салмағы төмендейдi;

2. Ауаның температурасынан. Температура көтерiлген сайын ауа тығыздығы төмендейдi, сондықтан қысымда төмендейдi;

3. Ауаның құрамындағы су буларынан. Атмосферадағы су булары көбейген сайын, құрғақ ауаны ығыстырады, оның орнын басады. Су буларының тығыздығы, құрғақ ауаға қарағанда төмен, сондықтан атмосферадағы су буларының мөлшерi жоғарылаған сайын, қысым төмендейдi.

Жер шарында қысым өзгерген сайын атмосферадағы әр түрлi ауа массалары бiр орыннан екiншi орынға жылжый бастайды, соның әсерiнен ауа-райы өзгерiп климат құбылмалы болады.

Атмосфералық қысымда периодикалық (дұрыс) және периодикалық емес (дұрыс емес) өзгерiстер болып тұрады.

Атмосфералық қысым өзгермелi метеоэлемент, кей кезде ол өте тез өзгередi, ал кейде бiраз уақыт бiркелкi болып тұрады. Периодикалық (дұрыс) қысымның өзгеруi күннiң биiктiгiнiң бiр тәулiктiк немесе жыл бойына өзгеруiне байланысты. Күндiз атмосфералық қысым түнге қарағанда төмен, ал жазда қыс айларына қарағанда төмен болады. Бұл өзгерiс жоғары айтылған заңдылыққа сәйкес, атмосфералық қысымның дұрыс өзгеруi. Ал, қысымның дұрыс бағытта өзгермеуi немесе – күндiз жоғарылап, түнде төмендеуi периодикалық емеске жатады. Бұл құбылыстар термикалық және динамикалық өзгерiстерге алып келедi. Жер бетiнiң бiр қалыпты жылынуы және салқындауы, жылы (жеңiл) және суық (ауыр) ауа массаларының келуi қысымның түсуiне немесе көтерiлуiне әкелiп соғады. Егерде жылы (жеңiл) ауа массасы келсе, онда қысым төмендейдi. Ауа-райын жақын уақыттарға (сағаттарға) болжау үшiн периодикалық емес атмосфералық қысымның өзерiстерi пайдаланылады.

Тәулiк бойынша атмосфералық қысымның өзеруiнде екi максимум және екi минимум байқалады. Максималды атмосфералық қысым сағат 10-да және 22-де болады, ал минимум сағат 4-те және 16-да бақыланады.

Тәулiкаралық қысымның өзгеруiн бақылау ауа-райын болжау үшiн қажет. Ауа-райы тұрақты, өзгерiссiз болатын жағдайда атмосфералық қысымның бiр неше күн қатар өзгеруi 0-ге тең болуы мүмкiн. Ал ауа-райының тез өзгеруi қысымның 10-15 мб өзгеруiне әкелiп соғады.

Тәулiкаралық қысымның ең жоғарғы құбылмалылығы қыс айларында мұхиттардың үстiнде, ал төменгiсi жаз айларында - құрлықтарда байқалады.

Жақын сағаттарға ауа-райын болжау үшiн барометрлiк тенденцияны және барометриялық сипаттамаларды бiлу қажет.

Барометрлiк тенденсия - қысымның 3 сағат iшiнде қаншалықты көтерiлгенiн (мм) немесе төмендегенiн бiлдiретiн көрсеткiш.

Барометриялық сипаттамалар 3 сағатта қысым қалай өзгергенiн көрсетедi, егер тәулiк бойында осы өзгерiстердi бiле алсақ, бiз жақын уақыттарға ауа-райының болжамын айтааламыз.

Барометрлiк нивелирлеу – атмосфералық қысымның айырмашылығына байланысты бiр нүктеден екiншi нүктенiң биiк (жоғары) орналасуын анықтау. Бұл анықтау, жоғары көтерiлген сайын атмосфералық қысымның төмендейтiн заңдылығына байланысты. Ол үшiн, бiрiншi нүктеде (пункта) атмосфералық қысымды, температураны өлшеймiз, содан соң екiншi нүктеге (пунктке) көтерiлiп ол жерде де осындай өлшеулер жасаймыз.

Барометрлiк нивелир геодезиялық нивелирдi және рейканы пайдалана алмайтын жерлерде қолданылады:Жер бедерiнiң күрделi формаларында;Екi пункттiң ара қашықтығы өте алыс болса, 100 км және одан да көп болғанда;Жер бедерiнiң картасын тез дайындау керек болса;Нивелир пайдалану қиын болғанда (орман, аңғар, тау, батпақ).

Барометрлiк нивелирдi жүргiзу үшiн ең қолайлысы барометр-анероид. Жаңа жерлердi пайдалану үшiн өте қолайлы.

Жер бетiнен жоғары (тауға делiк) көтерiлген сайын метеорологиялық элементтердiң өзгеруi:

а) әр бiр 100 м көтерiлген сайын жазда ауа температурасы 0,50С төмендейдi, ал қыста 0,80С жоғарылайды;

ә) жауын-шашын мөлшерi және жауынды күндер саны жоғарылайды;

б) үсiксiз күндер ұзақтылығы азаяды;

в) әр бiр 100 м жоғарылаған сайын күн радиациясының қарқындылығы 0,01-0,02 каллории жоғарылайды. Тура күн радиациясының мөлшерi арта бастайды;

г) әр бiр 100 м сайын ультрокүлгiн сәулелерiнiң құрамы 3-4% жоғарылайды;

ғ) әр бiр 100 м сайын өсiмдiктердiң даму фазалары 3-4 күнге кеш жүредi.

Осы жағдайларға байланысты өсiмдiктiң өнiп-өсу жағдайлары өзгередi. Сондықтан агротехникалық шараларды жүргiзгенде (жоспарлағанда), дақылдарды орналастырғанда егiлетiн учаскелердiң қандай биiктiкте орналасқанын ескеру қажет.
Бақылау сұрақтары


  1. Атмосфера және оның қабаттарына сипаттама берiңiз

  2. Атмосфераны зерттеу әдiстерi

  3. Атмосфера құрылымы, элементтердiң мөлшерi

  4. Топырақ ауасы, элементтердiң мөлшерi

  5. Газалмасу, әсер етушi факторлар

  6. Атмосфералық қысым, оған әсер етушi факторлар

  7. Барометрлiк тенденция және сипаттамалар

  8. Барометрлiк нивелирлеу

  9. Атмосфералық қысымды өлшейтiн аспаптар (приборлар).


Әдебиеттер

Негізгі:

1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.

3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976



Қосымша:

1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.

2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.

5-6 дәріс КҮн радиациясы
Мақсаты: Күн радиациясының ауылшаруашылығына тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.

Міндеті: Күн радиациясының өлшеу әдістері мен аспаптарын дұрыс қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Күн радиациясы, радиациялық тепе-теңдік, тура радиация, шашыраған радиация, шағылысқан радиация, ФБР.
Дәріс жоспары:

1. Күн – табиғат үрдiсiнiң энергия көзi

2. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары

3. Күн радиациясының спектральды құрамы

4. Күн радиациясының ауылшаруашылығы дақылдарының өніп-өсуіне әсерi
Күн радиациясы метеорологиялық элементтер дiң iшiндегi ең маңыздысы болып табылады. Жер бетiндегi барлық физикалық құбылыстардың жүруiнiң негiзгi күшi күн радиациясы болып есептелiнедi.

Күн - үлкен шар тәрiздес, беткейiндегi температура 60000С, ал iшкi жағында температура 40 млн градусқа жетедi. Күнде тоқталмайтын ядерлық реакциялар болып жатады, соның әсерiнен 5,3х1027 кал/мин энергия жан жағына бөлiнiп жатады. Осы энергиядан 1 км2 жер бетiне жылына 2,5х1012 ккал жетедi. Бұл энергияның жер бетiне келуi күн мен жарық ара қашықтығына байланысты болады.

Күн мен жер дiң ең жақындағандағы ара қашықтығы 147 млн.км. Бұндай ара қашықтық қаңтар айының 2 жұлдызында байқалады. Ал ең алыстағаны 5 шiлде – 152 млн.км.

Күннен шыққан радиация жер бетiне жеткенге дейiн атмосферада бiраз мөлшерi пайдаланылады (сiңедi). Әр түрлi (бұлт, газдар) атмосфера құрамдарынан шағылысады, осының нәтижесiнде радиацияның 43% атмосферада қалып қояды да 57% жер бетiне жетедi, одан 14% жер бетiнен шағылысады да 43% жер бетiне жетiп жылулық бередi. Сондықтан, атмосферада күн сәулесiнiң үш түрi пайда болады: тура, шашыраған және шағылысқан.

Күн радиациясы өсiмдiктер дiң өсуiне үлкен әсер тигiзедi. Оның әсерiнен өсiмдiк құрамында хлорофил пайда болады да күн сәулесi әсерiнен фотосинтез жүредi.
6СО2+6Н2О = С6Н12О6+6О2
Сондықтан неғұрлым күн сәулесi көп болған сайын, белгiлi бiр мөлшерге дейiн, солғұрлым фотосинтез жақсы жүредi, нәтижесiнде өнiмдiлiк артады. Осыған байланысты биологтар мен физиологтардың алдына қойылған үлкен мақсат өсiмдiктер дiң күн радиациясын пайдалану коэффициентiн арттыру жолдарын iздестiру. Радиация (жарық) болмаған жағдайда өсiмдiк тұқым құрамындағы қоректiк заттар күшiмен өседi, ақ түстес болады, ал тұқымдағы қоректiк заттар бiткен соң ол өсуiн тоқтатады.

Мысалы: Жарық түспейтiн жердегi картоптың өсуi.

Күн радиациясы арқылы атмосферада, жер бетiнде температура жоғарылайды да өсiмдiктер дiң өнiп өсуiне қолайлы жағдайлар туғызылады. Сонымен қатар, күн радиациясы өнiмнiң сапасына да әсерiн тигiзедi. Мысалы, қант қызылшасындағы қанттың мөлшерi күн радиациясының көп және аз болуына байланысты, күн радиациясы көп болған сайын қант мөлшерi көбейедi.

Жоғары (тауға) көтерiле берген сайын радиация көбейе бередi, соның әсерiнен жоғарыда өсiрiлген шөптер өте жоғары қантты, дәмдi болып келедi.


2. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары

Жер бетiне жететiн күн радиациялары жер бетiнен шағылысады, ал бiраз мөлшерi жерге сiңедi.

Радиациялық баланс (тепе-теңдiк) дегенiмiз жер бетiне түсетiн және жер бетiнен шығын болатын (қайтарылатын) радиациялық баланстың негiзгi элементтерiне мыналар жатады:

а) Тiк радиация, S1;

ә) Шашыранды радиация, D;

б) Шағылысқан радиация, R;

в) Эффективтi (тиiмдi) радиация, Ет.

Ендi, осы радиациялық баланстың құрамдарына (элементтерiне) талдау жасайық. Күннен бөлiнген радиациялар атмосфера қабаттарынан өтедi де жер бетiне екi түрде түседi: тура (тiк) және шашыраған.

Тура күн радиациясы (S1) – бұл жер бетiне тiк сәулелер дiң параллелдiк түрiнде келiп түсетiн күн энергиясының бiр бөлiгi. Ал осы күн радиациясының интенсивтiгi калория мөлшерiмен 1 минутта 1 см2 күн сәулесiне перпендикуляр орналасқан абсолюттiк қара бетке түскен жылылық шамасымен өлшенедi. Тура күн радиациясы мына формуламен анықталады:

S = S0· Рm, кал/ см2/мин,

бұл жерде: S0 – күн сәулесiнiң тұрақты коэффициентi, оның мәнi 2,0 кал/см2/мин;

Р – атмосфераның тұнықтылығы, мәнi 0,6-0,7;

m – атмосфераның салмағы, мәнi күннiң биiктiгiне байланысты.

Келбеу бетке (S1) тура күн радиацияның интенсивтiгi төмендегi формуламен есептелiнедi:

S1 = S · sin h0, кал/ см2/мин

S – перпендикулярорналасқанбеткетүскентуракүнрадиациясыныңинтенсивтiгi;

S1 – көлбеубеткетүскентуракүнрадиациясыныңинтенсивтiгi;

h0 – көкжиекүстiндегi күннiңбиiктiгi.


Күнрадиациясыныңатмосфераменжәнеоныңқұрамындағымайдабөлшектерден, бұлттарданшашырапжербетiнетүскенбөлiгiншашырағанрадиациядепатайды (D).

Тiкжәнешашырағанрадиациялардыңбайланыстылығы:

1. Көкжиектенкүннiңбиiктiгiн – көкжиектенкүннiңбиiктiкбұрышыазайғансайыншашырағанрадиациякөбейедi детiкрадиацияазаяды, өйткенi күнсәулесiнiңатмосфераныңтөменгi қабатынан (әртүрлi элементтеркөпқабат) өтетiнқашықтығы (жолы) көбейедi, сондықтанкөпшашырайды.

2. Атмосфераныңтұнықтылығы – атмосферадаәртүрлi элементтер (бұлттар) азболғансайынтiкрадиациякөпте, шашырағанрадиацияазболады.

3. Атмосфераныңбұлттылығына – бұлткөбейгенсайыншашырағанрадиациякөбейедi де, тiкрадиацияазаяды.

4. Жербетiнiңтүрiне (цвет) – неғұрлымақшылболсажербетiненшағылысқанрадиациякөбейедi, солғұрлымшашырағанрадиациякөбейедi.

Тiкжәнешашырағанрадиацияларбiр-бiрiненсапалықайырмашылықтарыбар. Тiкрадиацияқұрамындақызыл, сары, қызғылт (оранжевый) жылулықәсерететiнұзынтолқындысәулелеркөп, алшашырағанрадиацияқұрамындакөк, күлгiн, ультрокүлгiнқысқатолқындысәулелеркөп. Бұлөтехимиялықбелсендi сәулелер.

Жиынтықрадиация (Q) деп, көлбеужазықтыққатүскентуражәнешашырағанкүнрадиациясыныңқосындысынайтады.

Q=S1+D, кал/ см2/мин;

Жиынтық радиация жер бетiнiң радиация балансының кiрiс бөлiмiн құрайды.

Шағылысқан радиация (R) деп, жер бетiнен шағылысып шыққан жиынтық радиацияның бiр бөлiгiн айтады.

Практикада жер бетiнiң радиацияны шағылыстыру мүмкiншiлiгiн өлшейдi, немесе альбедоны (А).

Альбедо дегенiмiз – шағылысқан радиацияның интенсивтiгiнiң жиынтық радиацияға қатынасы, бұл %-пен өлшенедi. Ол көрсеткiштер мына формуламен анықталады:

А =,% R =,%

А – альбедо, %;

R – шағылысқан радиация;

Q – жиынтық радиация.

Жер бетi мен атмосфера күн радиациясынан энергия қуатын алып, оны жылыға айналдырып, қайта өзiнен жылу шығарады. Бұл жылу барлық жаққа таралады, соның iшiнде жер бетiне қарай да таралады.

Жоғарыда келтiрiлген тиiмдi шағылысу (Ет) және шағылысқан радиация радиациялық балансының шығыс бөлiмiн құрайды. Радиация тепе-теңдiгi кiрiс және шығыс радиация шамаларының айырмасына тең болады.

Әр түрлi жер бетiнiң радиацияны шағылыстыру мүмкiншiлiгi әр түрлi болады, ол көрсеткiш мына жағдайларға байланысты:


  1. Жер бетiнiң (цвет) – қара түстi (қаратопырақ, торф) жерге келген радиацияның 10%, ақ түстi (сортаң жер, құм) – 15-25%, ал жаңадан түскен қар – 85-95% шағылыстырады;

  2. Жер бетiнiң ылғалдылығына – ылғал топырақтың альбедосы құрғақ топыраққа қарағанда төмен;

  3. Күннiң биiктiгiне – күн биiктеген сайын альбедо төмендейдi.

Жер бетiне келiп түскен күн радиацияларының (тура және шашыраған) шағылыспағаны топыраққа сiңедi, солардың әсерiнен топырақтың жылулығы артады.

Күн сәулесi арқылы атмосфера және жер бетi жылулығы жоғарылайды. Әр-бiр жылы зат өзiнен жылу (излучение) бөлiп шығаратыны бiзге мәлiм. Осы заңдылыққа байланысты атмосфера және жер бетi, жылынған зат ретiнде, өздерiнен жылу (излучение) бөлiп, бұл жылу жан жаққа, сонымен қатар жер бетiне қарай тарайды. Нәтижесiнде атмосферада ұзын толқынды екi инфроқызыл радиация пайда болады:



  1. Жер бетiнен жоғары қарай жылжитын (Еж);

  2. Атмосферадан жерге қарай жылжитын (Еа).

Бұл екi радиацияның (жылудың) айырмашылығы тиiмдi (эффективтi) излучение деп аталынады (Ет).

Ет = Еж – Еа;
Тиiмдi излучение (жылу бөлiнуi) жер бетiнiң температурасына, атмосфера ылғалдылығына және бұлттарға байланысты. Неғұрлым температура жоғары болған сайын (Ет) көп болады, ал атмосфера ылғалдылығы және бұлттар мөлшерi артқан сайын (Ет) азаяды.

Жер бетiнен шағылысқан (R) және тиiмдi излучение (Ет) радиациялық баланстың шығын бөлiмiн құрайды.


3. Күн радиациясының спектральды құрамы

Күн радиациясы әр түрлi электромагниттiк толқындардан құралады.

Толқындар ұзындығы микрондармен өлшенедi (мк) – 1/1000 мм немесе милимикронмен (ммк) 1/1000 мк. Толқындар бойындағы күн сәулесiнiң таралуын спектр деп атаймыз. Күн спектрi 0,29 дан 4 микронға дейiн болады.

Толқындар ұзындығына байланысты спектр үш бөлiмнен тұрады:

1. Ультрокүлгiн сәулелер (<400 ммк) көзге көрiнбейтiн сәулелер, бiрақ организмнiң биохимиялық процесiне үлкен әсерiн тигiзедi. Спектр дiң бұл бөлiгiне күн энергиясының жалпы мөлшерiнiң 7% жатады;

2. Көзге көрiнетiн толқындар спектрi 380-760 ммк. Күн энергиясының 46% пайызын құрайтын бұлар жарық сәулелерi. Осы сәулелер арқылы жарық пайда болады;

Спектр дiң осы бөлiгiн призма арқылы қарайтын болсақ, онда әр түрлi сәулелерге бөлiнгенiн байқар едiк

қызыл, ұзындығы орташа алғанда 700 ммк;

алқызыл – 620 ммк;

сары – 570 ммк;

көк – 520 ммк;

көкшіл – 470 ммк;

көгiлдiр – 440 ммк;

күлгiн – 410 ммк.

3. Көзге көрiнбейтiн инфроқызыл сәулелер, толқындар ұзындығы 760 ммк жоғары.

Күн радиациясының спектральды құрамы мына жағдайларға байланысты:

а) күннiң биiктiгi мен тұнықтылығына. Неғұрлым атмосфера тұнық болса, солғұрлым тура радиация көп;

ә) бақылау жасайтын жер дiң теңiз деңгейiнен биiктiгi. Биiктеген сайын, әр-бiр 100 метрге ультрокүлгiн сәулелер 3-4% көбейедi.



Жарық – жер бетiне жан-жақтан түсетiн сәулелер. Жарық люкс өлшемiмен өлшенедi. Тура, шашыраған және шағылысқан радиациялар әсерiнен жарық пайда болады.

Жарықты қажет етуiне байланысты өсiмдiктер жарықсүйгiш (қайың, қарағай, жүгерi, мақта) көлеңкесүйгiш (шырша) және ауыспалы болып бөлiнедi.

Жарықсүйгiш өсiмдiктер фотосинтез үрдiсiн жарық көбейген сайын күшейте түседi, ал жарық жетiспеген жағдайда клеткалары созылып өсiмдiк жатып қалады. Көлеңкесүйгiш өсiмдiктер фотосинтез үрдiсiн белгiлi бiр жарық мөлшерiне дейiн жүргiзедi де, жарықтың ары қарай көбейгенi өсiмдiктiң өсуiне қолайсыз жағдайлар туғызады.

Өсiмдiктер дiң өнiп-өсуiне жарықтың әсерi өте көп, сондықтан олардың жарықпен қамтамасыз етiлуiн реттеуге болады. Ол үшiн себетiн тұқымның мөлшерiн және егiлетiн өсiмдiктiң қатарын (бағытын) дұрыс анықтау керек. Егерде өсiмдiк қатары шығыстан батысқа бағытталған болса, онда бiр қатар екiншi қатарға көлеңке түсiредi де жарық азаяды, ал керiсiнше өсiмдiк қатары солтүстiк тен оңтүстiкке бағытталған жағдайда жарық мөлшерi күнi бойы жақсы түседi де, өсiмдiк жақсы өседi. Сондықтан жарықсүйгiш өсiмдiктер дiң егу қатарын оңтүстiктен солтүстiкке бағыттау керек.



Жарық мөлшерi дегенiмiз, болатын жарық күннiң ұзақтылығы. Жарықтың ұзақтылығына байланысты өсiмдiкте болатын әсердi фотопериодизм деп атаймыз. Жарық ұзақтығының әсерiне байланысты өсiмдiктер 3 топқа бөлiнедi:

1. Ұзақ күндi өсiмдiктер, солтүстiк аймақта мұндай өсiмдiктер дiң дамуы жылдамдайды (бидай, арпа, сұлы т.б.)

2. Қысқа күндi өсiмдiктер, оңтүстiкте даму қарқынды жүредi (майбұршақ, жүгерi, мақта).

3. Беторап өсiмдiктер, күн ұзақтығының өзгеруi, даму процесiне әсерiн тигiзбейдi (гречиха, фасоль (бұршақ)).



ФБР – фотосинтетикалық белсендi радиация. Фотосинтез процесiнде пайдаланылатын күн жарығының бiр бөлiгi фотосинтетикалық белсендi радиация деп аталады (ФБР). ФБР-дың көлемi 380-710 ммк толқын ұзындығымен шектелген. Спектр дiң жекелеген бөлiктерiнiң өсiмдiктер өмiрiне тигiзетiн ықпалы әрқалай. Көгiлдiр мен күлгiн сәулелер клеткалардың бөлiнуiне (дамуына) ықпал еткенiмен, олардың өсуiне тежеу жасайды. Қызыл сәулелер, керiсiнше, өсiмдiк органдарының тарамдалып өсуiн жылдамдатады да, клеткалардың бөлiнуiн (дамуын) баяулатады.

Қазақстанның солтүстiк бөлiгiнде күндiзгi жарық көгiлдiр, күлгiн және ультрокүлгiн сәулелерге бай келедi. Осы сәулелер дiң әсерiнен өсiмдiк клеткаларында белок пен май түзiледi. Тiкелей радиация басым болып келетiн Қазақстанның оңтүстiгiнде жарық қызыл, сары, алқызыл сәулелерге бай келедi. Солардың нәтижесiнде өсiмдiк клеткаларында көмiртегi, қант түзiледi, сондықтан оңтүстiк аймақта өсетiн жемiс-жидектер дiң, қант-қызылшасының құрамында қант басым келедi.

Фотосинтетикалық белсендi радиацияны пайдалану арқасында өнiмдiлiктiң 1% қалыптасады, ал минералдық тыңайтқыштармен жақсы қамтамасыз етiлсе өнiмдiлiк 5-10% көтерiледi.

Фотосинтез үрдесiнде құралған органикалық заттардыңрадиация жиынтығына қатынасы ФБР-ны пайдаланудың техникалық коэффициентi деп аталынады.

ФБР-ның ең жоғары қарқындылығы күннiң 350 биiктiгiнде байқалады – 40%, егер күннiң биiктiгi 50 болса – 25%, күн батар алдында – 10%.
4. Күн радиациясының ауылшаруашылығына әсерi

Танаптағы ауылшаруашылық дақылдары күн радиациясын қайтадан бөлiп тарататын күрделi оптикалық жүйе болып табылады. Бойы ұзын болатын дақылдардың (сүрлемдiк жүгерi, қант қамысы және т.б.) тығыз егiсiнде радиацияның 20-25% шағылысып, ал қалған бөлiгi жапырақтардың жоғарғы ярустарында пайдаланылады (негiзiнен қызыл және көгiлдiр сәулелер) немесе жапырақ беттерi арқылы фильтрден өткендей болып төменгi қабатқа өтедi (негiзiнен сары-көк және қызыл сәулелер). Сирек өскен егiстiкте аспан ашық болған жағдайда тура және шашыраған радиация жапырақтардың төменгi ярусына дейiн, тiптi жер дiң бетiне дейiн жетедi.

Егiстiкте және жас отырғызылған ағаштарда фотосинтетикалық белсендi радиацияның (ФБР) пайдалануының не болмаса өтуiнiң негiзгi факторы танаптағы жапырақ беттерiнiң ауданы ңLң болып табылады. Егiстiкте ФБР-ның пайдаланылуы L- дiң мәнi 4-ке жеткенге дейiн жоғарылайды (яғни L танап ауданынан 4 есе), ал L>4 болған жағдайда ФБР-ны пайдалану шамасы ары қарай өспейдi.

Бойы ұзын дақылдардың (жүгерi) тығыз егiстiгiнде радиация түскi уақытта оның жапырақтарының төменгi ярусына жоғары ярусымен салыстырғанда 10-20 есе аз түседi. Сонымен қатар радиацияның спектральды құрамы да өзгередi. Тығыз егiстiктiң төменгi ярусында спектр дiң көк және инфроқызыл бөлiгi басым болады.

ФБР-ның өтуi күннiң биiктiгiнен және жапырақтың орналасуына байланысты болады. Күн жоғары болған жағдайда (>35-400) тура күн радиациясы егiс қабатына тереңiрек енедi, егер жапырақтардың орналасуы тiк жағдайда болса, ал жапырақтардың орналасуы көлденеңге жақын болса радиация төменгi қабаттарға аз өтедi (4 кесте)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет