165
ТҮСІНІКТЕМЕ
«Мейманхана және мейрамхана менеджменті» пәнінің курсы 5В091200
– «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының студенттеріне
арналған.
Мейманхана және мейрамханалық кешен әлеуметтік ортаның маңызды
элементтерінің бірі болып табылады, сондай ақ қоғамдық өндіріс
айқындылығының дамуына сәйкесінше халықтың өмірлік дәрежесінің
өсуінде үлкен рөл атқарады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сонғы жылдардағы экономикалық
түрленулер мейрамхана және мейманханадағы қызметтер жақсарып, қызмет
көрсету сапасы қарқынды дамуда. Оны әсіресе қазіргі уақытта шетелдік
туристер сезініп отыр. Сонымен қатар, соңғы кездері түрлі деңгейдегі
менеджерлерді қажет етіп отырған жоғары разрядты мейманханалар пайда
болып отыр. Қазіргі таңда мейрамхана және мейманханалар үшін жоғары
білікті мамандарды оқытып дайындау процесі бастапқы даму кезеңінде.
Осыған байланысты «Мейрамхана және мейманхана менеджменті» пәні осы
маңызды және күрделі салада білікті менеджерлерді дайындауда көмек
көрсетеді.
Мейрамхана және мейманхана менеджментінің көптеген аспектілері
бар,оның ең бастысы – менеджер арнайы жеке қасиеттерді, дағдыларды,
сонымен қатар дұрыс басқару стилін таңдай отырып, қызметкерлерді тиімді
басқару. Менеджердің негізгі міндеттері - қол астындағы қызметкерлерді
жұмыс істеуге мәжбүрлеу емес, сендіру арқылы әр түрлі ынталандыруларды
дұрыс пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: