167
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Ұсынып отырған оқу курсында мейрамхана және мейманхана
жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтары қарастырылған. Мейрамхана және
бардың жұмыстарын ұйымдастырудың принциптерімен таныстырады,
қызмет көрсетудің түрлері жайлы және олардың типологиясы жайлы жалпы
мәлімет қамтылады. Тұтынушыға дұрыс қызмет көрсете білуі үшін қоғамдық
тамақтануда кәсіпорын өнімдерінің тұтынушылық құрылымын білу қажет,
келушінің
тапсырысын
сапасын
сақтау
үшін
қажеттілермен
қамтамасыздандыру, тапсырысты жылдам, сапалы әрі мәдениетті түрде
орындаумен тең.
Кәсіпорынның қонақжайлылық дамуы қарастырылған, мейрамханалық
өнімнің элементтері көрсетілген, басқару объектісі ретінде мейрамхана және
мейманхана ерекшеліетері мен сипаттамасы ұсынылған. Мейрамхана және
мейманханалардың топтастырылуы қарастырылған, мейманхана және
мейрамханалық қызмет көрсетудің маңызды концептілері суреттелген.
Тамақтану кәсіпорындарында қызмет көрсету сапасына, мәдениетіне ерекше
көңіл бөлінген. Мейрамхана және мейманхана қызметкерлері басқарамасына
сұрақтар, сондай – ақ басқару шешімдерін жүзеге асыру мен қабылдау
технологиялары ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: