6 Апта. Отбасы және қазіргі заман


Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен



бет9/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отырғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінін бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғылыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалық, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Казіргі уақытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр. Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышарттар, атап айтсақ, әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль тұрғысында тыйым салулар немесе әрқилы кінәлаушылықтар жойылды. Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сақтаудағы отбасына тән ішкі алғышарттардың маңыздылығы артады. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр түрлі өзара шиеленістер (жанжал) ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеленістер бой көрсете бастайды. Оның біріншісі — психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады. £ Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды.
Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыс-керістен, бір-біріне тиісуден, ашушаңдықтан құралады. Мұндайда ата-ана өзінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді. Үшіншісі — әлеуметтік - рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасындағы ымырашылдық, сыйласымды пен тұрақтылықтың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық - тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу, отбасылық укладтың жөн - жосықсыздығы секілді көріністер. Төртінші — әлеуметтік-мәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік кұндылықтарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.
Қай деңгейде болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге орай пайда болуына байланысты оларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның алғашқысы - отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған себептер. Екінші топтағы себептерді тәуекел етудің алғышарттары деп атайды. Өйткені некеге отырғанға дейінгі қыз бен жігіттің танысуы кезінде қалыптасқан іңкәрлік сезім мен сыйластық ажырасуды біршама тежейді.
Тәуекелдің алғышарттары адамның кемел тұлғалығына, оның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне, некеге отыру кезіндегі шарттарына тікелей байланысты. Тәуекелдік алғышарттарға: ерлі-зайыптылардың білімі мен жас мөлшеріндегі айырмашылықтар; ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнемдікке салынуы; некеге, жалпы отбасына немқұрайлы, жеңіл-желпі қарауы; некеге аса жас кезінде тұрудың себептері, бір-бірін жете танып-білудің ұзаққа созылмауы; некеге отыруға ата-аналардың қатаң қарсы болуы; өзара келісімсіз, қысыммен некеге отырулар жатады. Бұл алғышарттардың қалай жүзеге асып жатқаны бірлесіп өткізген ғұмырларының алғашқы жылында - ақ езін байқата бастайды. Зерттеулердің қорытындыларын сараласақ, жас адамдардың біраз бөлігі некеге отырғанда отбасына жат әрекеттерді басшылыққа алып, соларға сүйенген. Мысалы, ата - анасының жанынан, сол езі өскен отбасынан кетуге, өз бетінше жеке-дара жауапты кадам жасауға, біреуден кек алуға немесе тандап алған досына серік болуға ниеттенеді. Әлбетте, некеге бұлайша атүсті, жауапкерсіздікпен қарау, бірігіп түтін түтетуге сай келетін мақсат-мүдделердің болмауы, түптеп келгенде, ерлі-зайыптылардың алдына біршама қиыншылықтарды тосады. Олар — отбасының өзін-өзі билеуі, ерлі-зайыптылық рөлдерді анықтау, әрқайсысының отбасының ішіндегі статусын, әздерінің ортақ мақсаттарын белгілеу жөніндегі міндеттері. 20 жастан аспай үйленгендер арасында некеге отырудың психологиялық дайындығының болмайтыны анықталған. Жас отбасы әдетте ата-анасынан бөлініп кетпейді және бастапқы кезде материалдық жағынан әке-шешесіне тұтастай тәуелді болады. Мұндай жағдайда жаңадан отау көтерген жастар арасында өз тіршіліктерін өз беттерінше қамтамасыз ету, ондағы отағасылық билік, үй болған жастар арасындағы және олармен бірге тұратын ата-аналарымен өзара дұрыс қарым-қатынас орнату проблемалары туындайды. Бұл проблемалар ерлі-зайыптыларды қалай болған күнде де әрқилы шиеленістерге әкеліп соқтырады.
Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бір-бірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін ғана таныс болып, бірін-бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшырасады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамағына теріс әсер ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрмай тұрып қалыптасуы да ықтимал. Десек те, екі жастың бірлесіп өмір сүру кезінде қалыптасатын бірқатар себептер ерлі - зайыптардың ажырасуына ықпал етеді. 25-30 жастағы ерлі-зайыптылар арасында некенің бұзылуы кептеп кездеседі. Осы жастағы ерлі-зайыптылардың тұрмыс - жағдайлары жақсы болғанымен, оның үстіне бір-бірін түсінісіп, кемшіліктерін де біршама тәуір біліп қалғанына қарамастан, әлдебір себептердің түрткі болуы арқылы олар бірге тұрудың мүмкін еместігіне көз жеткізеді де, ажырасып тынады. Сонымен бірге айта кететін бір жай, бұлар толыққанды жаңа отбасын құрудың жөн-жосығын біле бермейді және де балалы болып, оны тәрбиелеуге де тәжірибелі емес. Ажырасудың үлкен бөлігі 40 жастың мөлшеріне тура келеді. Бұл кезде олардың балалары ер жетеді де, енді солар үшін ғана отбасын ажырасудан сақтап қалудың кажеттілігі болмайды, оның үстіне ерлі-зайыптылардың кез келгені басқа бір адаммен көңіл жарастырып, екінші отбасын құрауы мүмкін. Екеуара бас қосып, түтін түтеткен алғашқы бес жыл ішінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиі кездеседі. Отбасында балалардың болуы некенің бұзылмауына тікелей ықпал етеді. Көп балалы отбасыларда, яғни 3-4 балалары барларда ажырасу пайызы басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен болады.
Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады. Оның бірінші тобында - тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің жоқтығы, немесе соған ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, содан барып екеуінің еріксіз бөлек тұруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңдер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді. Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуын, отбасындағы өрескелдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуын, қызғаншақтықты, күмәншылдықты жатқызуға болады. Осы топтағы ең басты алғышарттардың бірі - ерлі-зайыптылардың бір-біріне өрескелдігі мен өзара сыйласушылығы.
Күйеулері маскүнемдікке салынған, әздеріне өрескел қылық көрсеткен, ұрып-соғып қорлаған, қорқытқан және т.б. әрекеттерге барған ер адамдардың әйелдері осы себептерге орай ажырасады. Ер адамдар үшін, әдетте, әйелдер өрескелдік танытса, онда бұл басқаша мазмұнға ие болады. Бұл дегеніміз — ең алдымен күйеуін сыйламау, оның қабілетіне сенбеу, оның не нәрсеге қызығатындығымен есептеспеу, өндірістегі немесе кәсіби кызметіндегі табыстары мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарау, сөгіп - мұқату, ұсақ-түйек қамқорлық жасағансу, күйеуінің достарына құрметтің көрсетілмеуі және т.б. Екеуінің өмірге деген көзқарастарының әр түрлі болуы, мінез-құлықтың сәйкеспеуі деп аталатын алғышарттар, міне, тікелей осындай көріністермен ұштасып жатыр. Бұл әйелдерге қарағанда ер адамдар үшің аса маңызды. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзге шөп салуын, ажырасуға бірден-бір себепкер болған жаңа отбасын құруға ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардың араласуын жатқызуға болады.
Үшінші топтағы алғышарттардың бәрі де, әлбетте, бір-бірімен тығыз ұштасып жатады. Айталық, көзге шөп салу біреуіне екіншісінің көңіл аудармауының кесірінен туындаса, ал өрескелдік үй шаруасындағы келіспеушілік содан өрбіген ырың - жырыңдық және т.б. жағдайларға орай еріс алады.
Адамдар өз табиғатына орай отбасыларының ыдырауына әр түрлі тұрғыда қарайды. Зерттеушілердің жасаған тұжырымдары мен берген бағасына қарағанда еңбек белсенділігінің төмендеуі, жүйке стрессінің жоғарылау мүмкіндігі, психологиялық өзгеріске түсуі ажырасудың кеңінен тараған негізгі себептері болып табылады.
Демек, некенің тұрақсыздығы отбасын құрамын деушілер үшін де және отбасы ыдырағандар үшін де аса өткір проблемаларды алға тартады. Сонымен бірге ажырасуды тек жағымсыз құбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені некені бұзу жөніндегі әркімнің еркіндігі отбасы - неке қатынастарындағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы, олардың моральдық негіздерін сақтаудың тұғыры болып саналады. Әрине, ажырасу жөнінде берілген еркіндікті асыра пайдалану да жақсы емес. Себебі адамдардың әр жағдайға байланысты ажырасуының орын алуы табиғи құбылыс дейтін болсақ, онда ажырасуды негізсіз қаралай беруге де жол бермеу қажет.
Әлбетте, әр адам отбасы проблемасын жеке өзі шешеді. Іргетасым мықты болсын десең, оның негізінде, бұрынғы бабаларымыз айтқандай, шынайы махаббат, түсіністік, төзімділік жатуы керек. Кесе - шәйнек сылдырады екен деп бақан ала жүгіріскенше, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің қабағын баға білгені, бір-бірін айтқызбай-ақ кабактан түсінгені жақсы.
Ойымызды тұжырымдасақ, қазіргі отбасы - неке қатынастарында негізгі үш мәселенің басын ашып, бөле-жара қарауға болады. Оның біріншісі — отбасының тұрақтылығы проблемасы, екіншісі — бала туу мәселесі және үшіншісі — тұрмыс саласындағы проблемалар. Алайда, ажырасудың жоғары деңгейге жетуінің өзі некенің институт ретіндегі ыдырауы немесе жалпы отбасының дағдарысы да емес. Бұл жерде әңгіме отбасылық қатынастардың сапасы туралы ғана болып отыр. Отбасы қатынастарының сапасы оның типтері, онда қалыптасқан мінез-құлық, жүріс-тұрыс түрлері арқылы да анықталады.
Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі. Неке мен отбасының альтернативті формалары. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет