6 лабораториялық жұмыс Тақырып: электролиттік диссоциация. Буферлі ертініділер Мақсаты



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі52,22 Kb.
#123753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лаб.раб. 6 О.и н. хим.2021 ТФП

БУФЕРЛІ ЕРІТІНДІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚАСИЕТТЕРІ.


10.1 Буферлі ерітінділерді дайындау және зерттеу

А) Буферлі ерітінділерді дайындау. Диаметрі бірдей


6 про­­биркаға 0,1 н сірке қышқылы және 0,1 н натрий ацетаты ерітінділерінен 9-кестеде көрсетілгендей мөлшерде құйыңыздар.


8-кесте



Ерітінділер, мл

№ пробиркалар

1

2

3

4

5

6

0,1 н сірке қышқылы, мл

4,5

4

2,5

1,5

1

0,5

0,1 н натрий ацетаты, мл

0,5

1

2,5

3,5

4

4,5

Есептелген рН мәні

3,7

4,0

4,6

5,0

5,2

5,6

Тәжірибе кезінде табылған рН мәні



















Пробиркалардағы ерітінділерді араластырып, әрқайсысы­ның үстіне 2 тамшы универсалдық индикатордан қосады. Уни­вер­салдық индикатор – бұл рН мәнін анықтауға мүмкіндік бере­тін индикаторлардың қоспасы. Пайда болған ерітінді бояуларын универсал индикаторлардағы түсті кестемен салыстырып, әрбір пробиркадағы буферлік жүйенің рН мәнін табады және кестеге енгізеді.


Тәжірибе кезінде анықталған рН мәндерін есептелген рН мәндерімен салыстырады.
Сутек иондарының концентрациясы мынадай формуламен есептеледі:

[H+] = K[қышқыл] /α ∙[тұз]


Осыдан кейін ерітіндінің рН мәні анықталады.
Сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,86∙10-5, ал 0,1 н натрий ацетатының диссоциациялану дәрежесі 0,79-ға тең.
[H+]=1,85∙10-5∙ 2,5/2,5∙0,79=2,3∙10-5

рН = − lg[H+] екенін ескере отырып, оның мәнін табамыз:


−lg[H+] = −lg2,3+5 = − 0,36+5=4,6 pH=4,6


pH мәндері мен тұздың көлемдері бойынша буферлік қи­сықтың градиенттік көрінісін, яғни буферлік қоспаның рН мәні мен қышқыл және оның тұзының көлемі арасындағы қатынасқа тәуелді қисық тұрғызамыз. 4-cуретте көрсетілгендей ордината осіне рН мәні салынады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет