Г) Ерітінділердің буферлік сыйымдылығын анықтау
Колбаға рН=5 буферлік ерітіндіден 10 мл құйып, үстіне
3 тамшы метил қызыл ерітіндісінен қосып, 0,1 н NaOH eрітіндісімен сары түс пайда болғанша (рН≈6,0) титрлейді. Ацетатты қоспаның буферлік сыйымдылығын төменде көрсетілгендей есептейді.
Есептеу тәсілі: мәселен, 10 мл буферлі қоспаны титрлеуге 4,8 мл сілті жұмсалады дейік. Сонда 1 л қоспаны титрлеуге мынадай көлем жұмсалады.
V = 4,8 .1000/10 = 480 мл
Буферлік сыйымдылық немесе берілген көлемдегі сілтінің В мг/экв саны мынадай формуламен есептеледі:
В = N.V,
мұндағы: N – сілтінің нормалдылығы немесе 1 мл-дегі мг/экв мөлшері (берілген жағдайда N = 0,1); V – сілтінің көлемі, яғни
В = 0,1.480 = 48
Достарыңызбен бөлісу: |