4-сурет. Буферлі қисық
Буферлі қисықтың көмегімен сутегі иондарының кез келген концентрациясынан тұратын буферлік қоспадағы қышқыл мен тұздың көлемін есептеп табуға болады. Бұл үшін абсцисса осінен рН-тың берілген мәнін табады және осы нүктеден буферлік қисықты қиып өткенше перпендикуляр жүргізеді. Қисықтағы табылған нүктені абсцисса осіне параллель түзу арқылы ордината осімен қосады. Осылайша, қышқыл мен тұздың көлемін анықтайды. Мысалы, рН=4,7-ге тең ацетатты буфер дайындау үшін қажетті қышқыл мен тұзды 5,6:4,4 қатынаста алу керек, 4-суреттегі графикте көрсетілгендей.
Достарыңызбен бөлісу: |