В) Буферлі ерітіндінің рН мәніне сұйылтудың әсері
Үш пробиркаға рН = 5 буферлі ерітіндінің белгілі көлемінен құяды: 1-шіге 6 мл, 2-шіге 3 мл және үшіншіге 2 мл. Барлық үш пробиркаға 2 тамшы метил қызыл индикаторынан тамызады, осыдан кейін екінші пробиркаға 3 мл, үшінші пробиркаға 4 мл дистилденген су қосып, араластырады. Екінші және үшінші пробиркалардағы ерітінділерді бірінші пробиркадағы ерітіндімен салыстырады. Барлығы да өзгеріссіз қалады. Сонымен сұйылту буферлі ерітінділердің рН мәнін айтарлықтай өзгертпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |