Г) Сутек және гидроксил-иондарының концентрациясының өзгеруі
Екі пробиркаға 2 н тұз қышқылы ерітіндісінен 1 мл-ден құйып, оларға мырыш түйірін тастайды. Сутектің бөлінуі біркелкі бола бастағанда, бір пробиркаға 1 мл натрий ацетатының қаныққан ерітіндісін қосып, ал екіншісіне − 1 мл су қосады (екі пробиркада көлем бірдей болу үшін). Бірінші пробиркада реакция жылдамдығының азаюын түсіндіреді. Сутек иондарының концентрациясын азайту үшін қандай заттар қосуға болады?
Д) Иондық реакциялар
Бір пробиркаға 2 мл CH3COONa ерітіндісін, екіншісіне − дәл осындай аммоний хлориді ерітіндісін құю керек. Біріншісіне 2-3 мл сілті ерітіндісін қосады. Екеуін де иіскеп сынау керек (қалай?). Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазады.
2 пробиркаға 3 мл-ден ерітінді алады: біреуіне мыс сульфатынан, екіншісіне − никель сульфатынан. Осыдан кейін әрқайсысына тартпа астында тұрған жаңа дайындалған күкіртсутек суынан 2-3 мл қосады. Молекулалық және иондық реакциялар теңдеулерін жазады.
Сұрақтар
Әлсіз және күшті электролиттерге сипаттама беріңіздер және мысалдар келтіріңіздер
Диссоциациялану константасы туралы түсінік беріңіз және формуласын жазыңыз
Диссоциациялану дәрежесінің ерітінді туралы қандай мәлімет беретінін көрсетіңіздер дегеніміз не?
Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсерін реакциялар жазып түсіндіріңіздер
Диссоциациялану дәрежесіне сұйылтудың әсерін көрсетіп, шын мәнінде бұл көрсеткіш сұйылтумен артатынын дәлелдеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |