6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері


Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (1966-1986 жж.)



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
6 семинар жоспары
2 5343541208645896007, 2 5343541208645896007, Сауалнама Сымбат, алкан
Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (1966-1986 жж.) 
1966 жылы 13 наурызда Жамбылоблысы, Мойынқұм ауданында туды. 
1973-83 жж. орта мектепте оқыды. 1984-86 жж. әскери міндетін абыроймен 
өтеді. 1986 жж. Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті. Осы 
жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және 
әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Ішкі істер органының 
қызметкерлері Қ.Рысқұлбековты С.Савицкийдің өліміне кінәлі етті. Қазақ 
КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының 
төрағасы Е. Грабарниктің 1987 ж. 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков - ең 


жоғары жаза өлім жазасы атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері КОКП Бас 
хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Гро-
мыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жол-
дады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бос-
тандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Рысқұлбеков Семей 
түрмесіне жеткізіліп, 1988 ж. 21 мамырда құпия жағдайда қастандықтан көз 
жұмды. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз еге-
мендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 ж. 
21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы 
берілді. 
Тағы бір қайғылы жағдай-алаңда басынан жарақаттанып, кейін қаза болған 
Алматы Энергетика институтының студенті Е.Сыпатаевтың ісі. Оның әке-
шешесі жоқ, туысқандары ғана бар. Бірақ олар Алматыға шақырылмаған. Қаза 
туралы анықтаманы ауруханадан МҚК қызметкері алып, милиция 
қызметкерлерімен бірге мүрде салынған табытты туысқандары тұратын жерге 
алып жүреді. Туысқандарына жігітті алаңда жаралы күйінде тауып 
алғандарын, ауруханада өлгенін, өлтірген адамның белгісіз екенін, қазір бұл 
іспен прокуратура айналысып жатқанын түсіндіреді. Прокуратура шынында 
да іс қозғады, бірақ ол Ерболдың өлімі туралы емес, оқиғаларға қатысы 
жөнінде еді, айыпталушының қазасына байланысты іс жабылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет