6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
6 семинар жоспары
2 5343541208645896007, 2 5343541208645896007, Сауалнама Сымбат, алкан
 
2. Қайта құрудың оңы мен солы. 
1-кезеңде
экономиканы ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта 
құру тұжырымдалды. Бұл өндірісті жеделдету мен еңбек өнімділігін тез арада 
көтерудің алғы шарты деп саналды.
Бірақта, іс жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық қанды 
ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс 
өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын 
жаңартуға ынталандырмады. Өйткені товардың жетіспеушілігі оның сапасына 
деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да заводтар мен фабрикалар 
шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған 
партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға 
сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар мен фабрикалар 
алаңында, темір жол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында 
жатты:
Жеделдету 
тұжырымдамасы 
өзінің 
жарамсыздығын 
ауыл 
шаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты 


себебі меншікке байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе 
ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің 
ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз болды. Арендалық 
әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену
табылған табысты бөлу принципін өзгертпеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен 
еңбек нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек 
өнімділігін арттыруға құлқы болмады. 
Қайта құрудың алғашқы кезеңі көбінесе ұрандық сипаты бар шешімдер 
мен бағдарламалардың қабылдануымен есте қалды. Мысалы, КОКП ОК-нің 
1985 ж. 7 мамырдағы «Маскүнемдік пен алкоголизмді тыю жөніндегі шаралар 
туралы» қаулысы қабылдағаннан бері уақыт ішінде республикалық баспасөз 
беттерінде салауатты өмір салтын орнықтыруда, маскүнемдікке ымырасыздық 
жағдайын туғызуда, онымен жүргізіліп жатқан күрес, атқарылып жатқан іс-
шаралар туралы хабарламалар, мақалалар жиі шығатын еді. Бұл ішкілікке 
қарсы науқан ауқымымен мерзімі жөнінен аттандап ұран салумен ғана 
салыстыруға болатын теңдесі жоқ науқан еді. Науқан ә дегенде табысты өтіп 
жатқандай көрінген, десаулық сақтау мен еңбек өнімділігін арттыру 
мәселелерінің едәуір жақсарғаны туралы баяндамалары көбейді. Спиртті 
ішімдіктерді өндіру мен сатуға шек қойылды. Көшеде мас боп жүру 
тоқтатылды. Спиртті ішімдіктер өндіруді шектеу жоспардағыдан да жедел 
жүре бастады. Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жер-жерде 
лекциялар, әр түрлі іс-шаралар атқарылды. Бірақ қол жеткізіліп кеңінен 
насихатталған табыстар уақытша ғана нәрсе болған секілді. 1987 ж. орта 
шенінде науқан басталғаннан соң екі жылдан кейін, көшелерде мастар көбейіп 
кетті, самогон жасау кең етек алды, сөрелерден қант жоқ болып кетті, ал 
мемлекет қаржысы қиын тығырыққа тірелді. Шарап жасайтын 
республикаларда – Молдавияда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда, Армения мен 
Грузияда, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында – ұланғайыр жүзімдіктер 
жойылып жіберілді. 1987 ж. соңында 216 гектар жүзімдік, яғни КСРО-дағы 
жүзімдіктердің алтыдан бір бөлігі түгелдей құрып кетті. Көп уақыт өтпей-ақ 
адамдардың ішімдік орнына иіссуды, тіс тазалайтын пастаны, гуталинді 
пайдалана бастағанын былай қойғанда, нашақорлық пен улы заттарды шегу 
фактілері де жиі бой көрсете бастады. Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен 
күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана 
арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік 
бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.
«Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре 
түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде 
жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз 
құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-
экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол 
берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні 
өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр 
мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының 
айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек 


туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. 
Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да 
барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен 
партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды 
мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз 
жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары 
көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге 
тырысты. Ұлт мәселесін шешудегі солақайлықтың сотқар әдісі Қазақстанда 
1986 ж. Желтоқсан оқиғасында кеңінен қолданылды. 
ХХ ғ. 80 жж. Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық 
деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, 
балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да 
ілгерілеу болған жоқ. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. 
Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық мүдде қоршаған ортаны 
қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде 
көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар 
аймақтары экологиялық зардап шегіуші аудандарға айналды. Табиғи ортаны 
қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы 
өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында 
экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар 
тарап, балалар өлімі өсті.
Міне, осымен байланысты 1986 ж. ақпанда болып өткен Қазақстан 
Компартиясы ХҮІ съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика 
Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Ә.Назарбаев және съезде 
шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір 
сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия 
комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс 
қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын 
алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.
2-кезең
бастау алған 1987 ж. жаздағы маусым Пленумы басқаруды 
түбегейлі қайта құру мәселесін көтерді. Бірақ форумның шешімдері де 
жартыкештік сипат алды. Олай дейтін себебіміз - дағдарыстың өрістеуінің 
тамыры тереңде, яғни өндірістік қатынаста екендігі туралы тұжырым 
жасалмады. Дегенмен қоғамдық сана қозғалысқа түсіп, халықтың әл-ауқатын 
жақсартудың бірден-бірі жолы нарық пен жеке меншік болып табылатындығы 
айғақтана түсті. Алайда ел басшылары бұрынғысынша дәйексіздік, 
сылбырлық, орынсыз қырағылық танытты. Мұның белгісі ретінде 
«Мемлекеттік 
мекемелер 
туралы» 
заңды 
айтуға 
болады. 
Заңда 
шарушылықтың арендалық, мердігерлік жүйесін дамыту көзделді және оны 
іске асыру шұғыл түрде қолға алынды. Аталған шара қоғамның едәуір 
дәрежеде алға басуына ықпал еткенімен, мәселелер шешімін таппады. Заң 
экономиканың жартылай дамуына ғана мүмкіндік берді. Заң мемлекеттік 


жоспар және нарық қатынасы сияқты екі сыйымсыз дүниені қабыстыруға 
әрекет жасады. 
Тағы бір өте маңызды, бірақ тұтас алғанда орындалмай қалған бағдарлама 
– тұрғын үй бағдарламасы бо лды. Сол кезеңде КСРО-да алғашқылардың бірі 
болып Қазақстан «Тұрғын үй-91» бағдарламасын жасады, бұл Колбиннің қалт-
құлт еткен тұрақсыз жағдайын нығайтуға деген ұмтылысын туған ең басты 
құралы еді. Шындығында бұл идея назар аударуға лайық іс болды және 
бағдарлама орындалды да, бірақ барлық жерде қосып жазу арқасында ғана 
«жүзеге асты», оның үстіне құрылыс ресурстарының шектеулі болуы 
жағдайында сапаның едәуір төмендетілуі нәтижесінде орын алды. Бірақ 
Қазақстандағы бүкіл тұрғын үй мәселелсін өте қысқа мерзім бес жылдың 
ішінде шешу мүмкін емес еді.
Горбачевтің «Қайта құру басталғаннан кейін екі жылдан соң молшылыққа 
келеміз», «Жетпіс жыл ішінде елімізде қанша өндіріс потенциалы жасалса, 
алдағы он бес жылда сонша өндіріс потенциалын жасаймыз», «ХХ ғасырдың 
аяғына дейін әрбір семьяны пәтермен немесе жеке үймен қамтамасыз етеміз» 
- деген сөздеріне қалың жұртшылықтың бәрі еш шүбәсіз сенді. Ол түбегейлі 
реформа жасау арқылы экономиканы сауықтыруға, басқару жүйесін өзгерту 
арқылы қоғамдық ахуалды жақсартуға ниеттенді. Ал қайта құрудың 
экономикаға реформа жасау саласындағы даму барысы республикалардың 
әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі өзгерістер енбеді. Жеделдету 
жайына қалды. «Адам факторы» деген бұлыңғыр ұғым ұмытыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет