2-Бөлім. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы 1. Желтоқсан оқиғасының басталу себептері. 70 жыл бойы кеңестік
идеология құрсауының шеңберінен шыға алмай, Кремльдің басшылығына бас
иіп келген одақтас республикалардың арасында алғашқы болып Қазақстанда
бой көрсеткен 1986 ж. желтоқсан қозғалысы қай жағынан алғанда да КСРО-
ның әрі қарай көш басшы бола алмайтынын дәлелдеген оқиға болды.
Желтоқсан қозғалысын Д.А. Қонаевты бірінші хатшы қызметінен босатқан
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің (ОК) 1986 ж. 16 желтоқсандағы
Пленумы тұтандырды. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы
уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А.Қонаев
қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин
тағайындалды.