6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
6 семинар жоспары

3-кезеңге
қатысты мәселелерге тоқталсақ, қайта құру идеяларының кең 
қанат жая алмауы біріншіден, партия, мемлекет басшылары реформистік 
қанатының жалтақтап шегініс тауып, реформаны батыл түрде іске асырмай 
отырғандығы болса, екіншіден, оның барлық сатыдағы бюрократиялық 
номенклатурасының қарсылығына ұшырауы болды. Дегенмен 1989 ж. 25 
мамырда КСРО депутаттарының І-съезінің трибунасында тоталитарлық 
империя қалдықтарының орнына демократиялық, яғни азаматтық құқықтық 
қоғамды құрудың маңызды алғышарты болып нарық пен жеке меншікке өту 
жолындағы күрес басталды. 
1985 ж. сәуірдің жылы лебі әкелген бұл өзгерістердің кемшіліктерімен 
қатар жақсы жақтарының да болғаны белгілі. Қайта құру барысында қазақ 
халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу 
жөнінде талаптар қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. 
1987 ж. шілдеде алғаш рет Қазақстанда кеңестерге халық депутаттарын 
сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. 
Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында
депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат 
болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және 
селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды , ал 1928 адам резервке кіргізілді. 
Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері 
арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі 
жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. 
Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің 


қаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу 
барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-
жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1988 ж. шілдеде Кремльдің Съездер сарайында Бүкілодақтық ХІХ партия 
конференциясында «Совет қоғамын демократияландыру және саяси 
системаның реформасы туралы», «Бюрократизмге қарсы күрес туралы», 
«Жариялылық туралы», қараларынаң қабылдануы қоғамда демократиялық 
процестердің орнығып одан әрі өрістеуіне кең жол ашты деп есептеуге болады. 
Әсіресе республикаларда орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар 
жөнінде жан-жақты айтылды. Осыдан келіп қайта құру әкелген жаңаша ойлау 
жүйесі қоғамның рухани әлеуметтік саласында белсенді позицияға ие бола 
бастады. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Жазушылар Одағы жанынан 
құрылған Арал мен Балқашты қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттің 
құрылуының маңызы зор болды. Бұл қоғамдық комитет өз жұмысында Арал 
мен Балқаш мәселесін ғана емес, республикада қалыптасқан ауыр экологиялық 
ахуал туралы дабыл қақты.
Араға 62 жыл салып қайтып оралған Наурыз мерекесі де жаңаша 
ойлаудың жарқын бір көрінісі болды. 1988 ж. мамырда Қазақстан астанасы 
Алматыда өткен Орта Азия мен Қазақстан театрларының аймақтық Наурыз 
фестивалы – соның бір айғағы деуге әбден болады. 1989 ж. Наурыз мерекесі 
республика көлемінде кең өрісті, мол әсерлі, қуанышты аталып өтті. 
Әкімшіл-әміршіл жүйе саясатының тоқырау идеологиясы мен 
психологиясы мәдениет, әдебиет, пен өнер саласының жағдайына да әсер 
еткені белгілі. Бес арыс: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан 
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев мұраларымен 
танысу өз ұрпақтарына қайта құрудың арқасында ғана мүмкін болды. Репресия 
құрбандары мен казармалық саясаттың құрбандары болған асыл 
ағаларымызбен апаларымызды ақтап алу осы жариялылық тұсында жүзеге 
асырыла бастады. 
Міне осындай реформалық өзгерістердің әсері мен республикаларда 
ұлттық сана-сезімнің өсуі, халықтың өзін-өзі танып білуі, дербестікке ие болу, 
саяси қару тізгінін өз қолдарына алу жөнінде митингілер, бас қосулар жиірек 
бой көрсете бастады. Ұлттық-территориялық аймақтардың кейбір жерлерінде 
орталықтың жүргізіп отырған саясатына әлсін-әлсін қарсылықтар көрсетіліп 
жатты. Орталық ведомстволар жергілікті аймақтардағы жүргізіп отырған 
билігінен бірте-бірте айырыла бастады. 
1990 ж. наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен 
өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы 
Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. 
Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да 
президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 ж. 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. 
Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайлануы республикада саяси-
экономикалық мәселелерді шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын 


тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген 
жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы 
жаңа өзгерістер енгізілді. Республика Жоғарғы кеңесі 1986 ж. 17-18 
желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті 
баға беру жөнінде арнайы комиссия құрылды.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң 
шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. 
қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп 
жасалған, құықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде 
бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қажетті 
жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық 
жағдайының талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық 
мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстандағы саяси 
және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына 
бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Республика Парламентінің 
қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы 
заңын» 1989 ж. қыркүйек айында қабылдауы үлкен уақиға болды. Елде іске 
асып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әр түрлі 
көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар 
саяси партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай жасалды. 
Мәселен, 1990 ж. Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 
Партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент 
сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу 
еді. Бұл партия қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және 
рухани дамуына өздерінің лайықты үлесін қоспақшы болды. Сондай-ақ, 
партия қоғамдағы жеке меншікті мойындайды және өзінің қызметінде 
кәсіпқойлықты қолдап отыруды көздеді.
1990 ж. Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның 
басты мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық 
азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті, адамгершілік 
идеалын қорғау болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. 
саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көп партиялық
жүйенің және тоталитиризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы 
екенін көрсетті. 1991 ж. қазанда Қазақстан халық Конгресі партиясы құрылды. 
Оның жетекшілері болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның комсомол ұйымдарында да 
сапалық жаңа өзгерістер іске асты. Қазақстанда жастар істері жөніндегі 
мемлекеттік басқару органы туралы мәселе талқыланды. 1990 ж. 7 
желтоқсанда республика студент жастарының Қазақ КСР Президенті Н.Ә. 
Назарбаевпен кездесуі өтіп, жастар ісіне қатысты проблемалар талқыланып, 
оларды шешу жөніндегі практикалық шаралар белгіленді. 1990 ж. 17 
желтоқсанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР Жастар істері, 
дене мәдениеті және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Әртүрлі 
деңгейдегі партия комитеттерінің жанынан аппарат құрамында Жастар істері 


жөнінде комиссиялар құрылды. Комиссия мүшелері «Қазақ КСР-ының 
мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның жобасын қарады. 1991 ж. сәуірде 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ІV сессиясында «Мемлекеттік жастар саясаты 
туралы» мәселе талқыланды. 1991 ж. маусымда «Қазақ КСР-ындағы 
мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. 28 маусым күні бұл 
заңға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев қол 
қойды. «Қазақ КСР-ның мемлекеттік жастар саясаты туралы» бұл Заң 1991 ж. 
КСРО құлағанға дейін қабылданған болатын. Сондықтан бұл Заңның жүзеге 
асуында кедергілердің болуы кездейсоқтық емес еді. Тәуелсіздік алған 
мемлекетіміз жастар мәселесін жаңаша қарауға мүмкіндік алды, жастардың 
әртүрлі саяси партиялары мемлекет әкімшілігіне жастар мәселесі туралы 
бағдарламалар ұсынды, мемлекет тарапынан жас отбасыларына жеңілдіктер 
көрсетілді.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе бастауыш ұйымдарының 
рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған 
қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық 
кәсіподақ Комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалық кәсіподақ 
Кеңестері болып қайта құрылды. Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне 
балама ұйымдар «Солдат аналарының комитеті», «Қазақстан мұсылман 
әйелдерінің лигасы», «Көп балалы аналар», «Жанұялар одағы», «Айша», «Ақ 
отау» және «Іскер әйелдер қауымдастығы» құрылды. Сөйтіп, республикада 
1991 ж. барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс 
істеді. 
М.Горбачев бастаған қайта құру сыртқы саясатқа да өзгерістер енгізді. 
Батыс елдерімен байланыс жаңаша сипат алды, қарым-қатынас жақсарды. 
Келесі бір оң қадам Кеңестер Одағы өз әскерін Ауғанстаннан шығара бастап, 
оны 1989 ж. 15 ақпанда аяқтады. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. 
сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. 
Әскерді шығару Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Бірақта, 
КСРО әлі де болса бұрынғысынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп 
кешенін ұстап отырды. 
Міне осылай қайта құру дүмпімен басталған қоғамдағы өзгерістер 
халықтың жігерін жандырып, мүлгіген сана-сезімнің оянуына және ұлттық 
намыс жігерін қоздырды. Жариялылық рухымен басталған саяси-
экономикалық, рухани-әлеуметтік үрдістерден кейін ұлтымыз өзін-өзі тану, 
ұлттық қайта даму, төл тарихына үңілуде жаңа бетбұрыс жасады. 
Дегенмен, кайта құру алғашқыда қоғамдағы істің жағдайын тез арада 
жақсартып жіберетіңдей көңіл-күй туғызғанымен үміт ақталмады. Өйткені 
қайта құрудың мақсат, міндеттері айқындалмады. Әдіс-тәсілі талданып, 
шешілмеді. Ол құрғақ сөзбен басталып, дауға ұласты. Жаңа басшылық өздерін 
сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық 
және ұлттық мәселелер күрмеуі шешілмеді. Дүкен сөрелері бос қалып, халық 
тұтыну тауарлары зәру болып қала берді. Кінәліні өткеннен іздеп, жаңа 
басшылыктың кемшіл және осал тұстары айтылмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет