6-сыныпта оқытудың міндеттері



бет57/100
Дата06.02.2022
өлшемі14,01 Mb.
#49062
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100
Байланысты:
6 synyp 204 sag

Санды бөліктерге бөлу

  1. Дана дүкеннен 18 алма сатып алды. Бұл алмаларды шешесі, әкесі және Дана 2:1:3 қатынасындай етіп бөліп алды. Олардың әрқайсысы неше алмадан алған?

Жауабы:6; 3; 9

  1. 480 санын 3:5 қатысындай етіп екі бөлікке бөліңіз.

Жауабы: 180; 300

  1. 60 санын 2:3:5 қатысындай бөліктерге бөліңіз.

Жауабы: 12; 18; 30

  1. Жаңа күміс – бұл 3:4:13 қатысындағы никель, мырыш және мыс қорытпасы. Осындай 4 кг жаңа күмісте қанша кг никель болады?

Жауабы: 0,6

  1. Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5:3-ке тең. 32 г қоспада қанша алтын, қанша күміс бар?

Жауабы: 20 г; 12 г
Дыбыстық гимнастика
Оқушылар өздерін жай, еркін арқасын тік ұстау керек.
Бірінші мұрынмен терең дем алып, дем шығарған кезде дауыстап шапшаң дыбыстар шығарамыз.
А – барлық ағзаға жақсы әсер етеді.
Е – қалқанша бездеріне әсер етеді.
О – жүрекке жеңіл әсер етеді.
И – ми, көз, құлақ, мұрынға әсер етеді.
У – ағзаның ішкі құрылысына әсер етеді.
Я – барлық ағзаның жұмыс жасауына әсер етеді.
М – барлық ағза мүшелеріне әсер етеді.
Х – мүшенің тазаруына әсер етеді.
ХА – көңіл көтеруге әсер етеді.

Сабақты бекіту кезеңі:

  • Қатынас

  • Пропорцияның негізгі тқасиеті

Рефлексия 30 секунд
Оқушыларға смайликтер таратамын. Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.
Сабақты қорытындылау: Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
Үй жұмысы: №1-5 дидактикалық материал

Үйге:

  1. АВС үшбұрышының АВ қабырғасының Е нүктесі арқылы АС қабырғасымен параллель түзу жүргізілген. Егер АВ=22,5 см, АЕ=см, ВС=15 см болса, осы түзу ВС қабырғасын қандай қатынаста бөледі. Жауабы:

  2. Теңдеуді шешіңіз: Жауабы: 3; -2

  3. 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз. Жауабы: 16

  4. 4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз. Жауабы: 50

  5. 5 кг алма үшін 120 теңге төленді. 7 кг алма үшін неше теңге төлеу керек? Жауабы: 168 теңге



Сабақ- №25. Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару
Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның көмегімен есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пропорция тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық:Есептерді шығарту негізінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауға бейімдеу.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Пысықтау
Жабдықтары: Интерактивті тақта, бейне слайдтар.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру

Алдымен бөлді, сосын тағы да бөлді. Содан соң екеуінің арасына «теңдік» таңбасын 
қойды. - Оның көмегімен теңдеу де, есептер де шығаруға болады. 
- Дәрі-дәрмек жасағанда оның қандай болу керек екенін жақсы білу керек. Егер біреуін 
көбірек салып қойсаң, керегіңді ала алмайсың. 
- Онымен сендер жуырда таныстыңдар, тіпті, онымен жұмыс та жүргіздіңдер. Бұл не? 
(Пропорция) 

3. Шапшаңдық гимнастикасы
4. Есептер шығару
АВС үшбұрышының АВ қабырғасында жатқан Е нүктесі арқылы АС қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Егер АВ=22,5 см, АЕ=18 см, ВС=15 см болса, ВС қабырғасын түзу қандай кесінділерге бөлінетінін табыңыз.


  1. Жауабы: 3 см, 12 см

  2. АВС және А1В1С1 үшбұрыштары ұқсас. ВС және В1С1 қабырғалары сәйкес 1,4 м-ге және 56-см-ге тең. АВС және А1В1С1 үшбұрыштарының периметрлерінің қатынасын табыңыз.

  3. Жауабы: 2,5

  4. АВС үшбұрышының АВ қабырғасында жатқан Е нүктесі арқылы АС қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Егер АВ=7,5 см, АЕ=5 см, ал АВС үшбұрышының ауданы 72 см2-ге болса, АВС үшбұрышы бөлінетін фигураның аудандарын табыңыз.

  5. Жауабы: 8 см2, 64 см2

  6. 2,5 кг қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады?

  7. Жауабы: 3,5 кг

  8. 46 тонна каучук өндіру үшін 92 т спирт керек. 84 т каучук үшін қанша спирт керек?

  9. Жауабы: 168

  10. 4 м3 қара бидай дәнінің салмағы 2,8 т 10,7 м3 қара бидай дәнінің салмағы қандай?

  11. Жауабы: 7,49 т.

  12. 168 м матадан 56 көйлек тігілді. Сондай 96 м матадан қанша көйлек тігуге болады?

Жауабы: 32

  1. Төрт қар тазалайтын машина бір уақытта жұмыс бастап, аэродром жолын 15 мин-та жинады. Ал алты машина сол жұмысты қанша уақытта орындап болатынын табыңыз.

Жауабы: 10 мин

  1. Жұмысшы сағатына 108 тетіктен жасағанда, барлық тетікті 5 сағатта жасайды. Ол сағатта 60 тетіктен жасаса, барлық тетіктер неше сағатта жасайтынын табыңыз.

Жауабы: 9 сағ

  1. Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітап неше бет болатынын табыңыз. Жауабы: 99 бет

Санды бөліктерге бөлу
1. Үшбұрыштың периметрі 48 см. Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 3:4:5 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
Жауабы: 12 см; 16 см; 20 см
2. Тік төртбұрыш енінің ұзындығына қатынасы 2:5қатынасындай. Оның периметрі 84 см. Тік төртбұрыштың ені мен ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 12 см; 30 см
3. 360 санын 2:4 қатынасындай екі бөлікке бөліңіз.
Жауабы: 120; 240
4. 120 санын 1:2:3 қатынасындай бөліктерге бөліңіз.
Жауабы: 20; 40; 60
5. Жазыңқы бұрыштың төбесінен жүргізілген сәуле оны екі бұрышқа бөледі. Олардың градустық өлшемдерінің қатынасы 5:4 қатынасындай. Екі бұрыштың градустық өлшемдерін табыңыз.
Жауабы: 1000; 800
6. Жаңа күміс (альпақ) – бұл 3:4:13 қатынасындағы никель, мырыш және мыс қорытпасы. Осындай 4 кг жаңа күміс алу үшін әрбір металдан неше кг-нан алу керек екенін табыңыз.
Жауабы: 0,6 кг; 0,8 кг; 2,6 кг
7. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, олардың массаларының қатынасы 3:2 қатынасындай. Бір кесек жез дайындау үшін 120 г мыс қажет. Осы кесек жезді дайындау үшін қанша мырыш қажет болатынын анықтаңыз.
Жауабы: 80 г
8. Үш учаскенің ауданы 60 га. Бірінші учаскенің ауданы барлығының ауданының 25%-не тең. Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатынастары 4:5-ке қатынасындай. Учаскелердің әрқайсысының ауданын табыңыз.
Жауабы: 15 га; 20 га; 25 га
9. Екі салт атты адамның жылдамдықтарының қатынасы -ге қатынасындай. Бірінші салт атты адамның жылдамдығы екінші салт атты адамның жылдамдығынан км/сағ артық. Бірінші салт атты адамның жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 12 км/сағ
Сабақты бекіту кезеңі:

  • Қатынас

  • Пропорцияның негізгі тқасиеті

Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау: Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
Үй жұмысы: №6-12 дидактикалық материал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет