72. ОНЖ уақытша үйлестіру. Кері байланыс және тізбекті рефлекстер принципі.
Орталық жҥйке жүйесіндегі организмнін қыметінің ҥйлестірілуі (координациялануы). Адам организміндегі қаңдай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің жағдайына байланысты. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтері организмде бір-бірімен үйлестіріліп отырады, үйлесімді орындалып ӛзара кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, организм ішкі және сыртқы орталардың әсерлеріне біртүтас құрылым ретінде жауап береді. Кӛптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсерлеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе кординациялауы (лат. координация - үйлесімділік, келісімділік) дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадиация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.
Ожж қозу мен тежелу үрдістерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың үнемі дұрысытап, үйлестіріп отырады. Үйлестіру – бұл ОЖЖ-дегі нейрондар мен жүйке орталықтарының интеграциялық бірлескен іс әрекет қызметі. Нәтижесінде адекватты рефлекстер пайда болады. Рефлекстерді үйлестіруде ОЖЖ-дегі субординация құбылысы мен қозудың бірнеше физиологиялық қасиеттері рөл атқарады, олар, жинақы қозу, конвергация и окклюзия. Үйлестіру қызметтері: 1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз етеді; 2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке орталықтарын жүйелі түрде іске қосады; 3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді (жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы тежеледі).
ОЖЖ-сі нейрондарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың қызметтері үйлесімді және келістірілген түрде атқарылады.
Үйлестіру(координация) қызметтері:
1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз етеді;
2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке орталықтарын жүйелі түрде іске қосады;
3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді (жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы тежеледі).
ОЖЖ-нің үйлестіру қызметі жеке жүйке жасушалары мен жүйке жасушаларының жеке топтарының арасындағы өзара ісәрекеттерінің дәл атқарылуын қамтамасыз етеді.
Кері байланыс принципі. Кері байланыс деп - жауап қайтару әсерленістері қалай атқарылуда, жетілікті ме, әлде жоқ па және басқа да ақпараттарды ОЖЖ-не жеткізетін серпіндер ағынын айтады.
Кері байланыстар үрдістерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А.Бернштейн болды. Ол физиологиялық үрдістердің өздігінен реттелу механизмдерін зерттеу барысында, рефректорлық реакциялар орындалу үшін «рефректорлық шеңбер» керек, ал бұл «шеңбердің» маңызы звеноларының бірі «кері байланыстар» деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлық реакцияны бағалауға, қателік кетсе єр уақыт үзіндісінде түзету ендіруге мүмкіндік береді.
Кері байланыстың екі түрін ажыратады:
1) оң кері байланыс – жүйке жүйесінің жауап әсерленісін күшейтеді;
2) теріс кері байланыс – ОЖЖ-нің жауап реакциясы мен нейрондарының белсенділігін төмендетеді. Бұл өздігінен реттелудің негізіне жатады.
Сыртқы стереотипті тітіркенуге сәйкес, мида осы сияқты әрекеттік қатынастың бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тәртіппен бірнеше рет қайталанған жағдайда, біртұтас біріккен тізбекті рефлекстер жүйесіне айналады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі бірізді қалыптасуы жылжымалы (динамикалық) стереотип деп аталады. Тізбекті шартты рефлекстер – әрқайсысы жеке өзіндік шартты рефлекс тудыратын тітіркендіргіштер тізбегі әсер еткенде пайда болады (динамикалық стереотип) ;
Нерв орталықтарының шаршауы. Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.
Н.И. Веденский орталыққа тепкіш нейронды тітіркендіргенде рефлекторлық жауаптың 10-40 сек. кейін жоғалғанын байқаған. Одан кейін ол тітіркендіруді орталықтан тепкіш нервке көшіріп, рефлекстің қайта пайда болатынын байқаған. Бұл бақылау шаршаудың орталық нерв жүйесінде туындайтынын дәлелдейді.
Тежелу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.
73. Антагонистік функциялардың ара қатынасы. Жалпы соңғы жол, жалпы соңғы жол үшін күрес, күш/маңыздылығы факторының принциптері. Реципрокты иннервация. Доминанттылық, оның анықталуы мен қасиеттері.
Антагонистік әсер ету арқылы мүшелердің қызметін қалпына тез келтіріп, организмнің функциялық түрақтылығын сақталады.
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық нерв жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол єр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады жєне организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар жєне онтогенистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».
Антогонистік еттердің нерв орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі – реципроктық тежелу деп атайды. Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды. Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде нерв орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мєселен, нерв орталығын тежеуші єсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол нерв орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір нерв орталықтарындағы қозу басқа нерв орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты нерв орталығы бір жағынан єлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан єрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нєтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-єрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын єсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |