61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Нейрон: негізгі бөлімдері (дендриттер, денесі, аксон) және олардың сипаттамасы. Нейронның функциялары



бет17/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
61-90

76. Нейрон: негізгі бөлімдері (дендриттер, денесі, аксон) және олардың сипаттамасы. Нейронның функциялары.

Жүйке тіндерінің құрылымдық және әрекеттік бірлігі жүйке жасушасы – нейрон. Нейрон – мамандандырылған жасуша, оның ақпаратты қабылдау, кодқа айналдыру, өткізу және сақтау қабілеті бар, басқа нейрондармен байланыс жасап, тітіркендіруге организмнің жауап реакцияларын ұйымдастырады.

Нейронның әрекеттік (функциялық) бөлімдері:


  1. қабылдаушы бөлімі (дендриттер мен нейрон денесінің мембранасы);

  2. біріктіруші (интеграциялау) бөлімі ( сома мен аксон төмпешігі);

  3. таратушы бөлімі (аксон төмпешігі мен аксонның өзі).

Қабылдаушы бөлімі:

Дендриттер – нейронның негізгі қабылдаушы аймағы. Дендрит мембранасы медиаторларға сезімтіл болады. Нейронда тармақталған бірнеше дендриттер болады, сондықтан нейронға ақпарат әкелетін кіру арналары көбейеді. Маманданған түйіспелер арқылы ақпарат бір нейроннан келесі нейронға беріледі.

Нейрон денесі мембранасының қалыңдығы 6 нм және ол екі қабат липидтік молекуласынан тұрады. Осы мембрананың липидтік қабатында оған кіріп тұрған ақуыздар (белоктар) бар, олар бірнеше қызмет атқарады:


  1. ақуыздар-тартқыштар (насостар) – жасушадағы иондар мен молекулаларды концентрациялық градиентке қарсы жылжытады;

  2. мембрананың таңдамалы өткізгіштігін қамтамасыз етеді;

  3. қабылдаушы (рецепторлық) белоктар қажетті молекулаларды айырып таниды және оларды мембранаға бекітеді;

  4. нейронның бетіндегі ферменттер химиялық реакциялардың өтуін жеңілдетеді. Кейбір жағдайларда бір ғана ақуыз (белок) қабылдаушы да, фермент те, тартқыш та бола алады. Біріктіруші (интеграциялау) бөлімі

Аксон төмпешігі – нейроннан аксонның шығатын жері. Нейронның денесі (сома) ақпараттық қызметімен қатар, өзінің өсінділері мен түйіспелеріне қатысты нәрлендіру (трофикалық) қызметін атқарады. Сома дендриттер мен аксонның өсуіне әсер етеді. Нейрон денесі (сомасы) көпқабатты мембранамен қапталған, бұл электрлік потенциалдың қалыптысуын және оның аксон төмпешігіне қарай таралуын қамтамасыз етеді.

Таратушы бөлімі

Аксон – дендриттермен жиналған және нейронда өңделген ақпаратты өткізуге бейімделген цитоплазманың өсіндісі. Аксонның сырты миелинді қабықпен қапталған, оның тармақталған ұштарында митохондрий және секреторлық құрылым болады.

Нейрондар қызметі:



  1. жүйкелік серпіндерді (импульстерді) тарату;

  2. ақпаратты қабылдау, сақтау және өткізу (беру);

  3. қоздырушы және тежеуші сигналдарды жинақтау қабілеті (үйлестіру)

Нейрондар түрлері:

1) орналасуы бойынша:



  1. а) орталықтық (бас миы мен жұлын);

  2. б) шеткергі ( милық түйіндер, бас жүйкелері)

2) атқаратын қызметіне байланысты:

  1. а) афференттік (сезгіш) – қабылдағышта туған қозуды орталыққа жеткізеді;

  2. б) қондырғы (аралық) – сезімтал нейрондардан шыққан ақпаратты (серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді;

  3. в) эфференттік (қозғалтқыш) – жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Жұлынның алдыңғы ашасында қозғалтқыш, ал бүйір ашасында сөліністік (секреторлық) нейрондар орналасады.

3) әсер етуіне байланысты:

  1. а) қоздырушы;

  2. б) тежеуші.

4) медиаторлар табиғатына және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты:

  1. а) холинергиялық;

  2. б) адренергиялық;

  3. в) гистаминергиялық;

  4. г) дофаминергиялық және т.б.

5) нейрон қабылдайтын тітіркендірудің сапасына байланысты:

  1. а) мономодальді (жеке);

  2. б) полимодальді (көп).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет