61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі



бет31/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
61-90

Энергетикалық баланс

Энергетикалық баланс деп адамның тамақтанудан пайда болған энергиясы мен жұмсалған энергиясының, яғни ағзадан шығарған энергиясының арасындағы қатынасты айтады. Егер адам ағзасына тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан кем болса, ол кезде теріс энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам азады. Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан көп болса, ол кезде оң энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам семіреді, денесінің салмағы көбейеді. Ол қан қысымының көбеюіне және атеросклероз ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен теріс немесе оң энергетикалық баланс адамның денсаулығына теріс әсерін тигізіп, зат алмасу процесінің бұзылуына себеп болады және жүйелердің функционалды және морфологиялық өзгерістеріне әкеледі. Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия ағзадан шығарылған энергиямен тепе – тең болса, онда тура энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адамның салмағы өзгермейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет