61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Зат алмасудың энергиялық ролі. Энергия көздері. Организмнің энергиялық тепе-теңдігі



бет30/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
61-90

90. Зат алмасудың энергиялық ролі. Энергия көздері. Организмнің энергиялық тепе-теңдігі.

Зат алмасу деп организмге енген қоректік заттарды жасушалар құрамдарын синтездеуге пайдалану мен энергия өндіруге, сонымен қатар сыртқы ортаға қалдық өнімдерді шығару үдерістерінің жиынтығын айтады. Осыған байланысты зат алмасу негізгі үш кезеңнен тұрады: 1) заттардың организмге түсуі (асқорыту жүйесімен қамтамасыз етіледі); 2) заттарды ағза жасушаларының пайдалануы; 3) тыныс және шығару жүйесі арқылы ыдырау өнімдері қалдықтарының сыртқы ортаға шығарылуы. Қоректік заттар - майлар, ақуыздар, көмірсулардың гидролизден кейінгі өнімдері (мономерлері), бұлар пластикалық және энергиялық материалдар болып саналады

Ассимиляция дегеніміз ағзаға керекті қоректік заттардың синтезделуі. Олар ағзаның өсуіне және жетілуіне қолданылады. Бұл заттар күнделікті тағамдармен түсіп отырады. Ассимиляция көзі тамақ болып табылады.

Диссимиляция дегеніміз заттардың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады. Энергия көзі – тамақ болып табылады.

Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшыкеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады.

Адам (жануар) ағзасындағы зат алмасуы мен энергия алмасуы бірбірімен тығыз байланыстағы үдерістер. Зат алмасуы нәтижесінде тағам құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар тотығудан және ыдыраудан өтеді де, олардың энергиясы (химиялық, механикалық, электрлік, жылулық) ағзаның қажеттілігіне пайдаланылады. Мысалы, тағам құрамындағы белок, май, көмірсулардың химиялық энергиясы АҮФ түзілуіне немесе басқа ірі молекулалық заттардың пайда болуына жұмсалады. АҮФ жасушаның бос энергиясының көзі болып саналады, сондықтан ол пайда болған соң бір минут ішінде іске қосылады. АҮФ-тың айналыстағы жылдамдығы өте жоғары: пайда болатын (түзілетін) және ыдырауға түсетін АҮФ-тың мөлшері дене салмағынан 2-3 есе асып түседі!. Тыныштық жағдайда тағамның энергиясының 25%-ы ағза мүшелері мен тіндердің жұмыстарына жұмсалады (тасымалдау, синтездеу, сөл бөлу, бірыңғай салалы және қаңқа еттерінің жиырылуына, т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет