61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


ОНЖ қызметінің рефлекторлық принципі



бет2/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
61-90

62. ОНЖ қызметінің рефлекторлық принципі.

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Шартсыз рефлекс-тума, тұрақты, жұлында, ми бағанасында жасалады. Шартсыз рефлекстердің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ. Қозу-әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй. Шартты рефлекс-өмірде жасалады, уақытша, шартты рефлекстер тек ми қабығында жасалады.

Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалысмдары И.М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында организм сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістеріне жауап береді. Рефлекстің морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозудырецептордан жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткіщзетін жол. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық юбағыттануы бойыншарефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И. П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады.

Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың қатыфсуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Адамда шартсыз рефлекстер жұлын, ми бағаны, ми қыртысы астындағы түйіндер және ми қыртысы қызметтерінің ықпалы ар-қылы жүзеге асырылады. Сол себепті шартсыз рефлекстер жұлын, жұлын бағаны, ми қыртысы асты т.б. рефлекстер болып жіктеледі. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады. Рефлекс уақыты – рефлекс орындалатын уақыт, ол 5 компоненттен құралады: - рецептордың жасырын (латенттік) кезеңі; - қозудың афференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - орталық уақыт – қозудың ОЖЖ-ден афференттік нейроннан эфференттік нейронға өтетін уақыты; - қозудың эфференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - эффектордың латенттік кезеңі. Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай: - экстероцептивтік (ауру сезімді, температураны, жанасу сезімді қабылдайтын); туа біткен және іс-әрекеттердің белгілі бір түріне ғана лайықты рефлекстер жатады. Олар қарапайым немесе аса күрделі (инстинкт, автоматты түрдегі қимыл — әрекеттер) болуы мүмкін. онтогенез барысында, яғни адам өсе, есін біле келе жаңа машыққа, әдетке, тәртіпке үйренуіне қарай қалып-тасады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде ми қыртысының тікелей араласуы нәтижесінде қалыптасады. - интероцептивтік (ішкі ағзаларда, тіндерде, қан тамырларында); -проприорецептивтік (сіңірде, буын қабында).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет