61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


ОНЖ координация туралы түсінік. ОНЖ иерархиялық ұйымдастырылуы. Субординация принципі



бет6/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
61-90

65. ОНЖ координация туралы түсінік. ОНЖ иерархиялық ұйымдастырылуы. Субординация принципі.

Ожж қозу мен тежелу үрдістерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың үнемі дұрысытап, үйлестіріп отырады. Үйлестіру – бұл ОЖЖ-дегі нейрондар мен жүйке орталықтарының интеграциялық бірлескен іс әрекет қызметі. Нәтижесінде адекватты рефлекстер пайда болады. Рефлекстерді үйлестіруде ОЖЖ-дегі субординация құбылысы мен қозудың бірнеше физиологиялық қасиеттері рөл атқарады, олар, жинақы қозу, конвергация и окклюзия. Үйлестіру қызметтері: 1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз етеді; 2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке орталықтарын жүйелі түрде іске қосады; 3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді (жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы тежеледі).

ОЖЖ-сі нейрондарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың қызметтері үйлесімді және келістірілген түрде атқарылады.

Үйлестіру(координация) қызметтері:

1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз етеді;

2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке орталықтарын жүйелі түрде іске қосады;

3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді (жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы тежеледі).

ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің негізгі принциптері мен олардың нейрондық механизмдері:

1. Иррадиация (жайылыс) принципі. Аздаған нейрондар тобы қозғанда, қозу көптеген нейрондарға таралады. Себебі жүйке өсінділері, әсіресе дендриттер, көп тармақталған, яғни жүйке серпіндері көп нейрондарға жайылады. Сонымен қатар, ОЖЖ-інде жасушадан жасушаға серпіндердің өтуін қамтамасыз ететін қондырғы нейрондар көп болады.

2. Конвергенция (түйістіріліс) принципі. Көптеген нейрондар қозған кезде қозу жүйке жасушуларының тек бір тобына түйісулері (жиналуы) мүмкін.

3. Реципроктық (жегілген немесе қосарланыс) принципі – жүйке орталықтарының келісілген жұмыстары, әсіресе қарама-қарсы рефлекстер орталығында байқалады (бүгілу, жазылу және т.б.).

4. Доминанттық (үстемдік) принципі. Бұл ОЖЖ-індегі уақытша үстем қозу орталығы. Бұл орталықтың ерекше қасиеттері: басқа орталықтардың қызметін тежейді де, олардағы серпіндерді өзіне қарай тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді; өте қозғыш келеді; қозу мұнда тез жинақталады. Доминанттық орталық сол сәтте керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп, оның организмді дегеніне, алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор. Әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі жойылады, билігі тоқтайды. Бұл принцип шартты рефлекстердің қалыптасуы негізіне жатады

5. Қозу мен тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесу принципі. ОЖЖ-інде пайда болған бір үдеріс екінші қарама-қарсы үдерістің тууына себепер болады, яғни қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мұны қозу мен тежелу арасындағы өзара индукциялық (өрістеулік) қарым-қатынас деп атайды.

6. Кері байланыс принципі. Кері байланыс деп - жауап қайтару әсерленістері қалай атқарылуда, жетілікті ме, әлде жоқ па және басқа да ақпараттарды ОЖЖ-не жеткізетін серпіндер ағынын айтады: 1) оң кері байланыс – жүйке жүйесінің жауап әсерленісін күшейтеді; 2) теріс кері байланыс – ОЖЖ-нің жауап реакциясы мен нейрондарының белсенділігін төмендетеді.

Субординация (бағынушылық) принципі. ОЖЖ-і бөлімдерінің арасында бір-біріне белгілі дәрежеде бағынушылық болады. Соның ішінде ми қыртысы ең жоғарғы бөлім болып есептеледі де, оған жүйке жүйесінің барлық әрекеттері бағынышты болады.

ОЖЖ-нің үйлестіру қызметі жеке жүйке жасушалары мен жүйке жасушаларының жеке топтарының арасындағы өзара ісәрекеттерінің дәл атқарылуын қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет