61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Орталық тежелу түрлері. Пресинапстық және постсинапстық тежелу механизмдері. Тежелудің маңызы



бет8/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
61-90

67. Орталық тежелу түрлері. Пресинапстық және постсинапстық тежелу механизмдері. Тежелудің маңызы.

1862 жылы И.М.Сеченов орталық тежелу құбылысын ашты. Бақаға жасаған тәжірибесінде, көру төмпешігін тұз кристалымен тітіркендіргенде (алдын ала алдыңғы ми алынып тасталған), жұлын рефлекстерінің тежелуін байқаған. Осы тәжірибенің нәтижесінде И.М.Сеченов, ОЖЖ-де қозумен қатар, организмнің рефлекстік қызметін басатын, тежелу үдерісі де бар болатындығы туралы тұжырым жасады

Тежелу — тінге тітіркендіргішпен әсер ету кезінде байқалатын басқа қозуды басатын белсенді үдеріс, бұл кезде тіндерде әрекеттік өзгерістер болмайды. Тежелу тек жергілікті жауап ретінде дамуы мүмкін.

Тежелудің екі түрін ажыратады:

біріншілік. Оның пайда болуына (дамуына) арнайы тежегіш нейрондар болуы керек.Тежеуші медиатордың әсерінен, алдын ала қозусыз, бірден тежелу байқалады.

Біріншілік тежелудің екі түрі болады:



  • пресинапстық — аксо-аксондық түйіспеде;

  • постсинапстық — аксо-сомалық, аксо-дендриттік түйіспелерде.

Екіншілік. Әдеттегі қозғыш құрылымдардың әрекеттік белсенділігінің өзгеруінен пайда болады, ол үшін арнайы тежеуші нейрондар керек емес, бұл әрқашан қозу үдерісімен байланысты. Екіншілік тежелудің түрлері:

  • шектен тыс, нейрондарға (әсіресе ми кыртысындағы) аса көп ақпараттар ағыны келгенде пайда болады.

  • пессималдық, өте жоғары тітіркендіру салдарынан дамиды;

  • парабиоздық, өте күшті және ұзақ тітіркендіру кезінде пайда болады;

  • қозудан кейінгі тежелу, нейрондардың қозудан кейінгі әрекеттік жағдайының төмендеуі салдарынан пайда болады;

  • теріс индукция принципіне сәйкес тежелу;

  • шартты рефлекстердің тежелуі.

Бастапқы тежелудің өзі постсинапстық және пресинапстық болып бөлінеді. Ал, салдарлық тежелу: пессималды, парабиоздық, қозудан кейінгі тежелу деп бөлінеді.

Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады). Қозғалтқыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса, соғұрлым Реншоу клеткалары күшті қозып, ол қозғалтқыш нейрондар белсенділігін төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен тоқтайды. Яғни қайтарымды (анитромды) тежелу болып табылады. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады;

Пресинапстық (синапсқа дейінгі) тежелу – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады). Яғни медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуының шектелуінде.

Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.

Парабиоздық тежелу орталық жүйке жүйесінің лабильділігі күрт төмендеп, бір мезгілде бірнеше афференттік жолдың қозуынан туындайды. Мысалы, жарақаттан есеңгіреу кезінде байқалады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет