86. Зат алмасудың маңызы, оның негізгі кезеңдері. Анаболизм және катаболизм. Зат алмасудың пластикалық ролі.
Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді.
Зат алмасу деп организмге енген қоректік заттарды жасушалар құрамдарын синтездеуге пайдалану мен энергия өндіруге, сонымен қатар сыртқы ортаға қалдық өнімдерді шығару үдерістерінің жиынтығын айтады. Осыған байланысты зат алмасу негізгі үш кезеңнен тұрады: 1) заттардың организмге түсуі (асқорыту жүйесімен қамтамасыз етіледі); 2) заттарды ағза жасушаларының пайдалануы; 3) тыныс және шығару жүйесі арқылы ыдырау өнімдері қалдықтарының сыртқы ортаға шығарылуы.
Ассимиляция деп коректік заттардың ағзаның ішкі ортасына кіргеннен кейін ондағы жасушалар құрамындағы күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуін (синтезделуін) қамтамасыз ететін үдерістердің жиынтығын айтады. Асқорыту - ассимиляцияның алғашқы кезеңі ( тағам құрамындағы ақуыздар, майлар және көмірсулардың ыдырауы). Асқорыту жүйесіндегі ақуыздың соңғы тотығу өнімі - аминқыщқылдары мен нуклеотидтер, қөмірсулардікі – моносахаридтер, майлардікі – май қышқылдары мен моноглицериндер болады. Асқорыту жүйесінен ағзаның ішкі ортасына енген коректік заттардың бөлігі (шамамен 90%) – қоректік заттардың сіңімділігі деп аталады.
Анаболизм – ассимиляцияның қорытынды бөлігі, яғни жасушалар құрамы мен оның ішкі заттарының синтезделуін қамтамасыз ететін жасушаішілік үдерістер жиынтығы. Анаболизмнің бастапқы өнімдері – мономерлер (аминқышқылдары, моносахаридтер, май қышқылдары, моноглицеридтер, нуклеотидтер) және су, минералдық тұздар мен дәрумендер (витаминдер); соңғы өнімдері – полимерлер: организм үшін арнайы ақуыздар, майлар, көмірсулар, нуклеинді қышқылдар. Анаболизм диссимиляция кезінде бұзылған жасуша құрылымдарын қайта жаңартып, қайтадан калыптасуын, организмнің өсіп дамуын, энергиялық потенциалдың артуын қамтамасыз етеді.
Диссимиляция – ағза жасушаларының құрамы мен басқа қосындыларының энергия бөлмей мономерлерге дейін ыдырау процесі. Диссимиляцияның бастапқы өнімдеріне ағза жасушаларындағы ақуыздар, майлар және көмірсулар жатады; соңғы өнімдері – аминқышқылдар, моносахарлар, май қышқылдары, нуклеотидтер және энергиясы бар басқа да қосындылар. Бұл косындылар диссимиляция кезінде қанға түседі де, асқорыту жүйесінен келетін мономерлермен араласып қоректік заттардың жалпы қорын құрады. Бұл – жалпы зат алмасуы. Диссимиляция үдерісінде жасуша құрылымдарының ыдырауынан пайда болатын мономерлер мен басқа да қоспалар энергия бөлінбей жүреді.
Катаболизм - бұл қаннан жасушаға түскен мономерлер мен басқа да қоспалардың энергия бөлу арқылы ең соңғы өнімдерге дейін (Н2О, СО2 және NH3) ыдырауы. Сөйтіп, катаболизм үдерісі кезінде жасуша асқазаннан қанға сіңген және өзінде диссимилизация нәтижесінде түзілетін мономерлерді пайдаланады.
Пластикалық алмасу немесе анаболизм дегеніміз — биологиялық синтез реакцияларының жалпы жиынтығы. Пластикалық алмасуда жасушаға сырттан келіп түсетін заттардан жасушаішілік заттар түзіледі. Пластикалық алмасу реакцияларына мыналар жатадықанттар мен полисахаридтерд глицерин мен май кышқылдарынан майдың, органикалық қышқылдардан аминқышқылының, аминқышкылы мен қанттардан нуклеин кышқылдары азоттық негіздерінің синтезделуі. Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |