83. ОНЖ функцияларының зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, шақырылған потенциалдар, олардың жүргізілуі.
ОЖЖ-ін зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді:
1) жануарларға жасалатын тәжірибелік (эксперименттік) әдіс; 2) адамдарға қолданатын физиологиялық-клиникалық әдістер. Қалыпты физиологияда жүргізілетін тәжірибелік әдістер қатарына жүйке құрылымдарының қызметтерін белсендіруге немесе төмендетуге (басуға) келтіретін әдістер кіреді. Оларға мына әдістер жатады: 1) ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінде көлденең кесу әдісі; 2) экстирпация әдісі (денервация, ми бөлімдерін алып тастау); 3) тітіркендіру әдісі (физикалық, химиялық, көбіне электрлік әсерлер); 4) бақылау (ертеден келе жатқан және маңызын жоғалтпаған әдістердің бірі). Оны дербес қолдануға болады, көбіне басқа әдістермен бірге жасалады. Тәжірибе жасаған кезде бұл әдістер бір бірімен үйлестірілген түрде өткізіледі. Клиникалық әдістер адамның ОЖЖ-нің физиологиялық жағдайын зерттеуге бағытталған. Оның қатарына келесі әдістер кіреді: 1) бақылау; 2) бас миының электрлік потенциалдарын тіркеу және талдау әдісі (электроэнцефалография, магнитоэнцефалография, т.б.); 3) радиоизотоптарды пайдалану әдісімен нейрогуморалдық реттеуші жүйелер қызметтері зерттеледі; 4) шартты рефлекстік әдіс (ми қыртысының үйрету, бейімделу әсерленістерінің даму механизмдеріндегі ролі зерттеледі); 5) сауалнама (анкета) өткізу әдісі (ми қыртысының үйлестіру қызметі бағаланады; 6) модельдеу әдісі (физикалық, математикалық және т.б.) Организмдегі өтіп жатқан үдерістердің (әрекеттердің) механизмдерін түсіндіретін жасанды үлгісін жасау; 7) кибернетикалық әдіс (жүйке жүйесіндегі басқару мен байланыс үдерістерін зерттейді). Ол жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейдегі қызметтерін ұйымдастыруды, жүйелер мен мүшелердің жұмыстарына қажет әсерлерді таңдау және басқаруды, ақпаратты қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз етеді.
Электроэнцефалография (ЭЭГ).
ЭЭГ - мидың жиынтық электрлік белсенділігін тіркеу әдісі. Тіркелген ЭЭГ-ма мидағы зат алмасу процестерінің деңгейіне сәйкес әрекеттік жағдай өзгерістерін сипаттайды. Гипоксия, терең наркоз немесе қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы үлкен жартышарлар қыртысының электрлік белсенділігін төмендетіп тежеуге келтіреді. 0рганизмнің жалпы жағдайына ЭЭГ-маның тәуелділігі клиникада операция жасау кезінде және наркоз деңгейін бақылау үшін кеңінен қолданылады.
Адам миының биоэлектрлік белсенділігін тіркеу бас терісінің үстінен, кейде операция кезінде ашық ми бетінен немесе миға енгізілген микроэлектродтар көмегімен жүргізіледі. Тіркеуші электродтардың орналасуы әртүрлі болады: униполярлы, биполярлы және мультиполярлы. Солардың ішіндегі белсенді электродтармен мидың белгілі бір аймағындағы биопотенциалдар тіркеледі.
Мидың түрлі биопотенциалдарының ішінде фондық немесе спонтанды электрлік белсенділігін ажыратады, олар ЭЭГ - да әр түрлі ырғақтармен (ритмдермен) бейнеледі
Альфа-ырғағы - жиілігі 8-13 Гц, амплитудасы 30-70 мкВ по-тенциалдардың синхронды тербелістері. Олар көбіне, тыныштық жағдайда көзді жұмып отырғанда, мидың артқы бөлімдерінде байқалады.
Бета-ырғағы - жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 10-30 мкВ потенциал тербелістері. Бұл ырғақтар организмнің белсенді әрекеттерінде (эмоциялық қозу, ойлық және физикалық жүктеме) мидың маңдай және орталық аймақтарынан тіркеледі.
Тета-ырғағы - жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 100-150 мкВ потенциал тербелістері. Бұл ырғақтар қалғуда, ұйқының бастапқы кезеңінде, жеңіл наркоз берілгенде және кейбір науқастарда байқалады.
Дельта-ырғағы - жиілігі 1-4 Гц, амплитудасы 250-300 мкВ потенциал тербелістері. Олар терең ұйқы кезінде, қажуда және терең наркоз берілгенде тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |