78. Нейрондағы қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі. Нейронның интегративті қызметінің негізі ретінде ҚПСП және ТПСП кеңістіктік және уақытша жиынтығы.
Жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабылдайды. Тек қозу кезіңде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы тӛмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі ӛшеді.Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының ӛзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері ӛзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелгені Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
Қозу мен тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесу принципі. ОЖЖ-інде пайда болған бір үдеріс екінші қарама-қарсы үдерістің тууына себепер болады, яғни қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мұны қозу мен тежелу арасындағы өзара индукциялық (өрістеулік) қарым-қатынас деп атайды.
Индукцияның (өрістеудің) екі түрі бар:
1) бір ізді (жүйелі). Қозу мен тежелу бірін-бірі уақытында алмастырып отырады;
2) бір мезгілді (өзара). Қозу мен тежелу – екеуіде бір уақытта болады. Өзара индукция оң немесе теріс болып жүзеге асырылады: егер бір нейрондар тобында тежелу пайда болса, оның айналасында қозу ошағы пайда болады (бұл өзара оң индукция), және керісінше болуы мүмкін.
И.П.Павловтың анықтамасы бойынша, қозу мен тежелу – тек бір ғана үдерістің екі жағы болып есептеледі. ОЖЖ-нің үйлестіру қызметі жеке жүйке жасушалары мен жүйке жасушаларының жеке топтарының арасындағы өзара ісәрекеттерінің дәл атқарылуын қамтамасыз етеді.
Біріктірудің (интеграцияның) үш деңгейі ажыратылады:
Бірінші деңгей - бір нейронның денесіне әртүрлі нейрондардан серпіндер келіп түсуінен, олардың жинақталуына, немесе қозудың төмендеуіне келтіреді.
Екінші деңгей — жасушалардың жеке топтары арасындағы өзара катынастарын қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей — организмнің қажеттілігін жоғары сатыды реттеуші ми қыртысының жасушаларымен қамтамасыз етеді.
Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз қозуларды) жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздан көрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |