тілдермен байланыссыз өмір сүретін томаға тұйық тіл болмайды.
Әртүрлі халықгар өзара үнемі байланыста болады: экономикалық,
мәдениет, сауда, т.б. Хапықгардың осы түрлі байланыстары олардың
қарым-қатынас жасау барысында тілдеріне де әсер етпей қоймайды.
Тілдердің бір-біріне қарым-қатынасы тоғысу түрінде де, тілдердің
бір-біріне әсер етіп, тілдік элементгердің бірінен екіншісіне жай
ғана ауысу түрінде де болуы мүмкін.
Тілдердің тоғысу процесі кезінде субстрат деген қүбылыс
пайда болады. Субстрат латынның зиЬзгаІит «астар»
деген
сөзінен жасалған термин. Жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен
сөз тіркестерін, морфема, фонемаларды өзіне қабылдайды. Осы
жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері субстрат деп аталады.
Субстрат проблемасы - таза лингвистикалық проблема емес. Суб-
страт қүбылысы этникапық ассимиляция процесінде, этникалық
топтардың топтасып бірігуі (консолидация) нэтижесінде пайда бол-
ды. Мысалы, түркі тілдерінің көпшілігінде алты септік болса, якут
тілінде тоғыз септік бар. Якут тіліндегі септіктердің бүл ерекшелігі
түнғүс-маньчжур тілдерінің эсерінен пайда балған деген пікір бар.
Тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасы
немесе өзара әсері лексика
саласында жиі үшырасады. Мысалы, түркі тілдерінде орыс тілінен
және араб, иран тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық
заңдылығына бағынбайды да, ол сөздердің басқа тілдік екендігі
көрініп түрады. Субстрат процесіне қоғамдағы екітілділік те әсер
етеді. Екі тілділік,
тілдердің бір-біріне әсері, өзара бірін-бірі бай-
ьпуы, тілдердщ араласуы немесе тоғысуы — осылардың оарлығы
да тілдердің қарым-қатынастарының (контакт) түрлері болып са-
налады. Субстрат процесінің қалай пайда болатындығы жөнінде
тіл білімінде эртүрлі пікір болды. Н. Я. Марр екі тілдің тоғысуы
нәтижесінде жарылу жолымен жаңадан үшінші тіл жасалады жэне
ол тіл тоғысушы тілдердің біреуіне де үқсамайды деп есептеген. Н.
Я. Маррдың бүл пікірі мүлдем қате екендігі 1950 жылғы дискуссия
кезіндесыналды.Шындығы,тоғысу процесіндебіртілжеңіпшығады
да, екінші тіл жеңіледі. Бір аймақга түратын
тілдер бірін екіншісі
ассимиляциялағанда жеңілген тіл із-түзсіз жойылып кетпейді,
оның қалдықгары жеңген тіл ішінде үзақ сақталады. Жеңілген тіл
жеңген тілден сөздер мен сөз тіркестерін, морфема, фонемаларды
53
өзіне қабылдаса, осы жеңілген тілдегі
жеңген тілдің элементгері
суперстрат деп аталады. Ал, достық қатынастағы тілдердің бір-
біріне тигізген эсерлері интерстрат деп аталады. Тілдердің арала-
суы барысында
бір тілдің жеңіп, екінші тілдің жеңілуіне Еуропада
ертеде өмір сүрген кельт тілдерінщ жеңіліп, ақырында жоиылып
кеткендігін мысалга алуга болады. Бірақ тілдердің араласуы бары-
сында бір тілдің жеңіп, екінші тілдің жеңіліп кетуі шарт емес.
Белгілі бір дэуірде кейбір тілдер бір-біріне өзара әсер етіп не-
месе біреуі тек қана екіншісіне әсер етіп, белгілі дәрежеде арала-
сып, соңынан ажырасып кетуі, эрқайсысы ^зінің дербестігін сақтап
дами беруі де мүмкін. Мысалы, араб тілінің иран тіліне, орыс тілінің
түркі тілдеріне әсерін айтуга болады.
Тілдердің өзара байланыс нәтижесінде тілдің деңгейлерінде
түрлі өзгерістер болып отырады. Бір гана мысал, дүниежүзі
тілдерінде болатын фонетикалық ауытқу екі түрлі
жолмен бола-
ды: а) алдыңгы ұрпақ тілінде өзара жақын болганымен, бір-бірінен
елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі ұрпақтың біріктіріп,
бір-ақ дыбыс ретінде пайдалануы. Бұл тіл білімінде конверген-
ция деп аталады. э) алдыңгы ұрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір
дыбыстың басқа бір түрі гана болып келгенде кейінгі ұрпақ тілінде
екі дыбыс болып кетуі мүмкін. Бұл дивергенция деп аталады.
Ү сынылатын әдебиеттер:
1.
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
2.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
3.
Общее языкознание. Формы существования, функции, исто-
рия языка. Москва, 1970.
4.
Степанов Ю. С. Основы общего языкознания. Москва, 1975.
5.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990.
6.
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
54