6М020500 «филология:қазақ» магистранттарға арналған


№5 Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде



бет3/6
Дата26.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#28970
1   2   3   4   5   6


5 Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде

1. Аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу қажеттігі.

2. Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастыруға қатысты көзқарастарға шолу.
Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, тілдік пе, әлде әдебиеттану тұрғысынан қарастыру керек пе? – деген даулы мәселелер бар. Оны тек тіл ғылымының тұрғысынан, яғни әр тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық заңдылықтарын айыру, аудармада солардың қайсысының қалай жүйелесетінін анықтау – аударма теориясының басты міндеті деушілер болды. Бұған қарама-қарсы, аударманы тек қана «әдебиеттану тұрғысынан қарау керек» деген пікірлер де айтылды. М. Әуезов «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында. «Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастырғанда, кейінгі кезде біздің одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі – аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі – біздіңше, дұрыс бейім, – аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясы зерттейтін объект деп қарайды»– деп көрсетеді.

Дәрісті қорытындылау:

1. Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, -деген даулы мәселелер бар.

2. М. Әуезов аударманы сөз өнерінің бір түрі деп қарап, оны әдебиеттану тұрғысынан зерттеуді бірінші кезекке қою керек деген пікірді ұстанды.
Бақылау сұрақтары:

1. Аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек?

2. М. Әуезов аударманы қай ғылым тұрғысынан зерттеуді ұсынды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері // Қазақ әдебиеті, 1955, 7 қазан.


2. Федоров А. Основы общей теории перевода. – М., 1972.

6 дәріс тақырыбы: Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.

1. Шетелдік ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.

2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.


Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.    1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден  (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: Біріншіден, «метафраз» – түпнұсқаның дәл жеткізілуі,      екіншіден, «парафраз» – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,үшіншіден, «имитация» (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.

       Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов  құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт  түрге бөліп көрсетеді:


1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.  М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
     Дәрісті қорытындылау:

1.Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.

2. Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
ауызша аударма және жазбаша аударма.

Бақылау сұрақтары:

1.Ағылшын аудармашысы Дж.Драйден ) аударманың неше түрін ұсынды?

2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыру туралы пікірлері бар ма?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.

3модуль. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.


№7 Дәрістің тақырыбы: Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы.

1. Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы.


2. Көркем аударманың алғашқы үлгілері.

Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру . Аударма қазақ даласында атам заманнан пайда болған. Түркінің “тілмаш” деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың “толмачы” шыққан.Ұлы Жібек жолының алтын арқауы – аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің “Гүлстанын” ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі.

2.Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?



2. Қазақ тарихында аударманың қандай нұсқалары бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

№8дәріс тақырыбы: Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.

1.Тілдік дәнекерлік ұғымы туралы түсінік.
2. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.
3. Аудармаға қойылатын талаптар.

Тілдің коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық. Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Тілдік дәнекерлік қай–қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аударманың қоғамдағы қызмет аясын кеңейту мақсатында “тілдік дәнекерлік” деген ұғым пайдаланылып жүр.

2.Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?

2. Трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген қай ғалым?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
9 Дәрістің тақырыбы. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.
1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынасты (коммуникация) қамтамасыз ету құралы .

2. Аударма–тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі.


Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.

Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады . Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды.


Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы .

2. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?



2.Неге аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?

3. Коммуникацияның неше түрі бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
4модуль. Аударма теориясының негізгі әдістері, түрлері, аудармада қолданылатын түрлі әдістер.

№10 дәріс тақырыбы: Аударманың негізгі түрлері.

1. Аударма теориясының мәні, өзіндік ерекшелігі.

2. Аударманың негізгі түрлері.

«Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.

Аударманың бірнеше түрі бар :


1. Ауызша аудару. 2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады.

3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру.


Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады.

2. Аударманың бірнеше түрі бар : ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың қандай түрлері бар?

2.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

11 дәріс тақырыбы: Аудармадағы трансформациялық үдерістер.

1. Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.
2.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.
3.Қосу трансформациясы.
4.Түсіріп тастау трансформациясын орындауға түрткі болатын дәлелдер

Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады.

2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?

2. Қай еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген?

3. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын қалай жіктеген?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
№12 Дәрістің тақырыбы: Аударма-технологиялық әрекет.
1. Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.

2. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру.


Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция – латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.

Дәрісті қорытындылау:

1. Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі.

2. Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады.

3. Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер.



Бақылау сұрақтары:

1. Транслитерация, транскрипция дегеніміз не?

2. Транслитерация қалай жасалады?

3. Транслитерация, транскрипция тәсілдері қай кезде қолданылады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

№13Дәрістің тақырыбы: Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы.

1. Балама аударма туралы түсінік.
2. Аудармада қолданылатын түрлі әдістер.

3. Көркем аударманың негізгі түрлері.


Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілі­нің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма. Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түп­нұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түп­нұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарас­тырудан туады. Аудармадағы екінші әдіс –сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табу – әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді.

2. Көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма.
Бақылау сұрақтары:

1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табудың қандай пайдасы бар?

2. Көркем аударманың қандай түрлері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

№14 Дәрістің тақырыбы: Қазіргі аударма саласындағы балама, баламалы аударма, балама­лылық деген терминдердің қолданысы туралы.


1. Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты түсініктер.

2. Балама теориясына қатысты көзқарастарға шолу.


Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда­ны­лып жүрген балама, баламалы аударма, балама­лылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, «балама» дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.

Дәрісті қорытындылау:

1. Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда­ны­лып жүрген балама, баламалы аударма, балама­лылық деген терминдердің қазірге дейін анықтамасы нақтылана қойған жоқ.

2. Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты қандай түсініктер бар?

2. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан кім?

3. Балама (эквивалент) дегеніміз не ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

5 модуль. Көркем аударманың бүгінгі әдеби тілде алатын орны.


15Дәрістің тақырыбы: Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары.

1. Көркем аударма және оның түрлері.

2. Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.

Дәрісті қорытындылау:

1.Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.

2. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Көркем аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай, қалай ажыратылады.?



2 Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

16 Дәрістің тақырыбы: Көркем аударманы қабылдау.


1. Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы.

2. Аударма шығармасын қабылдау.

В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма – бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау. Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма – бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады.

Мәтін – бұл тіл шығармасы, оның көмегімен вербалды коммуникация іске асады. Аудармашы осы түпнұсқада берілетін толықтықты қабылдай ала алуы және онымен құрылып жатқан аударма мәтінін толық және дәл бере білуі керек. Әрбір аударма шығармашылық үдеріс ретінде аудармашының даралығын белгілеуі керек, бірақ аудармашының негізгі мақсаты түпнұсқаның ерекшеліктерін жеткізу және түпнұсқаға сәйкес көркем және эмоционалды әсерін барабарлы жеткізу үшін, аудармашы ең жақсы тіл амалдарын: синонимдерді, сәйкес болып тұрған көркем бейнелерді және сол сияқтыларды табу керек.


Дәрісті қорытындылау:

1. Көркем аударма – бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау.

2. Мәтінді қабылдайтын кісі иерархиялық құрылымды– «төменнен – жоғары» қарай, мәтінді толық түсініп ұғынуға дейін қабылдайды.

Бақылау сұрақтары:

1 Көркем аударма – бұл аудармалық әрекет дегенді қалай түсінесің?



2. Көркем аудармада түпнұсқа қандай қызмет атқарады.?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. 5.
17 Дәрістің тақырыбы: Поэзияны аударған кезде туындап жататын мәселелер.

1. Көркем аударма мәселелері.

2. Аударманың сапасы жайында.

Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады. Сөзді фактілерге беретін болсақ: Пушкиннің «Ай» («Месяц») деген өлеңінің аудармасына көз жіберейік. Осындағы әбден түсінікті айтылған сөздерді Тәкен Әлімқұлов бұзып тәржімалған. «Гордым разумным моим» — «салқын оймен», «летите прочь, воспоминания!» — «Сәуле төгіп дірілдетіп» делінген. Бұл арада «тусклое» эпитетінің қалып қоюы мағынаға нұқсан келтіріп тұр. В.Г. Белинский А.С. Пушкин шығармашылығына арналған мақаласында ақынның ойы мен сезімдер бірлігін оның пафосы деп анықтайды.



Дәрісті қорытындылау:

1. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі.

2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады

Бақылау сұрақтары:

1 Аударма не үшін жасалған ?



2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, қандай сәтсіздіктер бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. 5.
18 Дәрістің тақырыбы: Көркем аудармадағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер.
1. Аударманың қоғамдық мәні.

2. Аударманың лингвистикалық қағидасы

Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау. Бірақ, егер де лингвистикалық қағида негізгі екені айтылатын болса, онда ол түпнұсқаның сөзбе сөз аударылуына әкелуі мүмкін. Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын белгілейді . Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.

Дәрісті қорытындылау:

1.Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау.

2. Лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың лингвистикалық қағидасына не жатады?



2. Денотативті коннотативті және коммуникативті-функционалды деңгей дегеніміз не ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2.Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959
6 модуль. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.
№19 дәріс тақырыбы: Аударманың толыққандылығы туралы.

1.Аударма толыққандылығының маңыздылығы.


2. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.

Аударма толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге тырыса отырып,

А. В. Федоров толығырақ түсініктеме береді: «Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі». Аударма толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны және форма ара қатынас ерекшеліктерін жеткізуде немесе осы ерекшеліктеріне функционалды сәйкестіліктерді жасауда. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ, алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді.

  Дәрісті қорытындылау:

1.Аударманың толықтылығы – бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келу.

2. А. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды.



Бақылау сұрақтары:

1. Аударманың толықтылығы дегеніміз не?

2. Аудармадағы барабарлық дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.
№20 дәріс тақырыбы: Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері.

1. Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым.

2. «Эквиваленттілік» терминінің қалыптасуы туралы.

Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады».


«Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді» («О лингвистических аспектах перевода») . Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей, мағынасы бірдей, тең күшті, бірдемені қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі – бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым.
Эквиваленттілік – бұл тілдің ең басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады.

  Дәрісті қорытындылау:

1. «Эквиваленттілік» термині 1938 жылдан қолданылып келе жатыр.

2. Алғаш рет «эквивалент» терминін Р. Якобсон ұсынған еді.

3.Эквивалент сөзі –мағынасы бірдей, оны толық алмастыра алатын ұғым.
Бақылау сұрақтары:

1. Барабарлық (эквиваленттілік) дегеніміз не?

2. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында неге тепе-теңдік белгісін қояды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.


3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

№21Дәрістің тақырыбы : Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары.

1. Аударма барысында жаңа сөздің жасалуы
2. Контекстің аудармадағы маңызы
3. Сөз мағынасын жеткізуде кездесетін проблемалар

Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Осыған орай жинақталған материалдарға негіздей отырып, сөз таңдаудың негізгі екі түріне ғана тоқталуға болады. Олар:



  1. сөз мағынасын нақтылау (конкретизация);

  2. сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу (генерализация).

Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, сондай-ақ қолданылған тілдік единица жалпы атау, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.

Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін – сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады. Дәрісті қорытындылау:

1.Тілдердің сөздік құрамының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді.

2. Сөз мағынасын нақтылау – түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.



Бақылау сұрақтары:

1. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не?



2. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Федоров, А.В. Аударма мәселелері / А.В. Федоров. – А., 2007. – 245 б.


2. Алдашева, А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.,– А.,1998. – 215 б.

№22 Дәрістің тақырыбы : Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері.



1. «Реалия»сөздер туралы түсінік.
2. Қазақ тіл білімінде реалия сөздердің зерттелуі.

Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген


С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі. И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.

Дәрісті қорытындылау:

1. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан.

2. Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Реалия сөздер дегеніміз не?

2. И. Левый реалия сөздерді қалай атаған?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.
№23 Дәрістің тақырыбы : Эквивалентсіз лексика туралы түсінік.
1. Эквивалентсіз лексика ұғымы.

2. Реалия сөздердің сипаттайтын факторларына сәйкес топтастырылуы.

Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:
1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер).

2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.


«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
Дәрісті қорытындылау:

1. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады.

2.Эквивалентсіз лексика: басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер.

3. Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Реалия нені жатқызамыз?

2. Эквивалентсіз лексикаға қандай бірліктер жатады ?

3. Эквивалентсіз лексиканың қандай ерекшелігі бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.

№24Дәрістің тақырыбы: Жаңа сөздің, сөз тіркесінің пайда болуы.


1. Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.

2. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер.

Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Ұқсас аударма. Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау.

Контекстуалды аударма. Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін. Реалияны алмастыру.Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, «реалияны алмастыру» тәсілін қолдануды ұсынады. Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.


Сипаттамалы аударма.Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.
Дәрісті қорытындылау:

1. Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.

2. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер мыналар: ұқсас аударма, контекстуалды аударма, реалияны алмастыру, сипаттамалы аударма.

Бақылау сұрақтары:

1. Реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін қолданылатын тәсілдердің біріне қайсысы жатады?

2. Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер туралы не білесің ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері .Алматы, 2012.

25 Дәрістің тақырыбы: Аударматану саласының терминологиялық жүйесі.


1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі.

2. Аударматану терминдерінің сатылары.


Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты.

А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды енгізді. А.Попович енгізген «мәтін  түпнұсқа мәтіні  протомәтін», «екінші деңгейдегі мәтін  аударма мәтіні  метамәтін» деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. Кез келген ғылым, білім саласының терминологиялық жүйесі сол ғылым саласымен бірге дамиды және адамзаттың ақиқат, шындықтың нысандарын танып білу кезеңдерін көрсетеді.



Дәрісті қорытындылау:

1. Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.

2. Зерттеуші Л.А.Новиков мағына түрлерінің жіктемесін ұсынды.

Бақылау сұрақтары:

1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесіне не жатады?



2. А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қандай терминдер мен ұғымдарды енгізді?

3. Аударматану терминдері қандай сатылардан тұрады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

26 Дәрістің тақырыбы: Аудармалық сәйкестіктер.

1. Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі.

2. Сөз аудармасындағы сәйкестіктер.


Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт.

Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз.

Дәрісті қорытындылау:

1. Аудармашы таланты – айрықша талант.

2.Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөз аудармасы қалай жүзеге асады?



2. Лексикалық немесе сөздік ұйқастық дегеніміз не?

3. Эквиваленттер дегеніміз не??



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

2.Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959

3. Бархударов Л.С. Язык и перевод. — М., 1975

 №7модуль. Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары
27 Дәрістің тақырыбы: Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет