6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет25/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Халық ауыз әдебиеті.
Қай елдің болсын жазба әдебиеті шық бұрын ауыз әдебиеті болды.Жазу-сызу шығып, мәдени сатыға көтерілгенге дейін қай халық болсын ой-пікір, көңіл күйлерін, тап болған қоғамды, таптық тілек-мүддесін ауызша жырлап, ауызша айтып берді. Олар ауыздан-ауызға тарап, халықтың, оның жыршыларының жадында сақталып, біздің дәуірімізге жетті. Жазуы жоқ елде сақталудың мұнан басқа жолы да болмайды.
Ауыз әдебиеті жазба әдебиеттен бұрын туғандықтан, жазба әдебиеттің өсу, даму жолында негізгі бір қоры, негізгі бір тірегі саналады. Ауыз әдебиетінен тыс, онымен байланыссыз дамып, өз алдына, жеке өскен жазба әдебиетті тарих білмейді.
Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы, мазмұндылығы және түр көркемділігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді. Фольклористика ғылымында танылған сан алуан түрлердің қайсысы болсын қазақ ауыз әдебиетінен табылады: не әдемі ертегі, аңыздар; биікке қол созып, қиынға құлаш ұрған халықтың өршілдік ой-арманын меңзейтін, шытырман оқиғалы, ғажайып қиялды әңгімелер; тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, тәлім-тәрбиелік қызықты балалар ертегісі; өмірдің бұраң жолдары мен сан қайшылықтарын бақылай келіп түйген афористік топшылау – мақал, мәтелдер; әр алуан көңіл күйлерінің көлеңкесі – қара өлең, қайым өлеңдер; халық тұрмыс-салтының әрқилы жақтарын аңғартатын жар-жар, айтыс, сыңсу, қоштасу, беташар, бесік жырлары; өмір сабағы жазылмаған хат, басылмаған кітап есебінде болған үлгілі терме, өнегелі толғаулар; халық санасының сәбилік дәуірінің нақтылы сәулесі – ескі дінмен байланысты туған: күн жайлату, жылан арбау, бақсы жырлары тағы басқалармен қатар ауыз әдебиетінде халқымыздың басынан өткізген белгілі-белгілі тарихи кезеңдердің сүрлеуі дерлік, әсіресе, батырлар жыры – эпос, лиро-эпостар (ғашықтар жыры) көп және әр алуан.
Жұртшылығымызға мәлім батырлар жырларында бірнеше ғана эпизодтан құралған, батырдың бір ғана ерлігін көрсететін қысқа поэмалар («Базар»), әлденеше ерлік қимылдарды бір адамның басына жинақтап, оқиғаларын композициялық жағынан бір бүтін етіп шығарған ұзақ поэмалардың («Алпамыс», «Қобыланды») және әңгіме бір батырдың ғана ерлігі емес, көптеген батырдың ерліктерін жалғастыра суреттейтін эпопеялық эпостардың болу дерегі қазақ ауыз әдебиетінің әрі бай, әрі эпостық жыры марқайған ел екендігін аңғартады.
Бұлай болудың екі түрлі себебі бар: бірінші – өзінің даму жолдарында сан қайшылықтарды бастарынан кешіріп, ұзақ ғасырларда кездескен қиыншылықтарға мұқап қалмай, елдің өршілдік арманын дамыта берген халқымыздың рухани күшінің беріктігі; екінші - жазу өнерінің бізде кеш туып, мәдениеттен кенже қалуымыз.
Жазуы, баспасы жоқ елдерде сөз өнері – негізгі құрал екендігі белгілі. Ондай елдің ауыз әдебиеті сан алуан сыпаттарды өз бойына сыйғызады. Халық өмірге көзқарасын да, жастарға тәлім-тәрбие беру мәселесін де, ел басынан өткен тарихи жайттарды да, діни-наным, сенімдерін де сөз арқылы көпшілікке жеткізеді. Сондықтан сөз өнерін дамыту, оның мазмұнымен қатар, түр көркемдігіне ерекше көңіл бөлу жай машықтаудан туған нәрсе емес, өмір тілегінен туған нәрсе.
Қазақ ауыз әдебиетінің байлығы және көркемдік, мазмұндылығы революциядан бұрынғы орыстың ірі ғалымдарының да назарын аударды. Атақты орыс ғалымы, тюрколог, академик В.В.Радлов, Орта Азияның әйгілі зерттеушісі, ғалым Г.Н.Потанин тағы басқалар да қазақ фольклорын жоғары бағалады.
Ауыз әдебиетін зерттеуде кездесетін үлкен қиыншылықтың бірі – оның қай кез, қай дәуірде туған шығарма екендігін тап басып, дәл айту мүмкіншілігінің жоқтығы. Сондықтан ертеден жазылып қалған тарихы, литописі болмаған елдерде фольклорды зерттеу мәселесі айрықша сақтықты керек етеді.
Жалпы ауыз әдебиеті, оның ішінде эпостық жырлар өзінің жарыққа шыққан күндерінен бері талай ғасыр, талай заман, талай әлеуметтік топты да, таптарды да бастарынан өткізді. Демек, әртүрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес талай өзгерістердің де болуы сөзсіз. Кейбір эпостың алғашқы нұсқасы халықтық идеяны жыр етсе, кейіннен үстем таптың көзқарасын қолдаушы жыршы-ақындар өз табының идеясына бейімдеуі, жырды оқып шыққан адамдарға алдыңғы нұсқасынан басқа ұғым, басқаша тәлім-тәрбие беретін етуі мүмкін.
Б.Адамбаев қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде көлемі жағынан шағын жанр деп саналатын халық даналығы мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді ауқымды зерттеумен айналысты. Шешендік сөздердің және мақал-мәтелдердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы «Шешендік өнер» (1969), «Халық даналығы»(1976), «Қазақтың шешендік өнері»(1984) атты монографиялық зерттеу еңбектері шықты. Сондай-ақ, «Қазақ ертегілері» (1962), «Шешендік сөздер» (1967), «Ел аузынан» (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан.
ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демосфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер – көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет