7-8 дәріс тақырыбы



бет27/29
Дата14.12.2021
өлшемі310,57 Kb.
#100670
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ПШ лекция 7-15

Компоненттері:
- жалпы мәдениеттері; - пәнді меңгеруі; - әдістемені меңгеруі;
- білім беру философиясын меңгеруі;
- педагогикалық теориялар және тұжырымдамалар; - психологияны меңгеруі;
- педагогикалық технология мен инновацияларды меңгеруі; - әлеуметтану, философияны білуі; - студенттердің ойлау қызметі мен дамуы туралы білім.


  1. Гностикалық және зерттеушілік іскерлігі.




  1. Жобалық іскерлігі.




  1. Конструктивтік.




  1. Ұйымдастырушылық.




  1. Коммуникативтік.




  1. Тұлғаның бағыттылығы.




  1. Мінез құлқы және құзірет.




  1. Қабілеті.

Педагогикалық үдерістің даму барысындағы адамның жеке тұлғасын қалыптастыру мүмкіншіліктері, оның қоғамға қажетті азаматтық қасиеттерін тәрбиелеуге, мұғалімнің нақтылы заттың негізінде қарым-қатынастарды ұйымдастыру арқылы қалай жасаған ықпалына байланысты болады.


Ғылыми әдебиеттерде, өзіндік жұмыстар болмысы әр қырынан ашылады: оның орындалуын жетекшілердің тексеру жолын анықтау арқылы, оқу сабақтарын ұйымдастыру формаларын сипаттау, жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстар мақсатын айқындау. Бұлардан «студенттердің өзіндік жұмыстары» түсінігі әр түрлі ұғынылғандығын байқаймыз. Зерттеулерде берілетін анықтамаларда «студенттің өзіндік жұмысы» түсінігі былай түсіндіріледі:


  1. Кез-келген оқу әдісіне қажетті элемент ретінде (А. А. Газиев, Н. К. Кушков). Мұндай түсінік жоғары оқу орнындағы студенттің өзіндік жұмысының рөлін түсіндіреді.




  1. Жоғары оқу орнында оқыту әдісі, ол болашақ маманның дербес шығармашылықпен ойлауын қалыптастыруды, ғылыми қызығушылығын, қоғам мен арнайы білім қажеттілігін қамтамасыз етеді (В. Б. Бондаревский, И. И. Кобыляцкий, Н. В. Кузьмина, А. А. Мороз). Егер мақсаты туралы айтсақ, бұл анықтамамен келісуге болады, бірақ бұл да студенттердің өзіндік жұмыстарының мәнін аша алмайды.




    1. Оқу әрекетінің түрі (Я. Г. Гендлер, Р. А. Низамов). Мысалы, Я. Г. Гендлердің кандидаттық диссертациясында мынадай анықтама беріледі: «Студенттердің өзіндік жұмыстары – бұл олардың өз әрекетінің формасы, білімді игеру мен білік, дағдыларды үйрену, оқып-үйренушілердің саналы ақыл-ой, әрі дене әрекеттерінің өнімді және шығармашылық сипатта жүзеге асуы. Бірақ бұл оқытушылар тарапынан бақыланады, тапсырманы орындау қорытындысы мен мазмұнына, ұйымдастыру мақсатына сай қажетті кезеңде түзетіледі». Бұл анықтама практикалық, мұнан басқа әрекетте қолдануға қиындық келтіреді. Анықтамада өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру қыры белгіленген, бірақ студентке не оқытушыға қатыстылығы түсіндірілмеген.




    1. Көптеген зерттеушілер өзіндік жұмыстарды оқып-үйренушілердің танымдық әрекеттерімен теңестіреді. Мысалы, Ю. С. Пименов кандидаттық диссертациясында өзіндік жұмыстарды бағдарламалық білімді терең және саналы игеру, студент тұлғасы мен жақсы маманды жүйелі жұмыс процесінде қалыптастыру, шығармашылықпен ойлауды, білік, дағдыларды дамыту мен жетілдіруден тұратын әрекет ретінде түсіндіреді.

В. И. Толкуновтың айтуынша, студенттердің өзіндік жұмыстары


– білімді игеру мен білік-дағдыларды, тұлға сапасын қалыптастыру бойынша қойылған мақсатқа жетуге бағытталған саналы әрекет, ол мұғалімнің белгілі деңгейде қатысуымен (тапсырма беру, жетекшілік жасау, бақылау) не қатысуынсыз орындалады. Бұл анықтамаларда студенттердің өзіндік жұмыстарының неге бағытталатындығы айтылғанмен жоғары оқу орнындағы оқу процесінде алатын орны көрсетілмеген.
Кейбір педагогтар өзіндік жұмыс деп оқытушының қатысуынсыз орындалатын жұмыстарды ұғады. Мысалы, А. И. Мелюков бойынша, студенттердің өзіндік жұмыстары – біреудің тікелей көмегінсіз, өз бастамасы бойынша не тапсырма бойынша орындалатын студент әрекеті дейді. Бұл анықтамамен келісетін болсақ, онда студенттердің өзіндік жұмысын басқаруға болмайды.

«Жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың ерекшелігі – оның саналы реттелетіндігінде және педагогикалық мақсаттылығына сай ұйымдасқан бақылау жасалатындығында». Жоғарыда келтірілген анықтамалар өзіндік жұмысқа мынадай белгілер жататынын бөлуге мүмкіндік береді: нақты тапсырма және оны оқытушы дайындауы тиіс; тапсырма барлық студентке беріледі және оқытушының тікелей көмегінсіз орындалады бірақ оқытушының жетекшілігі үзілмейді; жұмыс қорытындысын оқытушы қадағалайды. Алайда мына сұрақтың басы ашылмайды: өзіндік жұмыс студент үшін қандай рөль атқарады, өзіндік жұмыстың оқытушы үшін қандай қажеттілігі бар, тапсырманы орындауға оқытушының қатысу деңгейі қалай өлшенеді, ол неге тәуелді? Оқытушы қолында оған өзіндік жұмыстарды студенттердің әр түрлі деңгейдегі әрекетіне сай ұйымдастыру үшін қажетті нұсқау болуы керек. Соған сай шығармашылық әрекет дағдысымен игерілген білігі, студенттер алған ақпараттың шығармашылықпен қайта өңделгені белгілі болуы шарт. Өзіндік әрекет сипаты да анықталмай қалған, оны оқып үйренуші өзіндік жұмыстарды орындауда көрсете білуі керек, авторлар бұл ретте анықтамаларында белсенділік пен дербестікті атап көрсетеді.


Келтірілген зерттеулер жоғары оқу орнындағы студенттің өзіндік жұмысы теориясын жасауға белгілі бір үлестерін қосады, бірақ мынадай сұрақтарға жауап берілмеген: оқып-үйренушілердің өзіндік танымдық әрекеттерін қалай ұйымдастыру керек, оны қалайша шығармашылық сипатқа көтеруге болады, дербестікті бірте-бірте дамытуды қалай жүзеге асыруға болады? Соңғы жылдары нақты анықталған және көпшілікке мойындалған жағдай мынадай: «Студенттердің өзіндік жұмыстары» түсінігі, оның жоғары оқу орнындағы мәнін, оқу процесіндегі орны мен рөлін ашу студенттердің өзіндік әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық талдауымен байланысты анықталады.
Кәсіби білім берудің қазіргі жағдайында студенттерден білім алумен оны шығармашылықпен іске асыру процесінде аса белсенділік танытуы, когнитивтік және тұлғалық мүмкіндіктерінің жоғары болуы, оқу-кәсіби іс-әрекетте өзінің жеке тәжірибесін қолайлы етіп, өзгерте алуы, өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі дамытуға әрқашан ұмтылыс танытуы, тұлға, маман ретінде даму тәсілдері мен аудиопсихитехникаларды оңтайлы меңгеруі, қарым-қатынаста компетенттілік, іс-әрекетте дербестік талап етіледі. Студент оқу-кәсіби іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болуы керек. Алайда бұл әлі де болса өзекті мәселе екені әдебиеттерге жасалған талдау мен іс-тәжірибеден белгілі. Мысалы, В. Т. Лисовский мәліметтері бойынша студенттердің тек 28,8 % ғана аудитория алдында сөз алғаннан жасқанбайды екен; ал пікірталасқа кірісе алатындары – 18,6 %; проблемаға талдама баға беретіндері 16,3% ғана көрінеді. Сондай-ақ, болашақ мамандардың тек 37,5% ғана жақсы оқуға талпыныс жасайды екен, ал 8% жақсы білім алуға мүлде құлқы жоқ, енжар жастар болып шыққан. Тіпті жақсы оқуға ұмтылатын студенттердің 67,2% үлгерімдері төмен болған. Ал, соңғы курсқа дейін студенттердің басым көпшілігі (шамамен 90%) шығармашылықпен өздігінен ойлаудың жоғары деңгейіне жете алмайтыны В. А. Якунин зерттеуінде келтіріледі. Соңғы жылдарда да бұл мәселе төңірегіндегі сандық көрсеткіштер өзгергенімен, студенттердің оқу-кәсіби іс-әрекеттегі белсенділіктері, жеке-дара дамуға қатынастары сол қалпында сияқты. Жалпы, зерттеу барысында болашақ мамандардың тіршілік әрекетіндегі, оқуындағы көптеген педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, тіпті экономикалық қиыншылықтарының астарында психологиялық проблемалар жиналатыны белгілі болды. Сондықтан болар, студенттік шақта жастардың өзін-өзі тануының, өзін іс жүзінде көрсете алуының, өзін-өзі актуалдандыруының пәрменді құралы ретінде психологиялық білімге деген зәруліктері, қажеттіліктері аса жоғары дәрежеде байқалады.
Жоғары оқу орнында психологиялық білім беру процесі студенттердің рухани өзіндік дамуының негізі болуы керек. Студенттерді психологиялық дайындау процесінде олардың тұрмыстық психологиялық білімдері, этномәдени ерекшеліктері барынша ескерілуі қажет. Сонда ғана статусы бойынша объективті және абстрактілі болатын ғылыми психологиялық білімнің жеке-даралық, тұлғалық, субъектілік құрылымға айналуы мүмкін болмақ.
Субъект пен объект арасындағы әрекет өзіндік танымдық әрекет процесі ретінде сипатталады және «... өзіндік жұмыстар оқу немесе студенттің ғылыми танымының құралы ретінде екі жақты сипатқа ие болады. Бір жағынан, бұл оқу тапсырмасы, яғни студент орындауға міндетті нәрсе, оның әрекетінің объектісі. Екінші жағынан, өзіндік жұмыстар студенттің үй тапсырмасына сай орындайтын нақты әрекет құралының көріну формасы». Мұндай студенттердің өзіндік әрекеттерін ұйымдастыру мен басқарудың арнайы сапасындағы өзіндік жұмыстар оқу процесінде ғылыми танымның әдісін, пәнін қамтуы тиіс.
Танымдық әрекеттің пәні ретінде өзіндік жұмыстардың қандай да түріне енетін тапсырма міндет жатады. Оқу тапсырмасын (міндетін) шешу мақсаты мен қорытындысы «... әрекет етуші субъектінің өзгерісінен тұрады, ол белгілі бір әрекет тәсілін игерген болуы тиіс». Әрекет тәсілі оқып-үйренушіге бұрыннан таныс емес жаңа білімді табуды, қолдануды не алынған білімді тереңдетуді, не шығармашылық әрекетте тәжірибе жинауды талап етеді. Осының ізімен студенттің дербестігі дамиды, оның кәсіби дайындығы жетіледі. Осындай міндетті өзіндік жұмыстардың әр типіне қоя отырып, оқытушы студенттің танымдық әрекеті сипатын және оның деңгейін жоспарлайды, міндет жағдайын анықтайтын танымдық процесті басқарады. Сондықтан Юхно бойынша өзіндік жұмыстар мәні танымдық міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады, олар нақты өзіндік жұмыстардың типі мен түріне сай мазмұнға ие болады.
Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты мен формасына, ұйымдастыру әдісі мен мазмұнына көңіл аударып, дидактикалық ерекшеліктерін қарастырайық:
а) «Өзіндік жұмыстар» терминіне түрліше мазмұн беріледі. Біріншіден, игеру процесін талдау барысындағы өзіндік жұмыстар
– бұл барлық оқытушылардың қажетті білімді игерудің барлық деңгейіндегі саналы әрекетінің түрі, екіншіден, өзіндік жұмыстар
– бұл оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы». Бұл анықтама бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының мақсаты – білімді игеру, ал әрекет түрі ретінде – ол әрі мақсатқа жету құралы мен шарты әрі сабақ формасы;
б) «оқу материалдары мен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстары бағдарламалық материалдарды терең әрі ақылмен игеруден тұрады, шығармашылық ойлауды, білік пен дағдыны дамытады, жетілдіреді; осындай жүйелі жұмыс процесінде жақсы маман мен студенттің барлық тұлғасы қалыптасады, басты коммунистік дүниетанымын, сезімі мен мінезін, ерік-жігерін қалыптастырады». Мұнда студент жұмысының объектісі – оқу материалы, мақсаты – білімді игеру. Бірақ Ю. С. Пименов оны «студент тұлғасын» тұтас қалыптастыратын құрал ретінде таниды (жұмыс 1958 жылы орындалған, бұл елеулі орынға ие). Бірақ бұл мақсат екінші кезекке ығыстырылған, ал алғашқы мақсат – білім.
в) В. Граф, И. И. Ильясов және В. Я. Ляудистің есептеуінше, «өзіндік жұмыстар оқытудың дидактикалық формасы ретінде оқушылардың оқу әрекетін басқаруды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайды ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Оқу әрекеті оқытушының қатысуынсыз, оның тікелей көмегінсіз жүзеге асады». Егер оқу әрекеті – субъектінің танымдық әрекетінің ерекше түрі екендігін ол интеллектуалды дағдылар мен біліктер, білімдер жиынтығын игеру мақсатында орындалатынын ескерсек, бұл анықтаманың дидактикалық мәнді талдауында автордың студенттерді басқару объектісі ретінде қарайтындығын көруге болады, мұнда студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың дидактикалық формасы ретінде көрінеді, яғни білімді тасымалдау, жеткізу формасы студенттердің әрекеті – басқарылатын әрекет, бұл студент әрекетін шектеу мүмкіндігі бар екендігін білдіреді, бұдан басқа оның басты мақсаты – білім игерумен байланысты да көрінеді. Байқағанымыздай, студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты мен мазмұны бұл анықтамада дәрісханалық сабақтардан айырмасыз берілген.
Л. И. Рубинский және И. И. Кобыляцкий студенттердің өзіндік жұмысын аудиториядан тыс оқу әрекетіне жатқызады: «Кейбір оқыту әдістері аудиториядан тыс оқу әрекетіне жатқызылады. Бұл әдістер студенттің толықтай дербестігі аудиториялық сабақтар мен консультациялар беру жүйесі арқылы (міндетті және қосымша әдебиеттерді өз бетінше оқу, түрлі жазбаша тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын орындау, реферат жазу, ғылыми баяндамалар мен хабарламалар дайындау) жүзеге асады, ал оқытушының жетекшілік рөлі жанама сипатта болады.
Бұл кезде өз бетінше жұмыс жасау дағдысын меңгермесе өзіндік жұмыстар процесін жетілдіруге тұрақты түрде ұмтылыс жасамаса ол жас маманның қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамыған кезіндегі кәсіби әрекетіне әсер етеді». Бұл анықтамада мынадай қарама-қайшылық бар: біріншіден, автор студенттердің өзіндік жұмысын оқу әрекетінің кейбір түріне жатқызады. Әрине, әрекет пен оқыту әдісін теңестіру дұрыс болып саналмайды. Студенттердің жұмыс объектілері дәстүрлі және «білімді жетілдіруге» бағытталған. Осылайша, студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты дәстүрлі, ал оның мәні оқу процесін нақты ұйымдастыру формасына сай келеді. Сол сияқты авторлардың «өзіндік жұмыс дағдыларын» қалыптастыру туралы пікірлері де өте маңызды деп саналады.
Студенттердің өзіндік жұмысының кеңірек ашылған түсінігі А. В. Петровскийдің оқу құралындағы мынадай толықтырулармен сабақтасады: «өзіндік жұмыстар ең алдымен, оқу жұмыстарының барлық түрлерін аяқтайды. Өзіндік оқу әрекетінің объектісіне айналмаған қандай да бір білім адамзат жетістігі болып саналмайды». Көріп отырғанымыздай, мұнда да студенттердің өзіндік жұмысы
– білім алу құралы. Бірақ одан әрі ой былайша өрбиді: «Өзіндік жұмыстар тек қана практикалық маңыздылыққа ие емес, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәнге ие: ол белгілі бір дағдылар мен біліктердің жиынтығын дербес қалыптастыру ғана емес, ол жоғары біліктілікке ие мамандардың қазіргі тұлғалық құрылымында маңызды роль атқаратын мінез негіздерін қалыптастырады». Өзіндік жұмыстар оқу жұмыстарының түріне жатады, соған сай оның мақсаты да аудиториялық сабақ мақсатындай болып қала береді, яғни білім игеру. Мұнда студенттердің өзіндік жұмысы – бұл білімдерді игерудің арнайы құралы және тұлғалық құрылым ретінде дербестікті қалыптастырады. Бірақ бұл дербестікті қалыптастыру жолын ашып көрсете алмайды.
Жоғарыда келтірілген және басқа да студенттердің өзіндік жұмысының анықтамаларын жалпылай отырып, В. А. Казаков оған сай келетін мына сипаттарды санамалап көрсетеді.


    1. Студенттердің өзіндік жұмысы оқу жұмыстарының «ерекше» түріне жатады;

Студенттердің өзіндік әрекеттері оқушының тапсырмасына сай жүргізіледі, яғни бұл әрекеттер тізімі тапсырма мазмұнына тәуелді; Дербестік бұл – белгілі бір біліктер мен дағдылардың жиынтығы; Студенттердің өзіндік жұмысы – оқу процесінің ұйымдасқан


формасы; Студенттердің өзіндік жұмысының негізгі мақсаты –
студенттердің білімді игеруі.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының дидактикалық аспектіде зерттелуі дидакт-ғалымдардың бұл проблеманы түрлі қырынан ашуына жағдай туғызды: өзіндік жұмыстар оқыту процесінде студенттердің танымдық әрекеттерін белсендіру жолдары ретінде (П. И. Пидкасистый), оқытуды саралау мен дербес оқыту формасы ретінде (И. Унт), жоғары оқу орны мен мектеп жұмыстарындағы міндетті сабақтастық жағдай (А. Н. Алексюк, О. Г. Мороз) және т.с.с. ретінде қаралады.
И. П. Пидкасистый өзіндік жұмыстарды «оқу сабақтарының ерекше түрі» ретінде қарастырады. Бұл кезде өзіндік жұмыстар дидактикалық құбылыс ретінде екі жақсы сапаға ие: студенттің (әрекет объектісінің) оқу тапсырмасы және «есінің, ойлаудың, шығармашылық бейнелеудің оқу тапсырмасын орындау кезінде сай келетін әрекеттің формасы, ол ақыр соңында студенттің бұрын таныс емес жаңа білімді игеруін туғызады немесе алынған білімді әрекет аясына сай кеңейтеді, тереңдетеді».
Автордың оқушының алған «білімі» дегенге көңіл аударғанын назарда ұстау керек. Мұнан әрі ой былай өрбиді: «Өзіндік жұмыстар оқу процесінде арнайы педагогикалық құрал ретінде оқушының өзіндік әрекетін басқару мен ұйымдастыруға қатысады, соған сай ол пәнді және ғылыми таным әдісін қамтиды». Мұнан И. П. Пидкасистыйдың негізгі концепциясы көрінеді: оқушы әрекеті оның қандай әрекетті игеретіндігіне байланысты дербес немесе дербес емес болуы мүмкін. Егер оқушы тапсырма орындауда бар мәліметтерді іріктеу арқылы техникалық операцияларды орындаса және «тапсырма шартына оны бейімдесе», онда бұл әрекеттер (бірінші топтағы) оқушының дербес емес әрекетін құрайды. Екінші топ әрекеті жалпы алғанда мынаған саяды: жаңа фактіні, құбылысты табу және оның сипаттамасын беру; фактілерді жүйелеу; өте белгілі нәрсенің басқаларға белгісіз тұстарын көре білу; фактілер мен олардың қызметтік сипаттамасы арасындағы байланысты таба білу; белгілі және жаңа анықталған фактілерді сабақтастыру; олардың практикалық әрекет аясына шығу жолын іздестіру; заттық (пәндік) байланыстар орнату, салыстыру, салғастыру, қарама-қарсы қою негізінде жалпылау көмегімен ғылыми фактілер мен олардың мәнін ашу жолын іздеп табу; өзгеріске түскен жағдайларда міндетті шешу; проблемалар қалыптастыру, жұмыс болжамын анықтау; шешім таңдау, шешімді бағалау; шешімді тексеру жолын іздеу т.б.
Екінші топ әрекетін құрастыратын негіз, әрекет, «оқушының дербес әрекеті» ретінде анықталады. Бұл әрекеттер құрамын талдау, олардың жиынтығын кез-келген ғылыми міндет шешімінің алгоритмі ретінде көрсетеді. Бұл жерде концепция авторы мынадай жағдайды нақтылайды: «оқушының өзіндік әрекетінің негізі әрекеттің мақсаты, мазмұны мен әрекетті басқару мақсатының толық сай келуіне тәуелді». Сонымен қатар өзіндік жұмыстар
– оқу құралы, әрі оқу-ғылыми таным формасы. Осылайша, И. П. Пидкасистыйдың еңбегінде өзіндік жұмыстар «дидактикалық құбылыс» ретінде қаралады, ол оқушының «оқу тапсырмасы» ретінде және оқу тапсырмасын орындаудағы ойлау әрекетінің көріну формасы ретінде де сипатталады.
В. А. Казаков бұл тұжырымдамасының негізі ретінде тапсырма мазмұндылығын атап көрсетеді. Сонымен қатар оқушылар өз дербестіктерін оқытушы берген тапсырманы орындау кезінде ғана көрсетеді және әрекет мазмұнының шегі олардың өздерімен де орындалуы мүмкін. Мұның бәрі тұлғаның қалыптасуын шектейді, өйткені мұнда дербес танымдық әрекетті жандандыру көзделеді. Біздің түсінігімізше, дербестікті тұлға кескіні ретінде қалыптастыру оқушының кең әрекет аясына енуін талап етеді. Ол «екінші топ» әрекеттерінің тізімін игеруге жоспарланғаннан да кең болуы қажет және тапсырма мазмұнын анықтайды. Жоғарыдағы талдаудан мынадай түйін түюге болады: П. И. Пидкасистыйдың жұмысында өзіндік жұмыстар дегеніміз – бұл оқушының тапсырманы орындауы. Оны орындаудағы оқушы әрекеті осы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын мұғалім ұйымдастырады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мақсаты дәстүрлі, яғни білім мен білікті игеру күйінде қалады. Бұл жол жоғары оқу орнында да, мектептерде де жүзеге асады, басқаша айтқанда қазіргі білім беру жүйесінің кез келген деңгейіне тән болып табылады.
П. И. Пидкасистыйдың «өзіндік жұмыстар» мен «дербес танымдық әрекет» түсініктерін тұтас қарастырған пікірлеріне талдау жасау қажет. Шынында да, егер оқушылардың өзіндік жұмыстарын дидактикалық құрал деп қарасақ, онда ол ақылды, саналы ой. Бірақ мынаны ескеру керек: П. И. Пидкасистыйдың түйіндеуінше, өзіндік әрекеттің басты міндетіне «екінші топтың» әрекеттері кіреді, оқушылардың өзіндік жұмыстары – мұғалім тапсырмасын мұғалімнің жетекшілігімен орындаудағы әрекетін ұйымдастыру құралы. Бұл қорытындыдан туатын ой: студенттердің өзіндік жұмысы мен оқушылардың өзіндік жұмыстарын қарастыру жолдарында айтарлықтай айырма жоқ. Студенттердің өзіндік жұмысына қатынас толығымен мектепке арналған дидактикалық еңбектерде қалыптасты.

Дидактика оқыту мен білім беру теориясы ретінде білім мақсаты, мазмұны, оқыту формасы мен әдіс-тәсілдері сияқты категорияларды енгізеді. Әрине, бұл категориялар жалпы білім беру кезеңдерінде бірдей бола алмайды. Жоғары мектепте адам тек жоғары біліктілікке ие мамандық алып қана шықпайды, сонымен қатар, қоғам талабына сай сипатқа ие тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Егер олай болса, студенттердің өзіндік жұмыстарының дидактикасы жоғары оқу орны мен мектеп оқушысының мінезіндегі жас ерекшеліктеріне сай айырманы, оқу үдерісіне сай жүзеге асыратын оқу мақсатын, формасы мен әдістерін т.б. ескеруі тиіс.


Шетелдік дидактиктер де «өзіндік жұмыстар» түсінігінің ерекшелігін ескеріп қабылдайды. Мысалы, ГФР-де өзіндік жұмыстардың мынадай қырларын бөліп көрсетеді: жанама оқыту, мұғалім жетекшілігінің жанамалық түріндегі оқушы жұмысы, мұғалімнің директивті жетекшілігімен тікелей оқыту; «тыныш жұмыс», оңашаланған және тыныштықта орындалатын өзіндік жұмыс, оқушының «еркін» ақыл-ой жұмысы. Бұл мақсатты және оған жету жолы оқушының өз таңдауымен сипатталады. Франция педагогтары «дербес жұмыс», «еркін әрекет» терминдерін қолданады, бұлар оқушы бастамасы мен қызығушылығын танытады. АҚШ дидактиктерінің бұл проблемадағы қарама-қайшы екі көзқарасын бөліп көрсетуге болады: мұғалімнің тиянақты жетекшілігімен оқыту; тәуелсіз оқыту, бұл кезде оқушы бағдарлама құқығына ие. Тұтастай алғандай шетелдік дидактиктердің оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формасы мен мазмұнына қатысты түрлі ойларын қарастыруға болады.
Отандық және шетелдік педагогтар көзқарастарын ескере отырып, бұл педагогикалық проблеманы, яғни өзіндік жұмыстарды оқу жұмысының құралы есебінде қарастыруға болады және:


  1. оқушыларға оқу тапсырмалары ұсынылады және оны орындауға нұсқау қоса беріледі;

  2. жұмыс мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның жетекшілігімен жүргізіледі;

  3. жұмысты орындау оқушыдан ақыл-ой күшін жұмсауды талап

етеді.
Бұл анықтамада өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жағы ашылған, бірақ оның мазмұны қалыс қалған, жұмыс мазмұнында «ақыл-ой күшін жұмсау» қажеттігі ишара етілген, осы арқылы тапсырма мазмұны анықталады».

А. В. Петровский жетекшілігімен жүргізілген зерттеулерде СӨЖ ұйымдастыру барысында тұлға ұғымы төмендегідей үш ерекшелікті ескереді: интратұлғалық, интертұлғалық және метатұлғалық.
Интратұлғалық әдісте тұлға жеке тұлғаға тән, одан бөлінбейтін қасиет ретінде қарастырылады, дербестік тұлғаның болмысына тікелей қатысты деп есептеледі. Интертұлғалық әдіс дербестікті тұлғаның болмысынан бөліп, оны тұлға аралық байланыс кеңістігінде қарастырады. Метатұлғалық әдіс тұлғаны тек дербестік объектісі шеңберінен шығарып қана қоймайды, сонымен бірге тұлғаны басқа тұлғамен байланыста қарайды, сөйтіп оны басқа тұлғалардың болмыстық кеңістігіне енгізеді. Тұлға субъектісінің басқа тұлғаға әсері, сонымен бірге, субъектінің өзіне деген үлесі болып табылады. Бұдан тұлға қалыптасуының маңызды шарттарының бірі тұлғаны басқа тұлғалармен әртүрлі байланыста қарау болып табылатынын көруге болады, себебі тек тұлға аралық байланыстар арқылы ғана адамның өзіне «басқа адам» ретінде қарауы қалыптасады, бұл өз кезегінде тұлғаның өзіне басқаларға және басқа да әртүрлі құбылыстарға деген көзқарасын өз бетімен реттеуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, дербестіктің, оның ішінде танымдық дербестіктің басқа компоненті тұлға аралық қатынастар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет