7. Жобаның өмірлік айналымы анықтамасы және фазалары мен сатылары


Басқару, шешімдер қабылдау және жұртшылықпен байланыс жүйесіндегі талдамалық қызмет



бет2/6
Дата16.05.2022
өлшемі22,03 Kb.
#143497
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-13 Айдана

8. Басқару, шешімдер қабылдау және жұртшылықпен байланыс жүйесіндегі талдамалық қызмет


9. Әлеуметтік процестерді басқарудағы жағдайды талдаудың рөлі, байланыс кеңістігін қалыптастыру және пайдалану. 
Әлеуметтік басқару — жалпы басқару типтерінің бір түрі, оны зерттеумен кибернетика айналысады. Басқару — біріншіден, күрделі жүйеге мақсатты бағытталған әсерлі әрекет ету, екіншіден, әр түрлі табиғи жүйелердің (биологиялық, технологиялық, әлеуметтік) бүтіндігін қамтамасыз ететін ұйымдастырылған функциясы, яғни алдарында тұрған мақсаттарға қол жеткізу, олардың құрылымын сақтау, олардың қызметінің қолайлы режимін ұстап тұру.
Қоғам өз алдына күрделі құрылымды және түрлі жеке өзгерістерді қамтитын бүтін организм. Әлеуметтік процестердің жалпы байланысы мен бірлігінің қажеттілігі осында. Ол қоғамның бір қалыпты қызмет етуі мен жетілуінің бірден-бір бастапқы жағдайы болып саналады.
Әлеуметтік басқару қоғамдың өмірдің белгісі ретінде жалпы белгілермен, басқару ғылымының категориясы ретінде, сонымен бірге қоғамдық өмірдің ұйымдастыру ерекшеліктерімен де кескінделінеді. Айрықша мағынасы жағынан мыналар саналады:
Біріншіден — әлеуметтік басқару тек адамдардың бірлескен қызметі бар жерде ғана болады, өзімен-өзі мұндай қызмет (өндірістік басқа да) әлі де олардың қатысушыларының алдарында тұрған жалпы міндеттерін үзіліссіз және тиімді орындауда жалпы мақсатқа жетуін қамтамасыз ете алмайды. Басқару адамдардың бір ұйымда бірлесіп қызмет істеулерін ұйымдастырады және оларды ұйымдастырылған ретте бекітеді.
Екіншіден — әлеуметтік тәртіпке әсер етеді. Онымен бірлескен қызметке қатынасушылардың жеке әрекеттерінің келісімділігі қамтамасыз етіледі. Осы қызметті реттеуіне қажетті жалпы функциялар орындалады (мысалы, жоспарлау, үйлесімдік, бақылау).
Үшіншіден — әлеуметтік басқарудың әсер етуінің басты нысаны болып, бірлескен қызметке қатысушылардың мінез-құлқы және олардың қарым-қатынасы саналады. Бұл саналы еріктік сипаттағы категория, онда адамдардың мінез-құлқын басқару жүзеге асырылады.Сөйтіп, әлеуметтік басқарудың негізгі мазмұны адамдардың ұжымдың қызметіне мақсатты бағытталған, ұйымдастырушылық әсер ету және жалпы міндеттерді шешу процесінде бірлескен шешімнің әрекеттерін келістіру болып саналады.
«Мемлекеттік басқару» ұғымының анықтамасын, әр түрлі көзқарастармен белгілеуге болады. Кейде басқару сот төрелігі не заң шығарушылың болып саналмайтын мемлекеттік қызмет ретінде анықталады. Өйткені, басқару мемлекеттік немесе басқа да мемлекеттік билік субъектілерінің сот төрелігі мен заңшығарушылық шегінен тысқары жүзеге асырылатын қызмет түрі ретінде анықталынады.
Міне, жоғарыда аталған негізде мемлекеттік аппарат құруды мемлекеттік биліктің еркін білдіретін органдар жиынтығының осыған байланысты, осы аппарат шеңберінде мемлекеттік міндет пен функцияларын жүзеге асыруға байланысты, мемлекеттік билікті басқару органдарын және сот органдарын бөлудің конституциялың түрде шеңберін көрсетіп отыр.
Сонымен, мемлекеттік билік органдары мемлекеттік және қоғамдық өмірдің айрықша маңызды сұрақтарын заңдар (заңдар жасау) түрінде шешеді. Мемлекеттік басқару органдары негізінде заңының жүзеге асырылуын (оларды орындалуын) атқарады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет