Қорытынды:Ауырлық күші артқан сайын жіптің ұзаруы артады.Денені екі жіпке қатар ілгенде жіптің ұзаруы азаяды.Себебі резеңкенің қатаңдығы артады.
№ 5 жұмыс.
Архимед заңын тексеру.
1 – тапсырма. Су ішіндегі массасы 100г денеге әрекет ететін ығыс-тырушы күшті анықтау.
Құрал – жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамо-метр, мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы:
-
Мензурка көмегімен жүктің Vg көлемін анықтаңдар
-
Дененің өлшенген Vg көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
-
Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадығы салмағының) мәнін табыңдар.
-
Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
-
Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? (тең)
-
Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
-
Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
P0=mg=ρcVg=9*10-3; P=0.6H; P2=0.5H; F A=g ρV=P0
Қорытынды:Дене ығыстырған сұйықтың салмағы мен ығыстырушы күш тең болатынына көз жеткізу.
-
Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |