процесс рекомбинация деп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін – бірі
теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады. Егер электролитке
қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты ( катод – теріс зарядталған, анод – оң
зарядталған ) енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады. оң
иондар қатодқа қарай, теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Ендеше, электролиттердегі
зарядтарды тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып табылады. Электролиттердегі электр
тогы дегеніміз - оң және теріс иондардың қарама –қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.
Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп
аталады. Электролиз заңы: Сонымен , тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде
электродтарда зат бөліну құбылысы электролиз деп аталады.Әр түрлі электролиттерден түрліше
токтарды өткізіп және соның барасында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып
ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:
«Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд)
мөлшеріне пропорционал.» Бұл заң Фарадей заңы деп аталады: m = kq ; m=kIt
m- бөлініп шыққан заттың массасы.
k- берілген заттың электрохимиялық эквиваленті: k= m /q ( кг/Кл)
q- электролит арқылы өткен заряд.
«Заттың электрохимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1Кл заряд өткенде
электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең.» k= m /q ( кг/Кл)
Достарыңызбен бөлісу: |