8 дәріс «Керамикалық материалдары мен бұйымдары»


Қышқылға төзімді бұйымдар



бет10/10
Дата15.10.2023
өлшемі46,73 Kb.
#185613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 -1 дәріс. Керамикалық материалдары мен бұйымдары

5. Қышқылға төзімді бұйымдар үш түрлі:
– қышқылға төзімді кірпіш: маркалары 150-250, қышқылға
төзімділігі 92-96%-тен кем емес, су сіңіргіштігі 8-22%-тен артық емес;
– қышқылға төзімді плиталар: маркасы 300, қышқылға төзімділігі
96-98%, су сіңіргіштігі 6-9%-тен жоғары емес;
– қышқылға төзімді құбырлар: маркалары 300-400, қышқылға
төзімділігі 97-98%-тен аз емес, су сіңіргіштігі 3-5% көп емес.
Қышқылға төзімділік дегеніміз – бұйымдардың қышқылдарда
(фторлы-сутекті қышқылдан – HF басқа) жəне сілтілерде ерімеуі.
Кірпіштер мен плиткалар химия зауыттарының резервуарларының
бетін, еденін тыстамалау үшін қолданылады. Ал құбырлар
қышқылдарды 0,3 МПа-дан жоғары емес қысым күшімен басқа жерге
жеткізу үшін пайдаланылады. Қышқылға төзімді бұйымдарды өндіру
үшін химиялық төзімділігін кемітетін қоспалардан (карбонаттардан,
гипстен, т.б.) ажыратылған 1200оС мөлшерінде пісетін балышқтар
пайдаланылады.
6. Отқа төзімді бұйымдар өндіріс пештерінің қабырғасын,
күмбезін (пештің жалын тиетін имек төбесін) жəне табанын тыстау
(қалау) үшін қолданылады. Химиялық жəне минералдық құрамына
сəйкес оларды екі топқа бөледі: кремнийлі жəне алюмосиликатты отқа
төзімді бұйымдар.Кремнийлілердің кең тараған түрлерінің бірі – динас деп
аталатын тридимитті кристобалитті отқа төзімді материал. Ол кварцит
жыныстар (кварцит, кварцты құм, маршалит) негізінде өндіріледі.
Династың құрамында кремнийдің оксиді (SiO2) 93 пайыздан кем
болмауы қажет. Отқа төзімділігі 1600-1700оС; одан болат, шыны мен
кокс өндіретін пештердің күмбезі жасалады. Алюмосиликаттық
бұйымдардың ішінде ең отқа төзімдісі көп глиноземді бұйымдар.
Бұлардың құрамында 45 %-дан көп глинозем бар; соңғының
мөлшеріне сəйкес бұйымдардың отқа төзімділігі – 1450-1725оС
аралығында болады. Олармен шыны балқытқыш жəне домна (шойын
балқытқынанш) пештерді тыстайды.
7.Дренажды керамикалық құбырларды ішкі диаметрі 25-250мм, ұзындығы 333, 500, 1000мм, қабырғасының қалыңдығы 8-24мм болатын отырғыш қоспасымен немесе қоспасыз балшықтан дайындалады. Олар кірпіш немесе арнаулы зауыттарда өндіріледі. Дренажды керамикалық құбырлар құрғату-ылғалдау және суландыру жүйелері, коллекторлы-дренажды су бұру құрылысына қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет