1. Иленгіштігі. Саз сумен араластырғанда иленгіш қамырға айналады. Иленгіштік деп – саздың қамыр күйінде сыртқы күштің əсерінен керек форманы ажырамай (үзіліссіз), шытынамай (қуыссыз)қабылдап, оны кептірген жəне күйдіргеннен кейін сақтау қасиетін атайды.Иленгіштіктің техникалық көрсеткіші пластикалық санмен (Пл) сипатталынады.
Пл = Wa – Wш;
мұндағы – қатырмен аққыштық жəне ширатылған (иірленгіш) шектеріне сай ылғалдықтың мөлшері, % (4.1-сурет). Керамикалық бұйымдар өндіру үшін иленгіштігі орташа, пластикалық саны 7-15 аралығындағы саздар пайдаланылады. Иленгіштігі аз балшықтар (Пл 7-ден төмен) қалыптанбайды, ал өте иленгіш саздар (Пл 7-ден жоғары) кептіргенде шытынайды. 2. Шөгуі(тығыздануы немесе бұйымның отырғыштығы) деп – қамырды (бұйымды) ауада кептіріп, отта күйдіргенде оның сызық өлшемдері мен көлемінің кішіреюін айтады. Отырғыштық – бұйымның алғашқы өлшемдерінен, процент арқылы анықталынады. Əдетте бұйым 3%-тен 18%-ке дейін шөгеді, осыған сай өлшемі стандартта көрсетілгендей, бұйым алу үшін форманың (қалыптың) көлемі ұлғайтылады. Бұйымның шөгуі – қамырды кептіргенде ылғал (су) бөлініп, ал күйдіргенде – оның балқығыш құрамы басқа балқымайтын бөлшектерді өзіне тартуы əсерінен пайда болады. 3. Пісуідеп – күйдіргенде саздың тығыздығы өсіп (жоғарыда көрсетілгендей, құрамындағы кейбір оңай балқитын бөлшектері балқып, балқымаған бөлшектерді өзіне ығыстыру əсерінен), тас тəрізді денеге айналуын айтады. Жоғары температураның тигізетін əсеріне байланысты балшықтар үш түрге бөлінеді: отқа төзімді – балқу температурасы 1580оС-тан жоғары (таза каолинитті жəне монтмориллонитті
балшықтар, мысалы таза каолинит 1770оС-та балқиды), баяу
балқитын – балқу температурасы 1350-1580оС аралығында (құрамында біраз кварц, дала шпаты, слюда, карбонат, т.б. қоспалар бар балшықтар); оңай балқитын, балқу температурасы 1350оС-тан төмен (жоғарыда көрсетілген, т.б. қоспалары көбірек балшықтар). Балшықтардың бірінші түрі көбінесе фарфор, фаянс жəне отқа төзімді бұйымдар алу үшін пайдаланылады. Екінші түрі – едендік тас, канализациялық құбырлар мен осыларға құрамы ұқсас бұйымдар өндірісінде қолданылады. Үшінші түрі – кəдімгі кірпіш, черепица, т.б. бұйымдар өндіру үшін пайдаланылады. Осы келтірілген түрлі балшықтардың сипаттамасына байланысты, пісу интервалы да əртүрлі. Мысалы, оңай балқитын балшықтардың пісу интервалы 50-100оС аралығында, ал отқа төзімді балшықтардікі – 400оС.