8 дәріс «Керамикалық материалдары мен бұйымдары»



бет9/10
Дата15.10.2023
өлшемі46,73 Kb.
#185613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 -1 дәріс. Керамикалық материалдары мен бұйымдары

3. Жолдық кірпіш (немесе клинкер кірпіші) қиын балқитын
балшықтарды піскенше күйдіру арқылы шығарылады. Өлшемдері
220х110х65 мм немесе 220х110х75 мм; маркалары М400, М600 жəне
М1000 (сығуға беріктілігі бойынша); су сіңіргіштігі 2-6%; аязға
төзімділігі 50-100 тоңазыту мен жібіту цикліне тең. Клинкер кірпішін
жол мен тротуардың бетін, өндіріс ғимараттарының объектілерінің)
еденін, канализация коллекторын құру үшін қолданады.
4. Санитарлық-техника бұйымдары. Бұларды (ванна, унитаз,
қол жуғыштар, су ағызатын бактар, т.б.) фаянстан, жартылай фарфор
мен фарфордан жасайды. Ол үшін күйдіргенде ақ түсін өзгертпейтін,
отқа төзімді жəне каолинитті балшықтар, кварц пен дала шпаттары
қолданылады. Бұл қоспалардың көп қолданылатын рецепті мен одан
алынатын бұйымдардың негізгі қасиеттері 4.1-кестеде көрсетілген.

4.1-кестеКерамикалық массаның үлгілі құрамы мен бұйымдардыңфизика-механикалық қасиеттері





Көрсеткіштер

Фаянс

Жартылай
фарфор

Санитарлық-техника
фарфоры

Құрамы, массалық %-пен:
балшықты материалдар

45-65

40-50

40-60

кварц

25-40

40-45

20-30

дала шпаты

10-15

10-15

20-30

Қасиеттері:
орташа тығыздығы, кг/м3

1920-1960

2000-2200

2250-2300

су сіңіргіштігі, %

10-12

3-5

0,2-0,5

сығуға беріктігі, МПа

100 дейн

150-200

500 дейн

созуға беріктігі, МПа

15-30

38-43

70-80

Санитарлық бұйымдар, негізінде фаянстан жасалынады. Ол үшін


қолданылатын шикізаттар пайдасыз қоспалардан тазартылып,
майдаланып, сумен араластырыған соң қоюлығы қаймақтай шликер
деп аталатын суспензияға айналдырылады. Гипстен жасалған
формуларға шликерді құйып, қажетті мүсіні бар бұйымдар жасады.
Шликердегі судың көпшілігін гипс өз бойына сіңіріп болғаннан кейін,
жасалынған бұйым қалыптан босатылып, алдымен ауада, кейін
кептіргіште құрғатылады. Ылғалдылығы 1-2%.Бұйымдар глазурь қабатымен жабылады, одан кейін 1250-1300оС-та күйдіріледі. Глазурьленген бұйымдар су сіңірмейді.Өлшемдері ірі бұйымдарды (ванналар, жуынғыштар, т.б.) өндірудешамотты фаянс қолданылады: кварцтің орнына 10-15% шамот
пайдаланылады.Жартылай фарфор фаянспен салыстырғанда, күйдіргенде көбірекпіседі (су сіңіргіштігі 3-5% ал фарфор одан да тығызырақ, су
сіңіргіштігі 0,2-0,5%) жəне берік (500 МПа дейін) болғандықтан,
фарфордан қабырғалары жұқа бұйымдар өндіруге болады. Қазақстанда
техникалық фарфор зауыты бұрын Атбасарда болса, қазір Ақмолада,
Алматыда бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет